|
|
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелерi туралы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2005.02.03 № 196 қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара) 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Алматы қаласындағы органдарына шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі басқарма» мемлекеттік мекемесi және «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оларды жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қызмет-Сервис А» акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен: 1) қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң қызметтiк ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау деп анықтай отырып, Қоғамның Жарғысын бекiтсiн; 2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн құрылатын Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берсiн; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 тамыздағы № 825 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: «Астана қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-56-жолмен толықтырылсын: «21-56 «Қызмет» АҚ». 4. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетiлген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-6-жолмен толықтырылсын: «217-6 «Қызмет» АҚ». 5. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 323-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: 1-тармақ алынып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |