Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімін бекіту туралы (2007.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 649 бұйрығымен күші жойылды
"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналардан: 1) 1-қосымшаға сәйкес барынша көп таралған аурулардың базистік терапиясы кезінде қолданылатын дәрілік заттардың атаулары бар негізгі тізбесінен; 2) 2-қосымшаға сәйкес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (бөлімшелерде), сондай-ақ негізгі тізбеге енетін дәрілік заттарды пайдалану мүмкіндігінің болмауы немесе шектеулі болуы жағдайында қолданылатын дәрілік заттардың атауы бар қосымша тізбеден тұратын Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Л.Ю.Пак) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына қоса беріліп отырған Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізіміне енбеген, 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған, қолда бар дәрілік заттарды 2005 жылдың ішінде бекітілетін дәрілік формулярлардың шеңберінде пайдалануға рұқсат етілсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министрдің міндетін
Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 883 бұйрығына 1 қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|