Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы (2015.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. Мыналар бекітілсін: 1) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже (№ 1 қосымша); 2) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы (№ 2 қосымша). 2. «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 22 қарашадағы № 3237 Жарлығының күші жойылған деп танылсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына № 1 қосымша
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы Ереже
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан былай Қауіпсіздік Кеңесі) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты ұстап тұру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу және өкілеттігін іске асыруына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы Ереже құрайды. II. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|