|
|
|
Орман қорының мемлекеттік есебiн жүргiзу ережесін бекіту туралы (2011.01.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1087 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Орман қорының мемлекеттік есебiн жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1182 қаулысымен бекітілген
Орман қорының мемлекеттік есебiн жүргiзу ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және орман қорының мемлекеттік есебiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртібін регламенттейдi (бұдан әрi - Ереже). 2. Орман қорының мемлекеттік есебi (бұдан әрi - есеп) орман қорының күзетiлуi мен қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылу мөлшерiн анықтауды, орман қорының сандық және сапалық өзгерістерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттік органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi. 3. Ескерiлетiн көрсеткiштерiне қарай есепке алу жыл сайынғы және кезеңдiк есептер болып бөлiнедi, олар есептi жылдан кейiнгi 1 қаңтардағы жағдай бойынша жүргiзiледi. 4. Жыл сайынғы есептi жүргiзу кезiнде аудандар, қалалар, облыстар және республика бойынша: 1) мемлекеттік орман қоры санаттарының бөлiнiсiнде мемлекеттік орман қоры алқаптарының алаңдары (мемлекеттік орман иеленушiлер бойынша); 2) жекеше орман қорының алаңдары (жекеше орман иеленушiлер бойынша) ескерiледi. 5. Кезеңдiк есеп бес жылда бiр рет жүргiзiледi. Кезеңдiк есептi жүргiзу кезiнде жыл сайынғы есептiң деректерiне қосымша басым кездесетiн ағаш және бұта тұқымдары мен жас топтарының бөлiнiсiнде сүрек қорларының бар-жоғы, орман шаруашылығын жүргiзу және орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн бағалау үшiн қажет орман қорының қорғалу және экономикалық сипаттамалары туралы деректер ескерiледi. 6. Орман қорының алаңы 0,05 гектардан асатын (0,1 гектарға дейiн дөңгелектеп алғанда) барлық учаскелерi есепке алынуға жатады. Есеп құжаттарында мәлiметтер тұтас гектарлар күйiнде келтiрiледi. 7. Есеп жүргiзу кезiнде ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке жолмен есепке алынады. Мемлекеттік табиғи қорықтар (биосфералық түрлерiн және сепортер-қорықтарды қоса алғанда), мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттік табиғи резерваттар шекарасында орналасқан мемлекеттік табиғи орман ескерткiштерi солардың құрамында есепке алынады. 8. Есеп құжаттамасын жүргiзу тәртібін, есеп көрсеткiштерiнiң тiзбесiн, тиiстi құжаттардың нысандарын, есеп материалдарын беру мерзiмiн орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) айқындайды. 9. Мемлекеттік орман қорының құрамында есепке алынуға мыналар жатады: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда); 2) мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн берiлген табиғи және қолдан өсiрілген ормандар, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi; 3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулеріндегі енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелер; 4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жасалған енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер. 10. Жекеше орман қорының құрамында есепке алынуға мыналар жатады: 1) мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен жасалған және шаруа қожалықтары мен өзге ауыл шаруашылығы ұйымдары сатып алған енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам агроорман-мелиорациялық екпелер; 2) Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде солардың қаражаты есебiнен жасалған енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қолдан өсiрiлген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер. 11. Есеп деректерi жыл сайын жаңартылып отырады. Оны жаңартуға және есеп құжаттарына өзгерістер енгізуге орман өсiрудi жоспарлау материалдары және орман иеленушiлер: 1) шаруашылық қызметпен қамтылған немесе табиғи факторлар салдарынан өзгерістерге ұшыраған учаскелердi қаз-қалпында куәландыру актілері; 2) мемлекеттік органдардың: жер учаскелерiн орман қорының жерлерi және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi санатына енгізу; мемлекеттік орман қорының жерлерiн алу; мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан басқасына ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштағы учаскелердi бөлiп алу; орманды жерлердi орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн оларды мемлекеттік орман қорындағы ормансыз жерлерге ауыстыру; ормансыз жерлердi мемлекеттік орман қорындағы орманды жерлерге ауыстыру; мемлекеттік орман қорының жерлерiн орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттар жерiне ауыстыру және (немесе) мемлекеттік орман қорының жерлерiн мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн алу жөніндегі шешiмдерi негiзiнде орман қоры есебiнiң деректерiне жыл сайын енгiзiлiп отыратын деректер негiздеме болып табылады. 12. Есепке алуды ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдалана отырып, сондай-ақ қағазға басылған күйiнде уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Автоматтандырылған ақпараттық есеп жүйелерi мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендер базасында құрылады, олардың жұмыс iстеу тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды. 13. Есеп жүргiзу үшiн қажеттi материалдарды: өздерiнiң қарауындағы мемлекеттік орман иеленушiлер бойынша облыстық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар; уәкiлеттi органның қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер; жекеше орман иеленушiлер уәкiлеттi органның аумақтық органдарына бередi. 14. Уәкiлеттi органның аумақтық органдары берiлген есеп материалдарын тексерудi жүзеге асырады, оларды өңдейдi және жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық аумақтық органдармен келiсе отырып оларды уәкiлеттi органға қарауға және бекітуге жiбередi. 15. Уәкiлеттi орган есеп деректерiн өңдейдi және аудандар, қалалар, облыстар және жалпы республика бойынша жыл сайынғы және кезеңдiк есептер ретiнде бекітіледi. ҚР Үкіметінің 2011.01.09. № 1002 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Есеп материалдарында дәлсіздіктер байқалған немесе олар толық көлемде берілмеген жағдайларда олар пысықтауға қайтарылады. 17. Есептi жүргiзу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |