|
|
|
Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға арналған қаражат есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысы (ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1385 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 13.05.04 ж. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1385 қаулысымен атауы және кіріспе өзгертілді (бұр.ред. қара) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығының 3-тармағының 1) тармақшасына, 4-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына және 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1385 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 1. Қоса беріліп отырған Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1385 қаулысымен атауына өзгеріс енгізілді (бұр.ред. қара) Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығына сәйкес лауазымдық (қызметтік) міндеттерін тиісінше орындағаны үшін қызметкерлерді көтермелеу жүйесін реттеу, сондай-ақ функциялары мен міндеттерін уақытылы және сапалы орындауда Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің материалдық мүдделілігін арттыру мақсатында әзірленді және олардың еңбегіне ақы төлеу аталған Жарлықтың негізінде жүргізілетін Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне қолданылады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1385 қаулысымен 1-1 тармақпен толықтырылды 1-1. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу бюджеттік бағдарламаны, (кішi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1385 қаулысымен 1-2 тармақпен толықтырылды 1-2. Мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне сыйлық беру мемлекеттiк орган басшысы - республикалық бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi не оны алмастыратын тұлғаның шешiмi бойынша жүргiзіледi деп белгіленсiн. 2. Қазақстан Республикасы органдарының басшылары бұл ретте осы Ережені басшылыққа ала отырып, осы органдар қызметкерлеріне сыйлық беру туралы Ережені дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар. Сыйлық беру шарттары 3. Сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: 1) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау; 2) белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстың нәтижелері; 3) лауазымдық міндеттерді үлгілі орындау, мінсіз мемлекеттік қызмет, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін; 4) тұтастай алғанда, осы мемлекеттік органның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмыс істеуі оның шұғыл орындалуына байланысты болатын кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген жұмыстарды орындау; 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл жоспарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің кесімдері мен тапсырмаларының іс-шараларын уақытылы және сапалы орындау; 6) мерейтой, мереке күндері; 7) егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу; 8) осы орган туралы Ережеге сәйкес тиісті органға жүктелген функциялар мен міндеттерді тиісінше орындау болып табылады. 4. Қызметкерге: 1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде; 2) тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса; 3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді. Лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу шарттары 5. Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу: 1) өзінің негізгі жұмысынан босамай, уақытша болмаған қызметкердің функцияларын орындағаны; 2) оған міндеттердің кеңейтілген аясы жүктелгені, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен, оларды практикада табысты қолданумен ұштасатын жұмыста жеткілікті тәжірибесі (өтілі) және дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері; 3) мемлекеттік тілді білгені және меңгергені - егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды және басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын мемлекеттік тілде әзірлегені үшін жүзеге асырылады. Бұдан басқа, лауазымдық жалақыға үстемеақы мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерге олардың орындалған көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарына шек қойылғаны және қосымша жауапкершілігі үшін белгіленуі мүмкін. 6. Сондай-ақ, үстемеақылар қызметкерді ақиқатты жағдайларға байланысты төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде: 1) еңбек ету кезінде мертігу, кәсіби науқас немесе еңбек қабілеттігін қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының өзге де бұзылуы; 2) ауысқан (тағайындалған) күнінен бастап бір жыл ішінде органды басқару құрылымы өзгергенде белгіленуі мүмкін. 7. Үстемеақының ең көп мөлшері лауазымдық жалақының елу пайызынан аспауға тиіс. Материалдық көмек көрсету ережелері ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1385 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 8. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай: 1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы; 2) некеге тұру; 3) бала туылған, бала асырап алған; 4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам); 5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру; 6) қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы жағдайларында жүзеге асырылады. Қызметкерлерге сыйлықты бекіту және төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі 9. Қызметкерлерге сыйлық беру және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде орган басшысының бұйрығымен жүргізіледі. Құрылымдық (аумақтық) бөлімшелердің басшыларына сыйлық беру және үстемеақылар белгілеу орган басшының орынбасары ұсынысының негізінде не оған басшысының өзі дербес жүргізуі мүмкін*. ____________________ * Орталық мемлекеттік органдардың басшыларына (басшылардың орынбасарларына) сыйлық берудің өзге де ережелері көзделуі мүмкін. 10. Ұсыныста қызметкердің тегі және лауазымы, сыйлық (үстемеақы) беруге негіздеме мен мөлшері және тәртіптік жазасы жоқтығы туралы мәлімет көрсетіледі. 11. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде не осы органда құрылатын тиісті комиссияның қорытындысы бойынша органның басшысы қабылдайды. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1385 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 12. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеуге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық кесімдерімен айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасы органдарының бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1385 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 13. Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады: 1) жыл бойы үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30%-ынан аспайтын, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде: - ел ішінде іссапарлар және қызметтік барулар; - елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік барулар; - үй-жайларды жалдауға ақы төлеу; - коммуналдық қызметтерге ақы төлеу; - байланыс қызметіне ақы төлеу; - көлік қызметіне ақы төлеу; - электр энергиясына ақы төлеу; - жылуға ақы төлеу; - ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу; - өзге де қызметтер; - ерекше шығыстар; - өзге де ағымдағы шығыстар; 2) үнемделген қаражаттың толық көлемінде: - негізгі жалақы; - өтемақы төлемдері; - әлеуметтік салық; - автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар; - мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар; - өзге де тауарларды сатып алу; - қосымша ақшалай төлемдер. 14. Шығыстардың қалған түрлері бойынша қаржы үнемдеуден сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1385 қаулысымен тараумен және 15-тармақпен толықтырылды Мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшілерiне бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен сыйлықақы төлеу тәртiбi 15. Сыйлық берудiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгiн тиiстi органды ұстауға арналған бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына сәйкес тоқсандар бөлiгiнде тең үлестермен орталық мемлекеттiк органның басшысы - бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi белгiлейдi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |