|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) «Қазқұрылысжүйесi» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi өндiрiстiк, азаматтық және жол құрылысы, құрылыс, әрлеу және қаптау материалдарын, сантехника өндiру, жобалау жұмыстары болып белгіленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен: ҚР Үкіметінің 2005.06.20. № 594 қаулысымен 1 тармақша өзгертілді 1) Қоғамның жарғылық капиталын Кәсiпорынның мүлкi есебiнен 107585000 (бір жүз жеті миллион бес жүз сексен бес мың) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды қамтамасыз етсiн; 2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғысын бекiтудi қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және пайдалану құқығын беру туралы ұсынысына келісім берілсін. 6. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгеріс пен толықтырулар бекітілсiн. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне енгiзілетiн өзгерiс пен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында: көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазқұрылысжүйесi» АҚ». 3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: «Астана қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрі 21-60-жолмен толықтырылсын: «21-60. «Қазқұрылысжүйесi» АҚ». 4. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетiлген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмірі 238-8-жолмен толықтырылсын: «238-8. «Қазқұрылыс жүйесi» АҚ».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |