|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 маусымдағы ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1082 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Мемлекеттік органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексерулер жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 27, 254-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін: 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне мемлекеттік органдардың тексерулер жүргiзу ережесінде: мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: "8-1. Адам саны 10-нан аспайтын Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн салық органдарын қоспағанда, сондай-ақ қылмыстық iстер қозғалғаннан басқа жағдайларда, мемлекеттік бақылаушы органдар ең жиi дегенде үш жылда бiр рет тексеруi мүмкiн. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн тексеруді уәкiлеттi мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жылына бiр реттен жиi жүргiзбейдi."; 9-тармақтағы "30" деген сандар "15" деген сандармен ауыстырылсын; 14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң аумағына немесе үй-жайына кiру үшiн қажет болса, арнайы рұқсаттарды;"; 19-тармақтағы "осы Ереженің 3-тармағында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: "19-1. Түпнұсқа бухгалтерлiк және өзге де құжаттарды алып қою мен алуға тыйым салынады. Ерекше жағдайларда олар жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы ретiнде не қылмыстық iс бойынша дәлел ретiнде рұқсат етіледi."; "шаралар" деген сөзден кейiн "және мерзiмдер" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Шағын кәсiпкерлiк субъектілерi актiнiң қандай ережелерiмен өздерiнiң келiспейтiндiгiн актіде көрсетуге құқылы."; 25-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын: "25. Тексерулер аяқталғаннан кейiн мемлекеттік бақылаушы органдардың қызметкерлерi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiндегi Келушілердi есепке алу кiтабына тексеру жүргiзушiнiң лауазымын, тегiн, тексерудiң мақсаты мен нәтижелерiн көрсете отырып, белгi қояды."; 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |