Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару
Осы редакция ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы № 63-НҚ Бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңы 4-бабының 3 тармағы және 13-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару Ережесі бекітілсін. 2. "Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырудың және жүргізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің 1998 жылғы 19 тамыздағы № 03-5-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын. (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1998 жылғы 16 қарашада № 645 тіркелген; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 12 ақпандағы № 20-НҚ бұйрығымен; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 186-НҚ бұйрығымен өзгертулер енгізілді). 3. Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін: 1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|