|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 және 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2007.20.03. берілген өзгерістерімен )
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 412 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Республикалық бюджетте 041 «Шетелдiк іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысында: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «041» деген сандар алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте 041 «Шетелдiк iссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiнде: тақырыбындағы және 1, 2, 4-тармақтардағы «041» деген сандар алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының» деген сөздермен ауыстырылсын; «039 «Мемлекеттік шекараны межелеу» және 040 «Мемлекеттік шекараға қада қағу» бағдарламалары бойынша» деген сөздер «тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Iссапар шығыстарына арналған қаражатты бөлу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмi жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылданады. Объективтi себептерге орай, осы Ереженiң 9-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмiн жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылдау мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, белгiленген тәртiппен iссапар шығыстарын өтеу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмi қабылдануы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын: «10-1. Iссапар шығыстарына арналған қаражатты бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімi жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылданады. Объективтi себептерге орай, осы Ереженің 10-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің шешiмдерiн жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейін дейін қабылдау мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, белгіленген тәртіппен iссапар шығыстарын өтеу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмi қабылдануы мүмкiн.»; 2) ҚР Үкіметінің 2007 ж. 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара ) 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |