|
|
|
"Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын (2005.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Астана қаласындағы халықаралық әуежайды қайта жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мемлекеттік сыртқы заем есебінен ішінара қаржыландырылатын, 180 миллион Америка Құрама Штаттары долларынан аспайтын сомадағы "Астана қаласындағы халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің және Көлік және коммуникациялар министрлігінің осы жобаны қаржыландыру үшін Жапонияның Шетелдік экономикалық ынтымақтастық қорының (ОECF) заемын тарту туралы ұсынысына келісім берілсін. ҚР Үкіметінің 27.09.02 ж. № 1062 қаулысымен (2003 ж. 1 қаңтарынан күшіне енді) 3-тармақ өзгертілді 3. "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамы Жапонияның Шетелдік экономикалық ынтымақтастық қорының (OECF) заемы бойынша "Атқарушы агенттік" (түпкілікті заемшы) болып және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі OECF заемы бойынша "Қадағалаушы агенттік" (тартылған қаражаттың ұтымды, тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган) болып белгіленсін. ҚР Үкіметінің 27.09.02 ж. № 1062 (2003 ж. 1 қаңтарынан күшіне енді); 2005.18.10. № 1042 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің және Көлік және коммуникациялар министрлігінің ұсыныстарын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі OECF заемның 20%-ін "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамына несие ретінде бередi, 80%-iн мердiгерлерге Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту жөніндегі қызметтерге ақы төлеу есебiне аударады деп белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2005.18.10. № 1042 Қаулысымен 4-1 тармағымен толықтырылды 4-1. Қайта жаңарту барысында мердігерлерден алынған негiзгi қаражат "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берiледi. ҚР Үкіметінің 27.09.02 ж. № 1062 қаулысымен (2003 ж. 1 қаңтарынан күшіне енді) 5-тармақ өзгертілді 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сырттан қарыз алу жөніндегі комитеті, Көлік және коммуникациялар министрлігі және "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамына осы қаулының 3 және 4-тармақтарында көзделген ұсыныстарды есепке ала отырып, Жапонияның Шетелдік экономикалық ынтымақтастық қорымен (OECF) техникалық келіссөздер жүргізсін және хаттамаға қол қойсын. 6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 3, 4, 5-тармақтарында көзделген ережелерді ескере отырып, Жапонияның Сыртқы істер министрлігімен ресми ноталармен алмасуды жүзеге асырсын. ҚР Үкіметінің 27.09.02 ж. № 1062 қаулысымен (2003 ж. 1 қаңтарынан күшіне енді) 7-тармақ өзгертілді 7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Жапонияның Шетелдік экономикалық ынтымақтастық қорымен (OECF) Заем туралы келісімді қол қоюға дайындасын; "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамымен тиісті несие келісіміне қол қойсын; 1999 жылдан бастап республикалық бюджеттің жобаларында аталған жобаны өтеусіз қаржыландыру үшін қаражат көздейтін болсын. 8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |