|
|
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Орталық жүзу бассейні» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 372 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы ред. қара Орталық жүзу бассейнiнiң қаржылық және материалдық-техникалық базасын нығайту, спортшыларды даярлау тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгінің «Орталық жүзу бассейнi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталында мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен «Орталық жүзу бассейнi» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, халықаралық жарыстар мен ел чемпионаттарын өткiзуге қатысу, елдiң ұлттық командаларын және спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындау қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгілей отырып, Қоғамның Жарғысын бекiтсiн ; 2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену мен пайдалану құқығын берсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1253 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат): көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: реттiк нөмiрi 179-жол алынып тасталсын; көрсетiлген қаулыға 4-қосымша: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 129-жолмен толықтырылсын: «129 Орталық жүзу бассейнi, Абай даңғылы, 48-үй». 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген, Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: «Алматы қаласы» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-30-жолмен толықтырылсын: «123-30 Орталық жүзу бассейнi» ЖАҚ». 3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген, Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 228-3-жолмен толықтырылсын: «228-3 Орталық жүзу бассейнi» ЖАҚ». 4. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |