|
|
|
Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің (2008.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 Қаулысымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің тәртібі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1433 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім мекемелерiнің ақылы білім беру қызметiн көрсетуiнің тәртібі 1. Осы Тәртiп "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi. ҚР Үкіметінің 22.09.00 ж. № 1438; 15.08.02 ж. № 905 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Ақылы білім беру қызметiн көрсетулерге: 1) қосымша білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсетулер; 2) пәндердiң арнаулы курстары мен циклдарын қосымша оқыту жөніндегі қызмет көрсетулер; 3) репиторлық (жекелеген оқушылармен жеке түрде оқу жоспары бойынша сағаттардың санынан тыс пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізу) жөніндегі қызмет көрсетулер; 4) оқушыларға пәндердi қосымша тереңдетіп оқыту (мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының тиiстi білім беру бағдарламаларының шеңберiнен тыс) жөніндегі қызмет көрсетулер; 5) балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған қосымша дене тәрбиесi-сауықтыру бағдарламалары бойынша қызмет көрсетулер; 6) жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулер; 7) үйiрмелiк қызметтi ұйымдастыру (базистiк оқу жоспарының шеңберiнен тыс) бойынша қызмет көрсетулер; 8) спорттық-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастыру, төрешiлiк ету, оқушылардың арасындағы спорттық iс-шараларға қатысушыларды тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсетулер және медициналық қызмет көрсетулер; ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен 9) тармақша өзгертілді 9) өзге де ақылы қызмет көрсетулер (музыкалық аспаптарды пайдаланғаны үшiн; мемлекеттік білім беру мекемелерiнiң энергия қондырғылары мен қазандықтары беретiн жылу энергиясын босату; оқу-көмекшi және қосалқы шаруашылықтардың өндiрiстiк қызметi; оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өнiмдерiн оқу-әдiстемелiк әдебиеттi сатудан алынатын қаражат; тәрбиеленушiлердiң оқу-өндiрiстiк шеберханалардағы, қосалқы шаруашылықтардағы, кәсiпорындар мен басқа да ұйымдардағы жұмысы үшiн алынатын қаражат; мектептер мен мектеп-интернаттарының білім алушылардың тамақтануы үшiн ата-аналардан алатын қаражаты; мемлекеттік білім беру мекемелерiнiң қарамағындағы асханалар ұсынған тамақтану үшiн білім алушылардан түсетiн төлем; білім алушылардың жұмысы үшiн мемлекеттік білім беру мекемелерi кәсiпорындардан алатын қаражат; мектеп жанындағы күндiзгi лагерьлерде балалардың болғаны үшiн ата-аналардан мектептер алатын қаражат сату) жатады. ҚР Үкіметінің 15.08.02 ж. № 905 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Кәсiптiк бастауыш мемлекеттік білім мекемелерiнiң ақылы білім беру қызметтерiн көрсетуге кәсiптiк бастауыш білімдi мамандарды қайта даярлау жөніндегі қызметтер көрсету де жатады. ҚР Үкіметінің 15.08.02 ж. № 905 қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 06.09.04 ж. № 936 қаулысымен 2-2-тармақ өзгертілді 2-2. Кәсiптiк жоғары мемлекеттік білім мекемелерiнiң ақылы білім беру қызметтерiн көрсетуге мыналар да жатады: 1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнің (қаржы полициясы) жоғары оқу орындары көрсететiн қызметтердi қоспағанда, кәсiптiк жоғары білімдi мамандарды даярлау жөніндегі қызметтер көрсету; 2) мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындары мен колледждер оқытушыларының біліктiлiгiн арттыру жөніндегі қызметтер көрсету. ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. № 190 қаулысымен 2-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.14.09. № 867 Қаулысымен 2-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-3. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1306 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 15.08.02 ж. № 905 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Ақылы білім беру қызметтерiн көрсету мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберiнде қаржыландырылатын негiзгi білім беру қызметiнiң орнына көрсетiле алмайды. 4. Ақылы білім беру қызмет көрсетулерi білім берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарының негiзiнде әзiрленген және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен мемлекеттік білім беру органдарымен (аудандық, қалалық және облыстық) келiсілген жұмыстық оқу жоспарлары (бағдарламалары) бойынша ұсынылады. ҚР Үкіметінің 15.08.02 ж. № 905; 24.02.03 ж. № 190 қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді 5. Бiлiм алушыларға және (немесе) тәрбиеленушiлерге ақылы білім беру қызмет көрсетулерi ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң тiлегi бойынша мемлекеттік білім беру мекемесi мен ата-аналардың немесе білім алушының және (немесе) тәрбиеленушiнiң өзге де заңды өкiлдерiнiң арасында жасалатын шарттың негiзінде жеке кесте бойынша ұсынылады. Ақылы білім беру қызметтерiн көрсету мәселелерi бойынша жасалатын үлгі шартты Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi. Осы Тәртiптiң 2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында көрсетiлген ақылы білім беру қызметтерiн көрсету білім алушыларға бастауыш және жоғары кәсiптiк мемлекеттік білім мекемелерi мен кәмелетке толған азаматтар немесе заңды тұлғалар арасында жасалатын шарт негiзiнде де ұсынылады. ҚР Үкіметінің 15.08.02 ж. № 905; 24.02.03 ж. № 190 қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бiлiм алушының және (немесе) тәрбиеленушiнiң ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң ақылы білім беру қызмет көрсетулерiн алудан бас тартуы білім алушыны және (немесе) тәрбиеленушiнi басқа сыныпқа (топқа) немесе мектепке (мекемеге) ауыстыру не шығару үшiн негiз болып табылмайды. Бұл ереже кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк жоғары мемлекеттік білім мекемелерi ұсынатын осы Тәртiптiң 2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында көрсетілген қызметтер көрсетуге қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 15.08.02 ж. № 905 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Оқушылардың және (немесе) тәрбиеленушiлердiң ата-анасынан немесе өзге де заңды өкiлдерiнен ақылы білім беру қызметтерiн көрсеткенi үшiн ақша алу тараптардың қол жеткiзілген уағдаластығының негiзiнде тiркеу жады бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдана отырып, кассалық кiрiс ордерлерiнiң негiзiнде жүргiзiледi. 8. Ақылы білім беру қызметтерiн көрсету туралы жазбаша шарт жасалған жағдайда заңдарда белгiленген талаптардан басқа, шарт мiндеттi түрде пәндердiң және (немесе) сабақтардың атауы, олардың көлемi, қызмет көрсетудің құны, тараптардың жауапкершiлiгi туралы деректердi қамтуы тиiс. 9. Ақылы білiм беру қызмет көрсетулерiнiң құнын тараптар қосымша сабақтардың мазмұны мен сапасы, сағаттардың саны, педагогикалық қызметкерлердiң біліктiлiгi, еңбекке ақы төлеу мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлерінің тиiстi санаттары үшiн қосымша ақының ставкалары бойынша есептерден айқындайды. 2. Ақылы білім беру қызметтерiн көрсетуден түсетiн қаражатты пайдаланудың тәртібі 10. Мемлекеттік білім беру мекемелерi ақылы білім беру қызмет көрсетулерiн iске асырудан алатын қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен қаржылық, материалдық және валюталық түсімдерді пайдаланудың тәртібінде айқындалған мақсаттарға бағытталады. 11. Ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден түсетін қаражатқа салық салудың тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |