|
|
|
Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 925 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақ ССР-iнiң Еңбекпен түзеу кодексiнiң 56-бабына өзгерістер енгізу туралы» 1992 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртібі туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі қолданылып жүрген ведомстволық нормативтi актiлердi осы қаулыға сәйкестендiрсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 қаңтардағы № 20 қаулысымен бекітілген Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ Бұл Ереже Қазақ ССР-iнiң еңбекпен түзеу кодексiне, Қазақ ССР-нiң Еңбек туралы заңдар кодексiне және Қазақстан Республикасының басқа да заңды актілеріне сәйкес әзiрленген. 1. Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегi 1. Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң өндiрiстiк-шаруашылық қызметi оның негiзгi мақсатына - сотталғандарды қайта тәрбиелеу мен түзеуге бағындырылуға тиiс. Еңбекпен түзеу мекемесiнде ұсталатын әрбiр сотталған адам еңбек етуге мiндеттi. Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi сотталғандарды еңбек ету қабiлетiне және мүмкiндiгiнше мамандығына қарай жұмыспен қамтамасыз етедi. Сотталғандар, әдетте еңбекпен түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында, ал кәмелетке толмаған сотталғандар - тек еңбекпен тәрбиелеу колонияларының кәсiпорындарында еңбекке тартылады. Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң ерекше режимдегi колонияларында ұсталатындар, әдетте, ауыр жұмыстарға пайдаланылады. Бас бостандығынан айыру жазасын түрмелерде өтейтiн сотталғандардың еңбегi тек түрме аумағында ұйымдастырылады. Сотталған адамдардың еңбегiн басқа министрлiктермен мен ведомстволар ұйымдарының шаруашылық объектiлерiнде пайдалану Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі бекiткен Үлгi шартпен реттеледi. II. Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбек жағдайы 2. Жазасын жалпы, күшейтiлген, қатаң, ерекше режимдi еңбекпен түзеу колонияларында, еңбекпен түзеу қоныс-колонияларында және түрмелерде өтейтiн адамдар үшiн сегiз сағаттық жұмыс күнi белгiленедi; оларға апта сайын бiр күн демалыс берiледi. Еңбек туралы заңда көрсетiлген тәртiп бойынша сотталған адамдар мереке күндерi жұмыстан босатылады. Сотталғандар үшiн демалыс және мереке күндерiнiң алдында жұмыс күнi қысқартылмайды. Сотталғандарды демалыс және мереке күндерi жұмысқа қатыстырған кезде, оларға Қазақ ССР-iнiң еңбекпен түзеу кодексiнде белгiленген тәртiп бойынша демалыс берiледi. Сотталған адамның босатылуына немесе оны тасымалдауға байланысты басқа демалыс күн беру мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысына осы Ереженiң 26, 27 тармақтарында көзделген тәртiппен ақы төленедi. Жазасын еңбекпен тәрбиелеу колонияларында өтейтiн сотталғандар үшiн жұмыс күнiнiң ұзақтығы және апта сайын берiлетiн демалыс күнi Еңбек туралы заңға сәйкес жалпы негiзде белгiленедi. Сотталғандарға белгiленген, өндiрiс жұмыс жағдайына байланысты күн және апта сайынғы жұмыс күнiнiң ұзақтығын сақтауға мүмкiндiгi жоқ үздiксiз жұмыс iстейтiн кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ цехтар мен учаскелерде және кейбір жұмыс түрлерiнде еңбекпен түзеу мекемесiнiң басшылығы өзiнiң жоғары тұрған органының келiсуiмен есептi кезеңдегi жұмыс уақытының ұзақтығы белгiленген жұмыс сағатынан аспауы үшiн жұмыс уақытын жинақтап есепке алуды енгiзе алады. Еңбекпен тәрбиелеу колонияларында жұмыс аптасының ұзақтығы: - жасы 16-дан 18-ге дейiнгi сотталғандарға - 36 сағат, - жасы 14-тен 16-ға дейiнгi сотталғандарға - 24 cағат болып белгiленедi. Еңбекпен тәрбиелеу колонияларында ұсталатын сотталғандардың еңбек жағдайы еңбек туралы заңмен реттеледi. Еңбекпен түзеу колонияларының жалпы, күшейтiлген, қатаң және ерекше режимдерiнде, еңбекпен түзеу қоныс-колонияларында, сондай-ақ түрмелерде ұсталып, зиянды еңбек жағдайында жұмыс iстейтiн сотталғандардың жұмыс күнiнiң ұзақтығы халық шаруашылығының осындай жұмыстарындағыға қарағанда бiр сағат артық белгiленедi. 3. I-II топтағы мүгедек сотталғандар өздерiнiң қалауына қарай еңбекпен түзеу мекемелерiнiң дәрiгерлiк комиссиясының қорытындысы және еңбек ұсынысы бойынша қатыстырылады. Олардың жұмыс күнiнiң ұзақтығын еңбек етуге жарамдылығына қарай дәрiгерлiк комиссия анықтайды. III-топтағы мүгедектер үшiн 8 сағаттық жұмыс күнi белгiленедi. 4. Жұмыстың басталуы мен аяқталуы, тамақ iшуге және демалуға берiлетiн үзiлiс еңбекпен түзеу мекемесiнiң iшкi тәртiп Ережелерiмен реттеледi. Жылдың суық кезеңiнде ашық ауада сотталғандардың жұмыс iстеуi еңбек туралы заңдармен реттеледi. 5. Сотталғандар Қазақ ССР-нiң еңбекпен түзеу кодексiнде белгiленген тәртiппен бас бостандығынан айыру орындарын және оған iргелес аумақтарды көркейту, сондай-ақ сотталғандардың мәдени-тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарға ақы төлемей қатыстырылады. 6. Сотталғандардың еңбегi Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында белгiленген еңбектi қорғау және хауiпсiздiк техникасының ережелерiн сақтай отырып ұйымдастырылады. 7. Жазасын өтеу кезiнде еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар жазаны өтеуден босатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңдарында жұмысшылар мен қызметшiлерге белгiленген реттер мен тәртiп бойынша зейнетақы алуға және келтiрiлген зиянға өтем жасалуына хұқы бар. III. Бас бостандығынан айрылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу тәртібі 8. Бас бостандығынан айрылған адамдардың еңбегiне еңбегiнiң саны мен сапасына сәйкес халық шаруашылығының тиiстi салаларында қолданылып жүрген нормалар мен нарықтар бойынша ақы төленедi. Сотталғандарға еңбекке ақы төлеудiң сыйлықты жүйесi ыстық, ауыр, зиянды және ерекше зиянды жұмыстарда iстейтiн жұмысшылар үшiн белгiленген тарифтiк ставка бойынша ақы төленетiн жұмыстар мен кәсiптер тiзбесi, халық шаруашылығының тиiстi салаларындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге қолданылып жүрген жалақыға коэффициенттер мен басқа да қосымша ақы түрлерi еңбек сiңiрген жылдары үшiн сыйақыдан басқасы қолданылады. 9. Сотталғандардың еңбегiне ақы төлеудiң негiзгi жүйесi нормалауға және дәлме-дәл есепке алуға келетiн жұмыстың барлық түрiне қолданылатын кесiмдi ақы болып табылады. Еңбекке кесiмдi ақы төлеу жеке және ұжымдық (бригадалық) болып бөлiнедi. Еңбекке жеке кесiмдi ақы төлеу кезiнде сотталған адамның тапқан табысы оның жасаған жарамды өнiмiнiң санымен және әр бұйымның кесiмдi нарқымен белгiленедi. Ұжымдық кесiмдi нарыққа негiзделген ұжымдық (бригадалық) ақы төлеу кезiнде ұжымның (бригаданың) жалпы тапқан табысы тұтас алғанда бригаданың белгiленген мерзiмде (ауысымда, аптада, айда) iстеген жұмысының нәтижелерi бойынша есептелiнедi. Бригаданың әрбiр мүшесiне бұл тапқан табыс осы кәсiпорында белгiленген тәртiп бойынша есептелiнедi. Ұжымның (бригаданың) жалпы тапқан табысын оның мүшелерi арасында бөлудiң қабылданған тәртібіне қарамастан, жұмысында ақау жiбермей өндiрiм нормасын орындайтын әрбiр сотталған адамның айлығы еңбекпен өтеу уақыты iшiнде орындалған жұмыстың тиiстi разряды бойынша оның ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс. Нормалауға және дәлме-дәл есепке алуға келмейтiн жұмыстарда iстейтiн сотталғандар үшiн тек мерзiмдi ақы төлеу қолданылуға тиiс. Мерзiмдi жұмыстағы сотталғандардың әрбiр сегiз сағаттық толық жұмыс күнiне жұмыс күнi жетi сағат жұмысшыларға белгiленген күндiк тарифтiк ставка немесе халық шаруашылығының кәсiпорындары мен ұйымдарында жетi сағаттық жұмыс күнiне сүйенiп осындай жұмысты орындайтын жұмысшыларға белгiленген жетi сағаттық тарифтiк ставка есептеледi. Тұрақты айлық ставка (жалақы), бойынша еңбегiне ақы төлеу кезiнде сотталғандар жалақысының мөлшерi сол айда жұмыс iстеген күндерiнiң санына байланысты емес. Егер, сотталған адам есептi кезеңде (сағат, күн, ай) толық iстемеген болса, оның жалпы тапқан табысы нақты iстеген жұмыс уақытының санымен есептеледi. Сотталғандардың өндiрiстiк жоспарды орындау мен асыра орындауға, оның рентабельдiгi мен тиiмдiлiгiн арттырып, еңбек өнiмдiлiгiн өсiруге, өнiм сапасын жақсартуға және шикiзат пен материалды үнемдеуге ынталылығын күшейту үшiн материалдық мерзiмдi-сыйлықты және кесiмдi-сыйлықты еңбекке ақы төлеу жүйесiн енгізуге болады. 10. Сотталғандар орындаған жұмысты тарифтеу, оларға біліктiлiк разрядын белгiлеу жұмыстардың және жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-біліктiлiк анықтамалықтарына сәйкес жүргiзiледi. Сотталғандарға біліктiлiк разрядын беру немесе оны көтеру цехтағы немесе учаскедегi жұмыстың күрделiлiгi, сотталған адамның теориялық даярлығы ескерiлiп жүргiзiледi. Бұл жұмысты жүргiзу үшiн еңбекпен түзеу мекемелерiнде біліктiлiк комиссиялары ұйымдастырылады. Комиссияның төрағасы болып бас инженер немесе кәсiпорын директоры, мүшелерi болып бөлiм бастығы немесе еңбектi ұйымдастыру және айлықақы жөніндегі инженер, кәсiптiк-техникалық оқыту инженерi, қауiпсiздiк техникасы жөніндегі инженер, цех (учаске) басшысы отряд бастығы тағайындалады. Разряд беру немесе оны көтеру туралы мәселенi қарауға, қажет болған жағдайда, біліктiлiк комиссиясы осы кәсiптiң біліктi жұмысшыларын немесе басқа қызметтердiң мамандарын, сондай-ақ жылу жүйесiн қадағалау, Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалау немесе Мемлекеттік энергияны қадағалау органдарының өкiлдерiн қатыстырады. Бiлiктiлiк комиссиясының қорытындысы негiзiнде еңбекпен түзеу мекемесiнiң бастығы немесе кәсiпорын директоры сотталған адамға біліктiлiк разрядын бекітіп, оны бұйрықпен немесе өкiммен ресiмдейдi. Сотталған адамға берiлген разряд оның жеке iсiне жазылады. V. Өндiрiстiк бригадалар бригадирлерiне төленетiн қосымша ақы 11. Өндiрiстiк бригадаларда, халық шаруашылығында қолданылып жүрген қазiргi ережелерде босалқы бригадирлер лауазымы көзделгеннен басқа жұмыстарда, босалқы бригадирлердi ұстауға рұқсат етiлмейдi. 12. Сотталғаннан тағайындалған босалқы бригадирлердiң (ауыл шаруашылығындағы звено бастықтары) еңбегiне ақы төлеу бригаданың басқа мүшелерiмен ортақ негiзде жүргiзiледi. Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң, кәсiпорындарының, құрылыс және құрылыс-монтаж ұйымдарының басшыларына сотталғандардан сайланған негiзгi жұмыстан босатылмаған бригадирлерге (звено бастықтарына) бригадаға (звеноға) басшылық еткенi үшiн халық шаруашылығында қолданылып жүрген нормативтi актiлерге сәйкес қосымша ақы белгiлеу хұқы берiледi. Бригадаға (звеноға) басшылық еткенi үшiн бригадирлерге (звено бастықтарына) бригада (звено) бiр айдағы орта есеппен өндiрiм нормасын орындаған жағдайда төленедi. Бригадада еңбектi нашар ұйымдастырғаны, материалдарды бүлдiргенi, өнiм сапасын төмендеткенi және өндiрiсте басқа да ағаттықтар жiбергенi үшiн еңбекпен түзеу мекемесiнiң басшысы бригадирге (звено бастығына), бригадаға (звеноға) басшылық еткенi үшiн төленетiн қосымша ақыдан айыра алады немесе оның мөлшерiн кемiте алады. VI. Сотталғандарға жетекшi, маман, қызметшi мiндеттерiн атқарғаны, сондай-ақ шаруашылық жұмыстарда iстегенi үшiн ақы төлеу 13. Қол астында еркiмен жалданып iстейтiн қызметкерлерi жоқ жетекшi, маман, қызметшi лауазымындағы сотталғандардың лауазымдық жалақысы халық шаруашылығының тиiстi салаларында қолданылып жүрген схемалар бойынша белгiленедi. Схемаларда жалақысы (ставкасы) мамандығы бойынша жұмыс стажына қарай белгiленген лауазымдағы сотталғандардың лауазымды жалақысының (ставкасының) нақты мөлшерi бiрiншi жылға қарай, мамандығы бойынша жұмыс стажы есепке алынбай белгiленедi. Егер медицина қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысын өсiру Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі бекiткен мекемелер мен бөлiмшелердiң, сондай-ақ денсаулыққа қатерлi және өте ауыр еңбек жағдайларына байланысты қызметкерлерiне схемалық лауазымдық (айлық) жалақысын (ставкаларын) көтеру хұқығын беретiн лауазымдар тiзбесi көзделген болса, онда мұндай өсiру заңмен рұқсат етiлген, тиiстi медициналық лауазымдағы сотталғандарға сондай мөлшерде жүргiзiледi. 14. Сотталғандарды еңбекпен түзеу мекемелерiнiң әскерилендiрiлген өрт сөндiру күзетiнде қатардағы өрт сөндiрушi, жүргiзушi, моторшы қызметiнде пайдаланған жағдайларда, олардың лауазымдық жалақысы өрт сөндiру күзетiнiң автомобиль көлiгiнiң өз еркiмен жалданып iстейтiн қызметкерлерiнiкiндей болып белгiленедi. Бұл сотталғандарға азық-түлiк үлесiнiң орнына ақшалай өтем жасалмайды. ҚР Үкіметінің 09.08.96 ж. № 987; 03.03.04 ж. № 260 қаулылырымен 15-тармақ өзгертілді 15. Еңбекпен түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларына шаруашылық қызмет көрсететiн жұмыстарда iстейтiн сотталғандардың лауазымдық жалақысының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтедi. Ол Қазақстан Республикасында белгiленген есептiк көрсеткiштен кем болмауы тиiс. VII. Мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу 16. Кесiмдi ақы төленетiн жұмыстарда iстейтiн сотталған мүгедектердiң еңбекақысы жұмысшыларға белгiленген қолданылып жүрген нарық бойынша, шығарған өнiмнiң саны мен сапасына қарай, ал мерзiмдi жұмыстарда iстейтiн сотталған мүгедектерге - денi сау сотталғандар үшiн белгiленген тарифтiк ставка бойынша, нақты iстеген уақытына қарай төленедi. 17. Туберкулезбен ауыратын үшiншi топтағы мүгедектiгi бар, кесiмдi ақы төленетiн жұмыста iстейтiн сотталғандарға, өндiрiм нормасы денi сау адамдарға қарағанда 20 процент кем белгiленедi. Мұндай жағдайда денi сау сотталғандар үшiн арналған нарық қолданылады. VIII. Сотталғандар қатарындағы оқушыларды оқыту, біліктiлiгiн өзгерту немесе басқа кәсiпке үйрету кезiнде олардың еңбегiне ақы төлеу 18. Кесiмдi ақы төленетiн жұмысшы кәсiбiне жеке-дара үйрету кезiнде оқушыларға: - оқудың бiрiншi айында - 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 75 процентi мөлшерiнде; - оқудың 2-шi айында - 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 60 процентi мөлшерiнде; - оқудың 3-шi айында - 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 40 процентi мөлшерiнде; - оқудың 4-шi айында және оқу бағдарламасында көзделген мерзiм аяқталғанға дейiнгi барлық айларда - 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 20 процентi мөлшерiнде еңбекақы төленедi. Бұған қоса оқушылар жасаған жарамды өнiм үшiн оларға кәсiпорында қолданылып жүрген нормалар мен нарықтар бойынша жалақы есептеледi. 19. Мерзiмдi ақы төленетiн жұмысшы кәсiбiне жеке-дара үйрету кезiнде оқушыларға: - оқудың 1-шi және 2-шi айларында - 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 75 процентi мөлшерiнде; - оқудың 3-шi және 4-шi айларында - 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 80 процентi мөлшерiнде; - оқу бағдарламасында көзделген мерзiм аяқталғанға дейiнгi барлық айларында - 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 90 процентi мөлшерiнде еңбекақы төленедi. Өндiрiстiк оқу үйретушi жұмысшылардың жабдықтарында жүзеге асырылған кезде кесiмдi ақы төленетiн жұмыстарда iстейтiн оқушылардың еңбегiне осы тәртiппен ақы төленедi. 20. Оқушыларды бригадада оқытқан кезде олардың еңбегiне: - оқудың 1-шi айында - 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 75 процентi мөлшерiнде; - оқудың 2-шi айында - 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 60 процентi мөлшерiнде; - оқудың 3-шi айында - 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 40 процентi мөлшерiнде; - оқудың 4-шi айында және оқу бағдарламасында көзделген мерзiм аяқталғанға дейiнгi барлық айларда - 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 20 процентi мөлшерiнде ақы төленедi. Бұған қоса, оқудың екiншi айынан бастап оқушыларға бригаданың жалпы кесiмдi тапқан табысы есебiнен 1-разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының 100 процентiне дейiнгi мөлшерде қосымша ақша төленедi. Егер оқушылар бригада қызметкерлерiнiң көбеюiне байланысты өнiм шығару мөлшерi ұлғаймайтын агрегаттарда iстейтiн бригада құрамына енгiзiлген болса, олардың еңбегiне мерзiмдi ақы төленетiн жұмысшы кәсiбiне үйрету кезіндегідей тәртiппен ақы төленедi. 21. Сотталғандардың біліктiлiгiн өзгерту немесе өндiрiс қажеттiлiгiне байланысты екiншi кәсiпке үйрету кезiнде олардың еңбегiне: - үйренудiң 1-шi айында - бұрынғы жұмысының соңғы үш айы iшiнде есептелген жалпы орташа тапқан табысының 100 процентi мөлшерiнде; - үйренудiң 2-шi айында - бұрынғы жұмысының соңғы үш айы iшiнде есептелген жалпы орташа тапқан табысының 70 процентi мөлшерiнде; - үйренудiң 3-шi айында - бұрынғы жұмысының соңғы үш айы iшiнде есептелген жалпы орташа тапқан табысының 40 процентi мөлшерiнде ақы төленедi. Бұған қоса, аталған сотталғандарға үйренудiң 2-шi айынан бастап олардың жасаған жарамды өнiмi үшiн кәсiпорында қолданылып жүрген нормалар мен нарықтар бойынша еңбекақы төленедi. Аталған сотталғандарды үйретушiнiң жабдықтарында оқытқан жағдайда, бағдарламада көзделген үйрету кезiнде оларға бұрынғы жұмысының соңғы үш айының iшiнде жалпы орташа тапқан табысы есебiнен ақы төленедi. 22. Кәмелетке толмаған үйренушi сотталғандарды тiкелей өндiрiсте оқытқан кезде тек жасаған жарамды өнiмi және өз бетiнше орындаған жұмысы үшiн ғана еңбекақы төленедi. IX. Оқушыларды оқытқаны және сотталғандардың біліктiлiгiн көтерткенi немесе екiншi кәсiпке үйреткенi үшiн сотталғандар қатарындағы біліктi жұмысшылардың еңбегiне ақы төлеу 23. Тиiстi нормативтiк актi шығарылғанға дейiн сотталғандар қатарындағы негiзгi жұмысынан босатылмаған біліктi жұмысшылардың бағдарламада көзделген оқу кезiнде оқушыларды оқытқаны, сотталғандардың біліктiлiгiн көтергенi немесе оларды екiншi кәсiпке үйреткенi үшiн олардың еңбегiне ақы төлеудiң тәртібі мен мөлшерiн еңбекпен түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындары өздiгiнен белгiлейдi. Сотталғандар қатарындағы оқушыларды оқытатын және сотталғандардың біліктiлiгiн көтеретiн немесе оларға екiншi кәсiп алуға үйрететiн біліктi жұмысшыларға еңбекақы үйренушiлер бағдарламамен белгiленген сынақты тапсырған соң бiр мезгiлде төленедi. X. Мерзiмнен тыс жұмыстың ақысы 24. Әдетте мерзiмнен тыс жұмыс iстеуге рұқсат етiлмейдi. Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi Еңбек туралы заңдарда белгiленген ерекше жағдайларда ғана мерзiмнен тыс жұмыс iстеудi қолдана алады. Мерзiмнен тыс жұмыстың жалпы саны сотталғандар үшiн бiр жылда 120 сағаттан аспауы тиiс, ал өндiрiсте екi күн бойы қатарынан жұмыс iстеуге жұмсалған уақыт, 4 сағаттан аспауы керек. Мерзiмнен тыс жұмыстарға: - 18 жасқа толмаған сотталғандар; - жүктi әйелдер және емшекте баласы бар аналар; - өршiген туберкулезбен ауыратын сотталғандар; - дәрiгерлiк комиссияның мерзiмнен тыс жұмыстан босату туралы қорытындысы бар мүгедектер жiберiлмейдi. Мерзiмнен тыс жұмысты қолдану үшiн еңбекпен түзеу мекемесiнiң бастығы бұйрық шығарады және сотталған әрбiр адамның күнтiзбе жыл бойы мерзiмнен тыс iстеген сағатын жинақтап есептеу қамтамасыз етiледi. 25. Мерзiмнен тыс жұмысқа төмендегiдей мөлшерде сыйақы есептеледi: а) өнеркәсiп кәсiпорындарында (орман өнеркәсiбiнен басқа): - сотталғанға мерзiмдi ақы төленетiн кезде оның мерзiмнен тыс iстеген алғашқы екi сағатының әрқайсысы үшiн бiр жарым сағаттық, ал одан кейiнгi мерзiмнен тыс әрбiр сағат үшiн берiлген разрядтың екi сағаттық графиктiк ставкасы (немесе лауазымдық жалақысының тиiстi бөлiгi) есептеледi; - кесiмдi ақы төленетiн кезде сотталған адамға кесiмдi нарық бойынша тапқан табысына қоса мерзiмнен тыс iстеген алғашқы екi сағатының әрқайсысына берiлген разрядтағы мерзiмдi тарифтiк ставка бойынша 50 процент, ал одан кейiнгi сағаттарына 100 процент қосымша ақы төленедi; б) мерзiмдi және кесiмдi жұмыс iстейтiн жұмысшыларға бiрыңғай тарифтiк ставка белгiленген металлургия өнеркәсiбiнде, құрылыста және автокөлiкте iстейтiн сотталғандарға мерзiмнен тыс жұмыс iстегенi үшiн қосымша ақы осы тармақтың «а» тармақшасында көзделген нормалар бойынша, бiрақ белгiленген тарифтiк ставканың 75 процентi есебiнен төленедi. Мұндай жағдайда сотталғандар мерзiмнен тыс iстеген жұмысының алғашқы екi сағатының әрқайсысы үшiн бiрыңғай тарифтiк ставканың 37,5 процентi, ал одан кейiнгi сағаттары үшiн 75 процентi мөлшерiнде қосымша ақы алады. Салынып жатқан және жұмыс iстеп тұрған шахталарда жер асты жұмыстарындағы сотталғандарға қосымша ақы аталған норма бойынша бiрыңғай тарифтiк ставканың 50 процентi есебiнен есептеледi, яғни мерзiмнен тыс iстеген алғашқы екi сағатының әрқайсысы үшiн бiрыңғай тарифтiк ставканың 25 процентi, кейiнгi сағаттары үшiн 50 процентi мөлшерiнде төленедi; в) жұмыс уақыты жинақталып есептелген кезде мерзiмнен тыс iстелген жұмысқа еңбек туралы заңдарда белгiленген ортақ нормалар бойынша өтем жасалады. Соның өзiнде алты күндiк жұмыс апталығы күнтiзбесi бойынша сол есептi кезеңдегi әрбiр жұмыс күнi iшiнде орташа есеппен екi сағаттан аспайтын мерзiмнен тыс сағат санына ғана бiр жарым мөлшерде қосымша ақы төленедi. Кесiмдi ақы төленетiн жұмыстарда iстейтiн жұмысшылар және мерзiмдi сыйақы төленетiн жүйеде iстейтiн жұмысшылар өзiнiң тапқан табысынан тыс, мерзiмнен тыс iстеген жұмысының алғашқы екi сағатының әрқайсысына сағаттық тарифтiк ставканың жартысы мөлшерiнде қосымша ақы алады. Қалған сағаттары есептi кезеңде мерзiмнен тыс жұмыс iс жүзiнде күн және сағат бойынша бөлiнбегенiне қарамастан екi есе мөлшерде төленедi, яғни сотталғандар өзiнiң тапқан табысына қоса мерзiмнен тыс iстеген жұмысының кейiнгi әрбiр сағатына толық тарифтiк ставка мөлшерiнде қосымша ақы алады. Мерзiмнен тыс iстеген жұмысына қосымша ақы алуға нормаланған жұмыс күнi белгiленген жұмыстар мен лауазымдарда iстейтiн сотталғандардың хұқы бар. Нормалы сағаттан тыс, бiрақ ауысым кестесiне сәйкес келетiн жұмыс (мәселен: ауысым ұзақтығын қысқарту мүмкiн емес үздiксiз iстейтiн өндiрiстерде) мерзiмнен тыс жұмыс деп саналмайды. XI. Мереке күндерi және апта сайынғы демалыс күндерiнде iстелген жұмысқа ақы төлеу 26. Өнеркәсiп кәсiпорындарында (орман өнеркәсiбiнен басқа) сотталғандардың мереке күндеріндегі жұмысына: - кесiмдi жұмыстағыларға екi еселенген кесiмдi нарық бойынша; - мерзiмдi жұмыстағыларға - сағаттық (күндiк) ставканың екi еселенген мөлшерiнде; - лауазымдық (айлық) жалақы белгiленген сотталғандарға - мереке күнгi жұмыс айлық жұмыс нормасы шегiнде iстелген болса, жалақыдан тыс бiр сағаттық немесе күндiк ставка мөлшерiнде, ал егер, жұмыс айлық нормадан тыс iстелген болса, жалақыдан тыс екi сағаттық немесе күндiк ставка мөлшерiнде ақы төленедi. Аталған мөлшердегi ақы сотталғандарға мереке күндерi нақтылы iстеген сағатына төленедi. Мереке күнi жұмыс ауысымы бiр бөлiгiне келетiн болса, онда мереке күндерi нақтылы жұмыс iстеген сағаттары (0-ден 24-ке дейiн) алынады. Мерзiмнен тыс iстелген жұмыс сағатын есептеген кезде мереке күндерi жұмыс уақытының нормасынан тыс iстелген жұмыс есептелмейдi, өйткенi бұл жұмыс екi есе мөлшерде төленiп қойған. Үздiксiз жұмыс iстейтiн кәсiпорындарда (цехтарда, учаскелерде, агрегаттарда), сондай-ақ жұмыс уақытын жинақтап есептеген кезде мереке күндеріндегі жұмыс айлық жұмыс нормасына енгiзiледi. Жұмыс нормасы күнтiзбе бойынша белгiленген жұмыс күнiнiң ұзақтығын сотталғандардың осы айдағы жұмыс күндерiне көбейтумен анықталады. 27. Өнеркәсiп кәсiпорындарындағы (орман өнеркәсiбiнен басқа) демалыс күнгi жұмысқа: - кесiмдi жұмыстағыларға - жұмыс iстеген әр сағаты үшiн жалпы кесiмдi тапқан табысынан тыс сол разрядтағы мерзiмдi жұмыс iстейтiндердiң бiр сағаттық тарифтiк ставкасы мөлшерiнде; - мерзiмдi жұмыстағыларға - жұмыс iстеген әр сағаты үшiн екi еселенген сағаттық тарифтiк ставка мөлшерiнде ақы төленедi;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |