|
|
|
Темекі бұйымдарын және құрамында темекі бар өзге де бұйымдарды акциздік маркаларымен (2006.22.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1207 қаулысымен кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 657 қаулысымен тақырыбы, кіріспесі, 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Акциздік маркаларының қозғалысын, акциздердің бюджетке уақытылы және толық түсуін бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Темекі бұйымдарын және құрамында темекі бар өзге де бұйымдарды акциздік маркаларымен таңбалаудың тәртібі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 657 қаулысымен тақырыбы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен тақырыбы және мәтіні өзгертілді (бұр.ред.қара)
Темекі бұйымдарын және құрамында темекі бар өзге де бұйымдарды акциздік маркаларымен таңбалаудың тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1207 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 2. Темекі бұйымдарын және құрамында темекі бар өзге де бұйымдарды акциздік маркаларымен таңбалаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 10.07.00 ж. № 1040; 08.11.01 ж. № 1421; 14.11.02 ж. № 1207; 15.06.04 ж. № 657 (бұр. ред. қара); 2005.23.05. № 495 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Темекі бұйымдары және құрамында темекі бар өзге де бұйымдар (бұдан әрі - темекі бұйымдары) акциздік маркалармен таңбалануға тиіс. 3. Темекі бұйымдарын өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған дайын өнімге акциз маркаларын желімдеуді өндіріс процесінде не таңбалау үшін белгіленген технология бойынша өзінің аумағында басқа оқшау жерде жүргізеді. 4. Еркін айналысқа арналған тауарларды шығарудың кеден режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін темекі бұйымдарын акциз маркаларымен таңбалау, заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар, конкурстық массаға енгiзiлген темекі бұйымдарын акциздiк маркалармен таңбалауды өзiнiң аумағындағы оқшауланған орында таңбалау үшiн белгiленген технология бойынша жүргiзеді. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1207; 15.06.04 ж. № 657 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді 5. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 657 (бұр. ред. қара); 2005.23.05. № 495 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Мыналар: Қазақстан Республикасынан тысқарыға экспортталатын; Қазақстан Республикасының аумағына "бажсыз сауда жасайтын дүкен", "кеден қоймасы" кеден режимдерінде әкелінетін; жалғыз даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" және "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету" кедендiк режимдерiнде әкелiнетiн; Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы тауарлар транзитi кеден режимінде өтетін; Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген акцизсіз әкелу нормасының шектерінде жеке тұлғалар әкелетін (жіберетін) темекі бұйымдары акциз маркаларымен міндетті таңбалануға жатпайды. ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, кеден режимдерінде ресімделген және акциз маркаларымен таңбалауды көздемейтін темекі бұйымдары, Қазақстан Республикасының кеден аумағында сатылуы жағдайында бажсыз сауда жасайтын дүкендерден басқа, заңдарда белгіленген тәртіппен акциздi төлей отырып, акциз маркаларымен міндетті таңбалануға жатады. 8. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
акциздік маркаларын желімдеудің тәртібі ҚР Үкіметінің 08.11.01 ж. № 1421 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 9. Темекі бұйымдарына акциздік маркаларын желімдеудің тәртібі. Қораптың аузын ашқан кезде акциз таңбасы бүлінуі тиіс. Акциз таңбасы былайша орналастырылады: 1) сүзгiлi сигареттiң жұмсақ қорабындағы мәтін немесе үстіңгі бетін жабатын акциз маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы тиіс және орталықта орналасуы тиіс (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта). Қорапты целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциз маркасының үстінен жүргізілуі тиіс; 2) сүзгiлi сигареттiң қайырма қақпақты қорабындағы марка артқы бетінде орналасуы және бұрышын жауып, қораптың бүйір бетіне өтуі тиіс. Қорапты целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциз маркасының үстінен жүргізілуі тиіс. 3) сүзгiсiз сигарет қорабында акциздiк маркасы қораптың сол және оң шетiнен бiрдей аралықта артқы бетiнде тiгінен орналасады әрi қорапты ашар жердi басып өтедi; 4) папирос қорабындағы мәтiн немесе үстiңгi бетiн жабатын акциз маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетiнiң бағытына бағдарлануы тиiс және орталықта (оң және сол шетiнен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бiрдей аралықта) орналасуы тиiс. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) өзге де материалдан жасалған қорапта акциздік марка қораптың артқы бетінің ортасында орналасуы тиіс (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта). Қорапты целлофанмен орау (егер көзделген болса) қорапқа желімделген акциздік марканың үстінен жүргізілуі тиіс. 10. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11. Акциз маркаларын желiмдеу кезiнде марканы тауардан бүлдiрмей алуға мүмкiндiк бермейтiн желiм пайдаланылуы тиiс. Акциз маркаларын желiмдеуге арналған желiм оның кебуі мен тауардан ажыратылып қалуын болдырмау үшiн жоғары және төмен температураларға, ылғалдың түрлi деңгейлерiне төзiмдi болуы және акциз маркасын қайталап пайдаланудың мүмкін болмауын қамтамасыз етуi тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |