|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 369, 370, 371-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 369-қосымша 605 - Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Көшi-қон және демография саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 104999 мың теңге (бір жүз төрт миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 9, 21-25-баптары; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппарат жұмысын жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі Агенттiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 шiлдедегі № 1020 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгiнiң аппаратының қызметiн қамтамасыз ету және оның аумақтық органдарының аппаратын ұстау; өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласында білім беру бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық білімдердi, ұқсата бiлу мен дағдыны жаңғырту; Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiктiң орталық аппаратының бухгалтерлiк есеп жүйесiн жетiлдiру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгiнiң орталық аппаратына және оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшiлердің кәсiби біліктiлiгiн арттыру; бухгалтерлiк есеп үшiн программалық өнiмдердi сатып алу, Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiктiң ақпараттық жүйесi мен жергiлiктi мiндеттерiн қамту. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгiне және оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды сапалы және дер кезiнде орындау; мемлекеттің экономикалық жағдайларына сәйкес мемлекеттік қызметшiлердi кәсiби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру. Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 370-қосымша 605 - Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтiк қорғау" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 6973798 мың теңге (алты миллиард тоғыз жүз жетпiс үш миллион жетi жүз тоқсан сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы; "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнген қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы ереженi бекіту туралы" 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.24.12. № 197ап қаулыларымен 4-тармақ өзгерді 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2004 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша өзiнiң тарихи отанына қайтып оралған этникалық қазақтарды жайластыру жолымен демографиялық ахуалды жақсарту және Қазақстан Республикасы халқының санын өсiру және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу. Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына бір жолғы жәрдемақы төлеу және 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.24.12. № 197ап қаулыларымен 5-тармақ өзгерді 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Оралмандарды қоныстандыруды ұйымдастыру және әлеуметтiк қорғау, сондай-ақ 2004 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшін тұрғын үй сатып алу. Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына бір жолғы жәрдемақы төлеу және 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.24.12. № 197ап қаулыларымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.24.12. № 197ап қаулыларымен 7-тармақ өзгерді 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 2004 жылы келетiн оралмандар отбасы - 10000, оның iшiнде ұйымдасқан түрде келетіні - 780, өз бетінше келетіні - 9220; ұйымдасқан түрде қоныс аудару бойынша көлiк шығындарының орнын толтыру және өз бетiнше келгендердiң көлiк шығындарын өтеу; 2004 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандардың 10000 отбасына бiржолғы жәрдемақының дер кезiнде төлеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу. Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына бір жолғы жәрдемақы төлеу және 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу. Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 371-қосымша 605 - Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн құру деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты 1. Құны: 6354 мың теңге (алты миллион үш жүз елу төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi қаулысы № 1020. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Оралман" Деректер Банкiн (Салық комитетiнiң "Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмi (СТ және СО) жүйесiн енгізу жөніндегі талаптарын ескере отырып) дамыту және Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгiн материалдық-техникалық жарақтандыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн жетiлдiру және дамыту. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: - басқа мемлекеттік органдарда әзiрленген дерекқорлармен қолда бар "Оралман" Дерекқорларын бiрiктiру; - факстiк хабарламаларды беру телефонмен сөйлесу шығындарын азайту; - берiлетiн деректердi қорғау және сақталу; - Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгi жұмысының өнiмдiлiгiн арттыру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |