|
|
|
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының 370-қосымшасында: 4 және 5-тармақтар мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына бір жолғы жәрдемақы төлеу және 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу."; "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанының реттік нөмірі 3-жолында: 2) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына біржолғы жәрдемақы төлеу."; 3) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу."; 7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына бір жолғы жәрдемақы төлеу және 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |