Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң
2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж.
30 мамырдағы N 600 қаулысы
Осы редакция ҚР 28.10.02 ж. N 1147 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы N 201 өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарының басшылары Жоспарда анықталған iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және олардың орындалуы туралы ақпаратты жыл сайын маусымның 30-ына және желтоқсанның 30-ына Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағанбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 30 мамырдағы N 600
қаулысымен Бекітілген
Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің
2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар
Жоспары
Р/с N | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі |
| Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру |
1 | Жұмысты үйлестiрудi және қо- сарланушылықты болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында экономикалық қылмыстарға қарсы күрестi реттейтiн ве- домстволық нормативтiк кесiм- дерге тексеру жүргiзу | Үкіметке ақпарат беру | ҚПА, ІІМ, МКМ, БП (келісім бойынша) | 2002 жылғы 2-тоқсан |
2 | Қылмыстық кодекске және Әкiм- шiлiк құқық бұзушылық туралы кодекске салықтық қылмыс пен құқық бұзушылықты нақтылау және құрамын айқын бөлшектеу бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу | Заң жобасы | ҚПА, МКМ | 2002 жылғы 2-тоқсан |
3 | Мыналарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу: - Қылмыстық кодекске санк. цияны "үнемдеу" бөлiгiнде; - Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне экономика саласын- дағы қылмыстар туралы арыз- дарды және хабарламаларды қарау мерзiмiн өзгерту жөнiнде | Заң жобасы | ҚПА, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2003 жылғы 2-тоқсан |
4 | "Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы iс-әрекет туралы" Заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу | Заң жобасы | ХБ (келісім бойынша), ҚПА және басқа мүдделі министрліктер мен ведомстволар | 2003 жыл |
| Практикалық қызмет |
5 | Экономикалық қылмыс бағыт- тарының өрiстеу мониторингi және оның алдын алу жөнiндегi шараларды әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының caраптама топтарын құру | Бұйрық | ҚПА, ІІМ, МКМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | 2002-2003 жылдар |
| Салық салу саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес |
6 | Республиканың арнайы мони- торинг режимiнде тұрған iрi кәсiпорындары қызметiне және салықтар түсiмiне жүйелi талдау жүргiзу | Үкіметке ақпарат беру | МКМ | Тоқсан сайын |
| Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес |
7 | Негiзгi экспортшылар мәмi- лелерiне мониторингті және экспортқа өткiзу кезiнде трансферттiк баға- ларды қолдануға бақылауды жүзеге асыру | Үкіметке ақпарат беру | МКМ Тоқсан сайын |
8 | Тауарларды контрабандалық әкелудiң (әкетудiң) алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған iс-шара- ларды, соның iшiнде "Бақты", "Достық", "Қорғас", "Майқап- шағай" шекаралық кедендерiнде жүргiзу | Үкіметке ақпарат беру | БП (келісім бойы- нша), ІІМ, ҚПА, МКМ, ҰҚК (келі- сім бойынша) | 2002-2003 жылдар |
| Жалған және қасақана банкроттықпен байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы күрес |
9 | "Қасақана және жалған банкроттық фактiлердiң алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу бойынша мем- лекеттiк органдардың өзара ic-қимылы туралы" бiрлескен бұйрық әзiрлеу | Бұйрық | МКМ, ҚПА | 2002 жылғы 3-тоқсан |
10 | Жалған және қасақана банкрот- тық фактілерін анықтауға бағытталған іс-шараларды жүргізу | Үкiметке ақпарат беру | МКМ, ҚПА | 2002 жылғы 2-ші жарты- жылдық |
| Акцизделетін тауарлардың заңсыз өндірісіне және сатуға байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы күрес |
11 | "Этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлде- дегi Қазақстан Республикасының Заңына және "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 маусымдағы N 846 қаулысына сәйкес алкоголь өнiмiн және этил спир- тін көтерме-бөлшек сатуды ретке келтiру бойынша iс-шаралар жүргiзу | Үкіметке ақпарат беру | ҚПА, МКМ | 2002 жылғы 2-ші жарты жылдық |
12 | Уылдырық және бекiре тұқым- дастарының заңсыз Үкiметке айналымы фактiлерiн анықтау және олардың жолын ақпарат беру кесу мақсатында "Балық аулау маусымы" операциясы шеңберiнде iс-шаралар ұйымдастыру | Үкіметке ақпарат беру | ІІМ, ҚПА, МКМ | 2002-2003 жылдар |
| Бюджет саласындағы бұзушылықтарға қарсы күрес |
13 | Экономиканың аграрлық-өнер- кәсiптiк, өндiрiстiк секторлары салаларының дамуына және әлеуметтiк бағдарлама- ларды iске асыруға мемлекет бөлген бюджет қаражатын мақсаттан тыс пайдалануын болдырмау бойынша iс-шараларды жүзеге асыру | Үкіметке ақпарат беру | ҚарМ, ІІМ, ҚПА және басқа мүд- делі мемлекеттік органдар | Жарты- жылдықта бір рет |
14 | Астықпен, жанар-жағар мате- риалдарымен және мемле- кеттiк резервтен бөлi- нетiн басқа стратегиялық маңызды шикiзат түрлерiмен байланысты ұрлықтарды және өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша iс-шаралар жүргiзу | Үкіметке ақпарат беру | ҚарМ, ММРА, ІІМ, ҚПА, БП, (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | Жыл сайын 3-тоқсанда |
| |
15 | Жалған ақша жасау фактiлерi- нiң жолын кесу бойынша келiсiлген iс-шараларды жүзеге асыру | Үкіметке ақпарат беру | ІІМ, ҚПА | 2003 жылғы ақпан |
16 | Бағалы қағаздармен, несие- лiк карточкалармен, чектер- мен, соның iшiнде халықаралық төлем жүйесiмен, INTERNET желiсi бойынша сауда мәмiле- лерi және т.б. операцияларды жүзеге асыру кезiнде құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша практиканы қорыту | Үкіметке ақпарат беру | ҚПА, ІІМ, ҰБ (келісім бойынша) және басқа мүдделі мемлекеттік органдар | 2003 жыл |
| Алдын алу шаралары |
17 | | Үкіметке ақпарат беру | | Жыл сайын |
18 | Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi ақпараттық- насихаттық қолдауды қамтамасыз ету | Үкіметке ақпарат беру | ІІМ, ҚПА, МКМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | Жыл сайын |
19 | | Президе- нт Әкім- шілігіне ақпарат беру | ІІМ, ҚПА, МКМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | Жыл сайын |