|
|
|
Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегіведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекіту туралы (2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 433 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.13.04. № 342 Қаулысымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2005.13.04. № 342 Қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 21 қарашадағы № 1418 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 47, 459-құжат); 2) «Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1322 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 49, 444-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 қарашадағы № 1418 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 947 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 319-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 Қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ ҚР Үкіметінің 2005.13.04. № 342 Қаулысымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2005.13.04. № 342 Қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану, сондай-ақ түрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттiк сәйкестігін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жұмыстарды үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесімдерiн, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 2. Комиссияның негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары 3. Комиссияның негізгі міндеттері мынадай ұсыныстарды әзірлеу болып табылады: 1) мемлекеттің шектеулі табиғи ресурсы ретінде радиожиілік спектрін пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының бөлу және пайдалану саласында радиоэлектрондық құралдардың даму үрдісі негізінде Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді сыртқы және ішкі саясаты жөнінде; 2) Қазақстан Республикасының радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тапсырыс берушi, оларды әзiрлеушi, пайдаланушы немесе шет елден сатып алушы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жұмысын үйлестiру жөнінде; 3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әзірлеу, өндіру және Қазақстан Республикасының ішкі рыногына жеткізу кезінде олардың негізгі техникалық сипаттамалары мен оларға қойылатын өзге де талаптарды анықтау жөнінде. 4. Комиссия келесі ұсыныстарды әзірлеу жөнінде мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) радиожиілік спектрін тиімді пайдалану үшін ақпарат жинау мен оларды есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу бойынша; 2) Қазақстан Республикасында өндірілетін, әзірленетін (жетілдірілетін) немесе шет елден сатып алынатын түрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін, сондай-ақ байланыстың спутниктік жүйелерінің (желілерінің) геостационар орбитасында жасанды спутниктердің қалқу орбиталары мен нүктелерінде (учаскелерінде) радиожиіліктер белдеулерін (номиналдарын) немесе радиожиілік арналарын бөлуді және пайдалануды жоспарлау жөнінде; 3) Қазақстан Республикасының аумағында түрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың перспективалы стандарттарын және технологияларын енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін конверсиялауды жүргізу жөнінде; 4) Қазақстан Республикасының аумағында әрі қарай пайдалану үшін мемлекеттік стандарттары жоқ түрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өндіру немесе шет елден сатып алу үшін талаптар мен негізгі техникалық сипаттамаларды (нормаларды) әзірлеу, анықтау және келісу жөнінде; 5) электр және радиобайланыс саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін жетілдіру жөнінде іс-шараларды жүргізу бойынша; 6) Қазақстан Республикасының байланысы саласындағы уәкілетті органының өкілдері Халықаралық электр байланысы одағының радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану мәселелері жөніндегі конференциялары мен жиналыстарына қатысуы үшін материалдар дайындау бойынша; 7) электр және радиобайланыс саласындағы халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында орындалуын қамтамасыз ету бойынша; 8) электр және радиобайланыс саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес одан әрі оларды Қазақстан Республикасының аумағында енгізу мақсатында түрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың жаңа стандарттары мен технологияларын бекіту жөнінде; 9) радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында олардың жиіліктік-аумақтық таралу нормаларын, сондай-ақ жиіліктік-аумақтық бөліну жоспарларын бекіту жөнінде; 10) байланыс саласындағы уәкілетті органның заңды (жеке) тұлғаларға радиоэлектрондық құралдардың радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беруі жөнінде. 5. Комиссияның негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында мыналарға құқығы бар: 1) радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 2) жол берілетін сәуле шығару санитарлық нормаларына және индустриалдық электр және радиокедергiлер нормаларына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды, сондай-ақ басқа да техникалық құралдарды әзірлеуді, өндiрудi, әкелуді және пайдалануды тоқтату немесе тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізуге; 3) Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша радиожиілік спектрін пайдаланушылардан қажеттi ақпарат сұрауға. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 14 қазандағы № 1124;02.02.04 ж. № 121; 21.06.04 ж. № 684; 2005.13.04. № 342 Қаулысымен (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Комиссияны төраға басқарады. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссия мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауапты болады. Комиссияның құрамына Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның қызметін орындайтын Комиссия төрағасының орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүдделі мемлекеттік органдарының және ұйымдарының өкілдері кіреді. ҚР Үкіметінің 09.09.03 ж. № 915 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. 8. Комиссия мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі және егер оларға Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысты, заңды деп есептеледі. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді. Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 9-1-тармақпен толықтырылды 9-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |