|
|
|
Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға (2006.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Кеден органдарының экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi рөлiн арттыру, заңнамалық базаны жетiлдiру, кеден рәсiмдерiн оңтайландыру және оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 38 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын. ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 38 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына жүктелсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2003 жылғы 3 қазандағы № 1019 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы 1. Паспорт
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы Негiзгi әзiрлеушi Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Бағдарламаның негiзгi Қазақстан Республикасының сыртқы сауда мақсаты қатынастарын дамыту және экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн кедендiк әкiмшiлендiрудiң нысандары мен әдiстерiн халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келтiру Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң қажеттiлiгiнiң қабылдануына байланысты заңнамалық базаны негiздемесi оған сәйкес келтiру және одан әрi жетiлдiру талап етiледi. Қазақстанның халықаралық конвенцияларға қосылуы және Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуi шеңберiнде iс-шаралар жүргiзу. Халықаралық шарттардың iс жүзiнде iске асырылуын қамтамасыз ету, таяу және алыс шетелдердiң кеден қызметтерiмен жедел ақпарат алмасуды тұрақты негiзде жүзеге асыру үшін кеден органдарының материалдық жағынан нашар жарақтандырылуы мәселесiн шешу талап етiледi. Бағдарламаның негiзгi Кедендiк әкiмшiлендiрудi жетiлдiру, мiндеттерi кедендiк бақылау әдiстерi мен нысандарының тиiмдiлiгiн арттыру; қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды одан әрi енгізу; кеден статистикасын дамыту және оның базасында сыртқы сауданың сенiмдi статистикасын қалыптастыру; шекаралас мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен өзара iс-қимылды нығайту. Бағдарламаны Республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру көздерi 12 320,9 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 3 548,6 млн. теңге, 2005 жылы - 4 554,4 млн. теңге, 2006 жылы - 4 217,9 млн. теңге сомасында қаржыландыру көлемi талап етiледi. Бағдарламаны iске асыру 2004-2006 жылдар мерзiмдерi Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде оның материалдық-техникалық базасы одан әрi дамиды және жаңарады, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендiк қызмет көрсету технологиясы жақсарады, кеден қызметкерлерiнiң кәсiби даярлық деңгейi артады, кеден қызметiн заңнамалық, нормативтiк құқықтық, әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету жақсарады. Тұтастай алғанда кеден жүйесiнiң жұмыс істеу тиiмдiлiгi артады. 2004-2006 жылдардағы мемлекеттік бюджетке кедендiк төлемдер мен салық түсiмдерiнiң болжамды өсiмi тұтастай алғанда 100,0 млрд. теңге болады: 2004 жылы - 31,0 млрд. теңге, 2005 жылы - 34,0 млрд. теңге, 2006 жылы - 35,0 млрд. теңге. Мақсаты отандық рынокты қорғаудан, ұлттық экономиканың құрылымдық қайта құрылуын ынталандырудан, кеден төлемдерi мен салықтарының eң көп жиналуын қамтамасыз ететiн тиiмдi кедендiк әкiмшiлендiрудi ұйымдастырудан көрiнетiн кеден саясаты ел дамуының орта және ұзақ мерзiмдi стратегиясының ажырамас бөлiгi болып табылады. Кеден саясатын табысты iске асыру кеден қызметiнiң даму деңгейiне, оның беделi мен құзыреттiлiгiн халықаралық сауда қоғамдастығының тануына, сондай-ақ ел iшіндегі кең әлеуметтiк қолдауға тiкелей тәуелдi болады. Кеден қызметiн одан әрi жетiлдiру қажеттiлiгi кеден органдары қызметiнiң сапасы мен тиiмдiлiгiне, оның халықаралық iскерлiк және сауда операцияларын жүзеге асыру практикасына сәйкестiгiне қойылатын жоғары талаптарға негiзделген. Кеден саясатының құрамдастарын негiзге ала отырып, кеден қызметiнiң одан әрi дамуы кеден органдары қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары бойынша жүзеге асырылуы тиiс: мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысу; әлемдiк сауда қоғамдастығымен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, халықаралық кеден ұйымдарымен, басқа елдердiң кеден органдарымен үйлесiмдi қарым-қатынастарды ұстану және дамыту; сыртқы экономикалық қызметтi кедендiк-тарифтiк реттеу тетiгiн қалыптастыруға қатысу; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тең құқықтарын қамтамасыз ету, контрабанда мен кеден ережелерiн бұзушылықтардың жолын кесу; кеден рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде тиiмдiлiк пен айқындылықты арттыру; кеден органдары қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн көтеру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендiк қызмет көрсету саласында және қызметтiң өз iшiнде жалпы және кәсiптiк әдеп нормалары мен құндылықтарын қалыптастыру және ұстану. Кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) қазiргi кезеңде кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердiң тиiмдi шешiлуiн қамтамасыз ету мақсатында кеден қызметiнiң жұмысын оның барлық бағыттары бойынша одан әрi жетiлдiруге бағытталады. 3. Проблеманың қазiргi кездегi жай-күйiн талдау Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу кезiнде фискальдық, бақылау функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын орындай отырып, кеден қызметi соңғы жылдары өзiнiң мемлекет жүргiзiп отырған сыртқы экономикалық саясаттағы рөлiн елеулi түрде күшейттi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қарашадағы № 1746 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн реформалаудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын" iске асыру кеден қызметiн дамытудағы елеулi қадам болып табылды. Қазақстанның әлемдiк экономикалық қатынастар жүйесiне ықпалдасу процесi кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру қажеттiлiгiн алдын ала белгiледi. Осы мақсатта 2003 жылғы 1 мамырдан бастап күшiне енген Қазақстан Республикасының Кеден кодексі әзiрленiп, қабылданды, онда кеден рәсiмдерiн үйлестiру мен оңайлату мақсатында халықаралық конвенциялардың ережелерi ескерiлдi, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынастардың жаңа қағидаттары мен кеден органдары жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру тетiктерi енгiзiлдi. Кеден кодексiн iске асыру үшiн оның бiртектi қолдануы мақсатында кеден iсi саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлендi, қабылданды және жүйелендiрiлдi. Қазақстан Республикасының кеден қызметiн реформалаудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру барысында кедендiк әкiмшiлендiру нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру үздiксiз негiзде жүзеге асырылды. Оның мақсаты оларды сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшiн неғұрлым айқын және түсiнiктi ете отырып, кеден рәсiмдерiн оңайлату болды, бұл, өз кезегiнде, олар үшiн қолайлы жағдайлар жасайды. Кедендiк ресiмдеу тәртібін оңтайландыру мақсатында мамандандырылған кеден бекеттерiнде - "Кедендiк ресiмдеу орталықтарында" кедендiк бақылауды құжаттыққа және iс жүзіндегіге бөлу қағидатына сәйкес келетiн және "күнбе күн" әдiсi бойынша кеден рәсiмдерiн жүргiзудiң ұзақтығын қысқартуға ықпал ететiн кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың үш кезеңдi тетiгi енгiзiлдi. 2002 жылдың қорытындылары бойынша жүк кедендiк декларациялардың 84%-ға жуығы бiр жұмыс күнi iшiнде ресiмделдi. Бiрнеше жыл iшiнде республиканың кеден қызметi фискальдық функциясын орындау кезiнде тұрақты оң серпiнге қол жеткiздi. 2002 жылы мемлекеттік бюджетке 155,3 млрд. теңге аударылды, бұл 1999 жылдың түсiмдерiнен 4 еседен астам артық (1-кесте). 1-кесте
Мемлекеттік бюджетке салық түсiмдерiнiң жалпы сомасындағы кеден төлемдерi мен салықтарының үлес салмағы 1999 жылғы 11,8%-дан 2002 жылы 19,6%-ға дейiн өстi. Мұндай нәтижелерге қол жеткізуге кеден органдарының қызметiне қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгізу және пайдалану көбiне көп ықпал еттi. 2001 жылғы шiлдеде кеден органдарын басқарудың тiк құрылымын нығайтуға, ақпараттармен алмасу процестерiн елеулi түрде жеделдетуге мүмкiндiк берген Қазақстан Республикасының кедендiк автоматтандырылған ақпарат жүйесiнiң (ҚР КААЖ) бiрiншi кезегi енгiзiлдi. ЕурАзЭҚ елдерi Кеден Қызметтерiнiң Басшылары Кеңесiнiң шешiмiне сәйкес республиканың кеден қызметi Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер кеден қызметтерiнiң ақпараттық ресурстарымен автоматтандырылған алмасу жүйесiн құру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүргiзуде. 2000-2002 жылдар iшiнде кеден органдарының сыртқы байланыстарды дамыту жөніндегі қызметi жанданды, халықаралық сауда және кеден ұйымдарына ықпалдасу процестерi жалғасты, шет елдермен кеден мәселелерi бойынша бiрқатар екi жақты және көп жақты шарттар мен келісімдер жасалды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына үлкен назар аударылды. Бұл бағыттағы алдын алу жұмысының тиiмділігi туралы соңғы жылдар iшіндегі кеден органдарында анықталған құқық бұзушылықтардың қысқаруы бойынша таразылауға болады: 2000 жылы - 200, 2001 жылы - 185, 2002 жылы - 142 құқық бұзушылық. Кеден органдары жұмысының маңызды саласы экономикалық қылмыстарға және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, тауарлар мен көлiк құралдары, есiрткi заттары мен прекурсорлар, қару-жарақ, оқ-дәрiлер, республика үшiн мәдени және тарихи құндылығы бар заттар контрабандасының жолын кесу болып қала бередi. Оларға қатысты кеден органдары қылмыстық iстер қозғаған анықталған қылмыс фактілерінiң өсуi қызметкерлердiң кәсiби дағдыларының жоғарылағандығын куәландырады (2-кесте). 2-кесте
Соңғы екi жылдың iшiнде жеке құраммен кадр жұмысын жаңа деңгейге көтеруге, қызметкерлерде тапсырылған iске жауапкершiлiк пен патриотизм сезiмiн тәрбиелеуге мүмкiндiк берген ведомстволық нормативтiк кесiмдер қабылданды. Кадрлардың сапалық құрамы жақсарды, жоғары экономикалық, заңгерлiк және арнайы кедендiк білімi бар мамандардың саны көбейдi, алайда олардың үлесi әлі де қызметкерлердiң жалпы санының 50% жуығын құрайды. Осыған байланысты кеден органдарына жоғары кәсiби қызметкерлер тарту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Кеден органдарының қызметiн жақсартудың маңызды факторы кеден қызметiн инфрақұрылымның қажеттi элементтерiмен қамтамасыз етiлудiң сапалық жаңа деңгейi болып табылады. "Жiбек жолы", "Қайрақ", "Қордай", "Жаңа жол" iрi кеден бекеттерi салынды, "Қорғас" және "Бахты" кедендерi қайта жаңғыртылды, Алматы қаласындағы Кинологиялық орталық iске қосылды. Осы барлық кеден объектiлерi халықаралық стандарттарға жауап бередi. Қазақстан Республикасының әлемдiк шаруашылық байланыстарға тиiмдi түрде ену жағдайларын жасау үшiн кедендiк әкiмшiлендiрудiң нысандары мен әдiстерiн халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келтiру кеден қызметiн инфрақұрылымның қажеттi элементтерiмен қамтамасыз етудiң сапалы жаңа деңгейiн талап етедi. Соңғы жылдары кеден бекеттерiнiң құрылысын салу мен жайластыруға бюджеттік қаржыларды қысқарту үрдiсi байқалады. Мәселен, егер 2000 жылы кеден бекеттерiнiң құрылысын салу мен жайластыруға арналған бюджеттік қаржы 597 млн. теңгенi құраса, үстiмiздегi жылдың жоспары 35 млн. теңгенi құрады. Кеден органдарының шекаралық қызметпен, iшкi iстер органдарымен, көлiктiк бақылау қызметiмен және басқа да бақылаушы органдармен өзара iс-қимылын жақсарту мақсатында "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттік бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегi № 1358 қаулысы қабылданды. "Қазақстан Республикасының автомобильдiк өткізу бекеттерiнде бiрыңғай бақылау-өткізу бекеттерiн жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қарашадағы № 1256 қаулысымен құрылған ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiн оларда кедендiк, шекаралық, санитарлық-карантиндiк, көлiктiк бақылау, көшi-қон полициясы қызметтерiн орналастыра отырып, бiрыңғай бақылау-өткізу пункттерiнiң құрылысын салу жөніндегі бағдарламаның әкiмшiсi етiп белгiледi. Аталған комиссияның хаттамасымен 2004-2006 жылдары бiрiншi кезекте құрылысын салу мен жайластыру жоспарланған 14 өткізу пункттерiнiң (Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында) тiзбесi бекітілдi. Сонымен бiрге, қазiргi кезде кеден бекеттерiнде тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу электр генераторлары пайдаланыла отырып жүргiзiлетiндiгiне қарамастан, жұмыс iстеп тұрған 160 кеден бекетiнiң 26-сында электр беру желiлерi жоқ. Ғылыми-техникалық саланың қазiргi заманғы дамуы кезеңiнде Қазақстан Республикасы кеден органдарының алдында өзiнiң техникалық және сапалық сипаттамалары бойынша халықаралық стандарттар деңгейiнде дәл, жедел және сапалы кедендiк бақылауды жүзеге асыруға қабiлеттi кедендiк бақылаудың техникалық құралдарымен жарақтандыру мiндетi тұр. Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне сәйкес кеден органдары мiндеттерiнiң бiрi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргiзу болып табылады. Бүгiнгi күнi ол тек жарақтандырылу пайызы 2003 жылғы 1 қаңтарға 30% құрайтын ықшам iздестiру дозиметрлермен ғана (радиоактивтiк материалдарды iздестiруге бағытталған) жүзеге асырылады. Әсiресе автомобильдiк және темір жол өтпелерiнде радиоактивтiк материалдардың өткiзілуiн тұрақты анықтау жүйелерiнiң көмегiмен дәл және тұрақты бақылауды жүзеге асыру мәселесi өткiр болып отыр. Кеден органдарында мұндай жүйелердiң болуы қазiргi 34 жиынтық қажеттiлiк жағдайында тек 4 жиынтықты ғана құрайды. Кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын сатып алуға, арналған бюджеттік қаржының жеткiлiксiз бөлiнуiне байланысты кеден органдарының материалдық-техникалық базасының дамуы кедендiк бақылауды ұйымдастыру
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |