Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен (2015.29.12. берілген өзгерістермен)
Мемлекеттік қызметтi одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) ҚР Президентінің 2015.29.12. № 152 Жарлығымен күші жойылды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 330 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 61-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ережеде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Кадр резервiне есепке алынған азаматтар бiр жыл iшiнде лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде мемлекеттік әкiмшiлiк қызмет лауазымдарының тиiстi немесе төменгi санатының лауазымына біліктiлiк талаптарына сәйкес келген әрi олардың келісімi болған жағдайда конкурстан өтпей тағайындалуы мүмкiн."; мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: "12-1. Уәкiлеттi органның резервшiнiң өтiнiшi бойынша, ол біліктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда, лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде төменгi санаттағы лауазымдарға орналасу үшiн оны кадр резервiне ауыстыруға құқығы бар". 15-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Егер конкурстың нәтижесiнде бос қызмет орнына орналасуға үмiткер анықталмаса, конкурсқа қатысушылардың ешқайсысы кадр резервiне есепке алуға ұсыныла алмайды."; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|