Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде Осы редакция ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 14 ақпандағы 153/219 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 12-бабының 1-тармағы және 34-бабының 6-тармағы негiзiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнiң депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің ұсынылып отырған Ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнiң депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құрудың, жұмсаудың, есептеудiң және есеп берудің Тәртібін бекіту туралы" 1995 жылғы 12 қазандағы № 13, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1997 жылғы 8 мамырда тiркелген, тiркелу № 304 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнің депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құрудың, жұмсаудың, есептеудiң және есеп берудiң Тәртібінiң" 5-тармағын өзгерту туралы" Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 12 қазандағы № 13, 1996 жылғы 26 маусымдағы № 55 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1997 жылғы 8 мамырда тiркелген, тiркелу № 304 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|