|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді: 1. «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 45, 493-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Энергия көздерi шинынан электр энергиясын берудi техникалық диспетчерлендiру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгi шарт»; шарттың кiрiспесiндегі «энергия көздерi шинынан электр энергиясын берудi» деген сөздер «электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: бесiншi абзацтағы «электр қуатын,»деген сөздер алынып тасталсын; оныншы абзацтағы «қуаты мен» деген сөздер алынып тасталсын; он бiрiншi абзацтағы «қуатын және/немесе» деген сөздер алынып тасталсын; он үшiншi абзацтағы «электр қуаты мен» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын: «нақты көлемi - желiлердiң тиесілілігіне қарамастан, кернеулердiң барлық сыныптарының желісіне (желiлерi арқылы), оның ішінде Тапсырысшының желісіне Тапсырысшы берген (импорттайтын) электр энергиясының көлемi;"; 3-тармақтағы «Энергия көздерi шинынан электр энергиясын берудi» деген сөздер «Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «қуатын» деген сөз «энергиясын» деген сөзбен ауыстырылсын; 8-тармақтағы «қуатын беру шамасының» деген сөздер «қуаты маңызының» деген сөзбен ауыстырылсын; 10-тармақтың екінші абзацында: «Электр энергиясын берудің» деген сөздерден кейін «желiге берудiң және тұтынудың» деген сөздермен толықтырылсын; 14-тармақтағы «жеткiзiп берудi» деген сөздер «желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі қызметтер көрсетудi» деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тармақта: 2) тармақшадағы «электр энергиясымен жабдықтау» деген сөздер «электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «электр энергиясын беруде» деген сөздер «электр энергиясын желiге беруде және тұтынуда техникалық диспетчерлендiру жөніндегі қызметтер көрсетудi» деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) электр энергиясын желiге берудiң және тұтынудың бекітілген тәулiктік кестесiн сақтауға;"; 17-тармақта: 1) тармақшадағы «Тапсырысшының энергия құрылғылары шинынан келісім-шарттық жеткiзiлiмiн» деген сөздер «электр энергиясын желiге берудiң және тұтынудың шартты шамасын» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) және 3) тармақшаларда: «энергия құрылғылары шинынан» деген сөздер «желiге» деген сөзбен ауыстырылсын; «алпыс минут» деген сөздер «жиырма минут» деген сөздермен ауыстырылсын; 19-тармақтың 11) тармақшасындағы «киловатт» деген сөз «киловольт» деген сөзбен ауыстырылсын; 20-тармақта: 1) тармақшада: «беруге» деген сөзден кейiн «және/немесе тұтынуға» деген сөздермен толықтырылсын; «өзiнiң тұтынушыларына» деген сөздер алынып тасталсын; 5) тармақшадағы «энергия құрылғы шинынан» деген сөздер «желiге» деген сөзбен ауыстырылсын; 24-тармақтың екiншi абзацындағы және 25-тармақтағы «берiлген электр энергиясы», «берiлген электр энергиясының» деген сөздер «көрсетілген қызметтердiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 28-тармақтағы «Электр энергиясын беру» деген сөздер «Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру» деген сөздермен ауыстырылсын; 30-тармақтағы «электр энергиясын өңiраралық деңгейдегi желiлер арқылы беру жөнiндегі» деген сөздер «электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын; 38-тармақта: «Энергия көзi шинынан электр энергиясын берудi» деген сөздер «Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды» деген сөздермен ауыстырылсын; «Тұтынушымен» деген сөз «Тапсырысшымен» деген сөзбен ауыстырылсын; 42-тармақта: «техникалық диспетчерлендiру» деген сөздердiң алдынан «электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды» деген сөздермен толықтырылсын; «ұзартылады» деген сөзден кейiн «және Шартқа қосымша келісіммен ресiмделедi» деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған үлгi шартта: 1-тармақта: жетiншi абзац «Орындаушы мен Тапсырысшының» деген сөздерден кейiн «және/немесе үшіншi тұлғалардың» деген сөздермен толықтырылсын; он бесiншi абзацтағы «киловатт» деген сөз «киловольт» деген сөзбен ауыстырылсын; он алтыншы абзацтағы «қуаты мен» деген сөздер алынып тасталсын; он жетiншi және жиырма бiрiншi абзацтардағы «мен қуатын энергияны», «мен қуатын» деген сөздер алынып тасталсын, он жетiншi абзацтағы «энергиясы» деген сөз «энергиясын» деген сөзбен ауыстырылсын; жиырмасыншы абзацтағы «электр қуаты мен» деген сөздер алынып тасталсын; 26-тармақтың 1) тармақшасындағы «тұтынылған қуатының» деген сөздер алынып тасталсын; 27-тармақтың 2) тармақшасындағы және 32-тармақтағы «мен қуатын» деген сөздер алынып тасталсын, «энергиясы» деген сөз «энергиясын» деген сөзбен ауыстырылсын; 46-тармақтағы «электр қуаты мен» деген сөздер алынып тасталсын; 49-тармақтағы «Тұтынушымен» деген сөз «Тапсырысшымен» деген сөзбен ауыстырылсын; 50-тармақтың бiрiншi абзацы алынып тасталсын; 51-тармақтың екiншi абзацында: «өзге жағдайларда» деген сөздер «тәртiппен» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |