|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Оқу орындарының оқу-материалдық базасын сақтау, олардың педагогикалық құрамын нығайту, оқу-тәрбиелік және әдістемелік жұмыстардың сапасы мен тиімділігін арттыру, білім беру процесінің үздіксіз қағидатын іске асыру және мәдениет пен өнер саласында барынша сапалы, жаңа деңгейде жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» мемлекеттік мекемесі оған «Республикалық көркемсурет колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қайта ұйымдастырылған мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |