|
|
|
Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережесін бекіту туралы (2013.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.30.03 № 278 (бұр. ред. қара); 2005.28.10 № 1082 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен кіріспе өзгертілді «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын және «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережесi бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы астында теңiз сауда кемелерінің жүзу құқығын берудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы № 1231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 48, 584-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы № 1231 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 наурыздағы № 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 17, 180-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 278 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2005.28.10 № 1082 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.16.06 № 913 (бұр. ред. қара) ереже өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1647 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда кеменің жасы деп кемені тіркеу туралы құжатта көрсетілгендей, жасалған жылынан бері өткен уақыт кезеңі түсініледі. 3. Кемені мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және теңіз кемесін мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде алымдар алынады. 4. Кеме (салынып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында анықталатын тәртіппен алым алынады. ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде (бұдан әрі - Мемлекеттік кеме тізілімі), Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде (бұдан әрі - халықаралық кеме тізілімі), бербоут-чартер тізілімінде және жасалып жатқан кемелер тізілімінде кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады. Мемлекеттік кеме тізілімін, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тізілімін және жасалып жатқан кемелер тізілімін жүргізуді Порттың теңіз әкімшілігі қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүзеге асырады. Мемлекеттік кеме тізілімін, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тізілімін және жасалып жатқан кемелер тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді. 6. Кемені мемлекеттік тіркеуге арналған өтінішпен кеменің меншік иесі (кеме иесі) немесе ол уәкілеттік берген адам жүгінеді. ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі: 1) осы Қағидаларға сәйкес кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды қабылдау. Ұсынылатын құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде үш жұмыс күні ішінде оған құжаттарды қабылдаудан дәлелді жазбаша бас тартуды бере отырып, өтініш берушіге құжаттар қабылдаудан бас тартылады; 2) осы кемеге мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасындағы қайшылықтардың, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздің болмауын анықтау; 3) көрсетілген қайшылықтар мен мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін басқа негіздер болмаған кезде Мемлекеттік кеме тізіліміне, халықаралық кеме тізіліміне, бербоут-чартер тізіліміне, жасалып жатқан кемелер тізіліміне жазулар енгізу; 4) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттарды беру. 8. Кемелерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар: 1) құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады; 2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар шетелдегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде заңдастыруға жатады. Қарауға белгіленген тәртіппен расталған, оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың көшірмесі қабылдануы мүмкін. Егер ұсынылатын құжаттар шетел тілінде жасалған болса, оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды расталған аудармасы қоса беріледі; 3) құжаттардың мәтіндері анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылған болуы тиіс; 4) тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және оларда өзге де ескертілмеген түзетулер бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері бар құжаттар мемлекеттік тіркеуге қабылдауға жатпайды; 5) тіркеуге қажетті барлық құжаттар не екі данада беріледі, олардың бipі түпнұсқа, ал екіншісі - көшірмесі болуы тиіс не нотариалды расталған көшірмелері беріледі. Түпнұсқа тіркелгеннен кейін құқық иеленушіге қайтарылады. 9. Кемені мемлекеттік тіркеуден мынадай жағдайларда бас тартылады, егер: 1) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен тиісті емес адам жүгінсе; 2) осы Қағидаларда көзделген талаптар сақталмаса; 3) мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмесе. Бас тарту туралы кемені мемлекеттік тіркеуге ұсынған өтініш берушіге құжаттар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған сәттен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей бас тарту негізін көрсете отырып, жазбаша хабарланады. 10. Кемені мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжат жоғалған жағдайда Порттың теңіз әкімшілігі кеменің кеме иесінің өтініші бойынша үш жұмыс күні ішінде оған кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын береді. Кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен бірге Порттың теңіз әкімшілігі кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымдар сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынады. Кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру туралы мәліметтер кіріс құжаттарды есепке алу кітабына және кеме тіркелген тиісті тізілімге енгізіледі. 11. Шақыру сигналын ауыстырумен байланысты кеменің мемлекеттік тіркелуін растайтын жаңа құжаттарды беру кеменің мемлекеттік тіркелуін растайтын бұрын берілген құжаттарды қоса бере отырып, кеменің меншік иесінің (кеме иесінің) өтініші негізінде үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Шақыру сигналын ауыстыру және кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын жаңа құжатты беру туралы мәліметтер кеме тіркелген тиісті тізілімдерге енгізіледі.
2. Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 612 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Мемлекеттік кеме тізілімінде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құю, сүйрегіш кемелер, жүзбелі бұрғылау қондырғылары, құрғақ жүктер, жүзбелі крандар және техникалық флот кемелері (жер снарядтар және басқалары), сондай-ақ қуаттылығы кемінде елу бес киловатт басты қозғалтқыштарымен өздігінен жүзетін кемелер және сыйымдылығы кемінде сексен тонна өздігінен жүзбейтін кемелер тіркеуге жатады. Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады. 13. 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдар (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның меншігіндегі, кеменің жасалған жылы бес жылдан аспайтын және Солтүстік Каспий жобасын іске асыру үшін жасалған (сатып алынған) кемелер Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелуге жатады. Бұл ретте кеменің жасалған жылы туралы осы тармақтың бірінші абзацының талаптары Қазақстан Республикасының кеме тізілімдерінде бұрын тіркелген, сондай-ақ кейіннен меншік иесі 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдар (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын кез келген шетелдік заңды тұлғаның меншігіне берілген кемелерге қолданылмайды. 14. Мемлекеттік тіркеу үшін еркін нысанда өтініш, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кеме тізілімінің сауалнамасы, сондай-ақ мынадай құжаттар ұсынылады: 1) кемеге меншік құқығын растайтын құжат; 2) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік; 3) өлшеу куәлігі; 4) сыныптау куәлігі; 5) жолаушылар куәлігі (жолаушылар кемесі үшін); 6) кемені мемлекеттік тіркеген үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат; 7) кеме Солтүстік Каспий жобасын іске асыру үшін тікелей жасалғанын (сатып алынғанын) және 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімде көзделген тәртіппен Солтүстік Каспий жобасы бойынша өкілетті органға беруге жататынын растайтын Солтүстік Каспий жобасы жөніндегі оператордан хат; 8) осы мемлекеттің туын ауыстырғанға дейін тікелей тіркелген тізілімнен шет мемлекеттің кемесінің алынып тасталғанын және ипотека ауырлығы жоқтығын куәландыратын құжат; 9) меншік иесінің аты мен мекенжайын куәландыратын құжаттар. 15. Кемені мемлекеттік кеме тізіліміне енгізу осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес куәліктер берумен куәландырылады, ол кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайды. 16. Оқиғалар салдарынан немесе басқа да себептер бойынша кеме Мемлекеттік кеме тізіліміне бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда жүзуге техникалық жарамдығын растайтын құжат куәландырылғаннан және оны алғаннан кейін кемені мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш ұсынылуы бойынша Мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кемені қайта тіркеу жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдар өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін, коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын кемені пайдалану да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады. 17. Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерде сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес осындай құқықты растайтын және мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелгенге дейін, бірақ бір жылдан аспайтын уақытқа жарамды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүру құқығы туралы уақытша куәлікті (бұдан әрі - уақытша куәлік) берген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын пайдаланады. 18. Уақытша куәлікті Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі құқық иесінің мынадай құжаттарды қоса берген өтініші негізінде береді: 1) кемеге меншік құқығын растайтын құжат; 2) кемені бұған дейін тіркеген мемлекеттің құзыретті билік орындары берген (егер мұндай жағдай өтініш берілгенге дейін орын алған болса) кеменің бұл мемлекеттің тізілімінен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын құжаттар; 3) өлшем куәліктері; 4) біліктілік куәлігі; 5) жолаушылар куәлігі (жолаушылар кемелері үшін). ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 19. Уақытша куәлік беру туралы өтініш берген кезде жеке тұлға оның жеке басын куәландыратын құжатты, ал заңды тұлғаның өкілі - заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарын немесе олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ заңды тұлғаның атынан әрекет ету өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесінің консулдық лауазымды тұлғасы құжаттарды есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді. Уақытша куәлік берілгені туралы әрбір жазба тіркеу нөмірімен сәйкестендіріледі. Мұндай нөмір құжаттарды қабылдаған кезде беріледі және қабылдаған құжаттардың кіріс нөміріне сәйкес келеді. Ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі уақытша куәлік береді. Берілген уақытша куәлік туралы Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға уақытша куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, хабарлама жібереді. 20. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алынған кемені Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркеу Порттың теңіз әкімшілігіне мемлекеттік тіркеу туралы өтініш ұсынылуы бойынша осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 21. Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген кемені Порттың теңіз әкімшілігінің бербоут-чартер шарты бойынша беру кезінде: 1) Мемлекеттік кеме тізілімінің «Ескерту» бағанасына меншік иесінің өтінімінің негізінде бербоут-чартер шартының қосымшасымен бербоут-чартер шартының қолданылу мерзімі көрсетілген тиісті жазба енгізіледі; 2) «Кеме иесінің атауы және мекен жайы» бағанасына бербоут-чартер шарты бойынша кеме жалдаушының мәліметтері енгізіледі. Бұл ретте кемеде теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы болу қажет.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 2-1-бөліммен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2-1. Кемелер мен оларға құқықтарды Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу
21-1. Кемеге меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар (бербоут-чартер бойынша жалдап алынған кемеге осы құқықтарды қоспағанда), осы құқықтарды шектеулер (ауыртпалықтар), олардың туындауы, ауысуы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатады. Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға қатысты шектеулер (ауыртпалықтар) белгіленген кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу және мұндай кемені аталған тізілімнен шығару пайдасына тиісті шектеу (ауыртпалық) белгіленген адамның жазбаша нысандағы келісімімен жүзеге асырылады. 21-2. Кемелер шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінде тіркелген және халықаралық кеме тізілімінде тіркеу туралы өтініш берілген күні олардың шығарылған жылдары жиырма жылдан асқан болса, олар халықаралық кеме тізілімінде тіркеуге жатпайды. 21-3. Кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу кезінде кеме иесі (кеме иеленушісі) немесе олар уәкілеттік берген адамдар мынадай құжаттарды ұсынады: 1) еркін нысанда өтініш; 2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кеме тізілімінің сауалнамасы; 3) өлшеу куәлігі; 4) сыныптау куәлігі; 5) теңіз кемесін мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат. Сондай-ақ меншік құқығындағы кемені тіркеу үшін: 1) кемеге меншік құқығын растайтын құжат; 2) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік (қолданылатын болса); 3) жолаушылар куәлігі (жолаушылар кемесі үшін); 4) осы мемлекеттің туын ауыстырғанға дейін тікелей тіркелген тізілімнен шет мемлекеттің кемесінің алынып тасталғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын құжат; 5) меншік иесінің аты мен мекенжайын куәландыратын құжаттар ұсынылады. Мемлекеттік кеме тізілімінде кеменің тіркелуі әлі жарамды болған жағдайда, осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы және кемеге меншік құқығы туралы куәліктерінің тек көшірмелері ғана ұсынылады. Сондай-ақ бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған кемені тіркеу үшін: 1) кеме жалдаушының аты мен мекенжайын растайтын құжаттар; 2) бербоут-чартер шарты; 3) шет мемлекеттің құзыретті билік орындары берген, онда кеме тікелей ту ауыстырылғанға дейін тіркелген, осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрғанын немесе бұл құқық Қазақстан Республикасының бербоут-чартерлік тізілімінде кеме мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап тоқтатыла тұрған кемені Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыруға келісу туралы, сондай-ақ кемеге ипотека ауыртпалығы салынғаны туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар; 4) кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауыстыруға меншік иесі және кеменің тіркелген ауыртпалығына кепіл ұстаушының жазбаша рұқсаты; 5) кеме Солтүстік Каспий жобасын іске асыру үшін жалға алынғанын растайтын Солтүстік Каспий жобасы жөніндегі оператордан хат (осы Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар жалға алған кемелер үшін) ұсынылады. Бербоут-чартер тізілімінде кеменің тіркелуі жарамды болған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәліктің көшірмесі ғана ұсынылады. 21-4. Бербоут-чартер бойынша жалға алынған кемені халықаралық кеме тізілімінде тіркеу мерзімі осындай кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру мерзімінен аспайтын болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімді уәкілетті орган осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында көзделген тәртіппен қабылдайды. 21-5. Кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізіліміне енгізу: 1) меншік құқығындағы кемеге - осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы және кемеге меншік құқығы туралы куәліктер; 2) бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған кемеге - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік беру арқылы куәландырылады.
3. Бербоут-чартер тізілімінде кемелерді мемлекеттік тіркеу
22. Бербоут-чартер тізілімінде шет мемлекеттердің тізілімінде тіркелген және бербоут-чартер бойынша: 1) қазақстандық кеме жалдаушыға; 2) 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдар (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер, қосалқы мердігерлер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаға ұсынылған теңіз кемелері тіркеуге жатады. ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 23. Уәкілетті орган теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша рұқсат беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мұндай кеме бербоут-чартер тізіліміне тіркеуге жатады. ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 612 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 24-тармақ өзгертілді 24. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешім қабылдау үшін кеме иесі уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді: 1) бербоут-чартер шарты; 2) шет мемлекеттің құзыретті билік орындары берген, онда кеме тікелей ту ауыстырылғанға дейін тіркелген, осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрғанын немесе бұл құқық Қазақстан Республикасының бербоут-чартерлік тізілімінде кемені мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап бұл құқық тоқтатыла тұратынын растайтын кемені Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыруға келісу туралы, сондай-ақ кеменің ипотека ауыртпалығы туралы мәліметтерді қамтитын құжат; 3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға меншік иесі және кеменің тіркелген ауыртпалығына кепіл ұстаушының жазбаша рұқсаты; 4) сыныптау куәлігі; 5) кеме Солтүстік Каспий жобасын іске асыру үшін жалға алынғанын растайтын Солтүстік Каспий жобасы жөнінде оператордан хат (осы Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар жалға алған кемелер үшін). ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 612 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ өзгертілді 25. Уәкілетті органның құжаттарды қарауы он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, қарау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы рұқсат беріледі немесе мынадай жағдайларда: 1) теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарына кеменің сәйкес келмеуін көрсететін негіздер болған кезде; 2) осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген тұлғалар кемені Солтүстік Каспий жобасын іске асыру мақсатынсыз жалға алған кезде; 3) бербоут-чартер тізілімінде тіркеу мерзімін ұзартуға жататын кемелерді, қазақстандық флоттың құрамында болмайтын мамандандырылған кемелерді, сондай-ақ реновация, жаңғырту және қайта жабдықтау рәсімінен өткен кемелерді қоспағанда, кеменің шығарылған уақыты 20 жылдан жоғары болған кезде бас тартылады. 26. Кемені мемлекеттік тіркеуге өтініш еркін нысанда Порттың теңіз әкімшілігіне мынадай құжаттарды қоса беріле отырып, беріледі: 1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес кеме тізілімінің сауалнамасы; 2) кемені жалдаушының аты мен мекенжайын растайтын құжаттар; 3) бербоут-чартер шарты; 4) шет мемлекеттің құзыретті билік орындары берген, онда кеме тікелей ту ауыстырылғанға дейін тіркелген, осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрғанын немесе бұл құқық Қазақстан Республикасының бербоут-чартерлік тізілімінде кемені мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап бұл құқық тоқтатыла тұратынын растайтын кемені Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыруға келісу туралы, сондай-ақ кеменің ипотека ауыртпалығы туралы мәліметтерді қамтитын құжат; 5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға меншік иесі және кеменің тіркелген ауыртпалығына кепіл ұстаушының жазбаша рұқсаты; 6) өлшеу куәлігі; 7) сыныптау куәлігі; 8) кемені мемлекеттік тіркеген үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат; 9) кеме Солтүстік Каспий жобасын іске асыру үшін жалға алынғанын растайтын Солтүстік Каспий жобасы жөнінде оператордан хат (осы Қағиданың 22-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар жалға алған кемелер үшін). ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1314 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 27. Кемені бербоут-чартер тізіліміне енгізу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуге уақытша құқығы туралы куәлік берілуімен куәландырылады. Бербоут-чартер тізілімінде тіркелген шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқығын уақытша беру мерзімі өткен кезде, қазақстандық кеме жалдаушы немесе осы Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасында көзделген адам жүзуге уақытша құқық беру мерзімі өткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде Порттың теңіз әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы тиісті куәлікті қайтарады. ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 612 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |