|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі) (ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 383, 384, 385, 386, 387, 388-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 383-қосымша
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 647293 мың теңге (алты жүз қырық жетi миллион екi жүз тоқсан үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексi, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы және құжат айналымын жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 "Мемлекеттік бюджет пен смета есебiнен төленетiн Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 қарашадағы № 1776 "Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi туралы" қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктiң және оның аумақтық органдарының қызметтерiн, оларға жүктелген функцияларды барынша нәтижелi орындауына жету үшiн қамтамасыз ету. Кәсiптік қызмет саласында оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік қызметкерлердiң теориялық және тәжiрибелiк білімдерiн, шеберлiктерiн және біліктіліктерiн жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктiң аппараты мен оның аумақтық органдарын қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ 2 001 Орталық Қазақстан Республи- жыл Қазақстан 3 002 Аумақтық Қазақстан Республи- жыл Қазақстан 4 007 Мемлекеттік Бекiтiлген жоспарға жыл Қазақстан 5 009 Мемлекеттік Орталық аппаратты жыл Қазақстан 6 017 Ақпараттық Мемлекеттік жер жыл Қазақстан
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгiне жүктелген функцияларды сапалы және өз уақытында орындау, еңбек жағдайын жақсарту, мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн көтеру.
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 384-қосымша
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1295712 мың теңге (бір миллиард екi жүз тоқсан бес миллион жетi жүз он екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 163-бабы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджеттік кодексi; Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік ауыл шаруашылығы азық-түлiк бағдарламасы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 "Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдары ауылдық территорияларды дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 5 маусымдағы № 931 "Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды жүргiзу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 "2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық территорияларын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған жобалық iс-шаралар туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегi № 956 "Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және олардың мәлiметтерiн пайдалану Ережелерiн бекіту туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 қыркүйектегi № 958 "Қазақстан Республикасында Жер кадастрын жүргiзудiң Ережелерiн бекіту туралы" қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында жердi тиiмдi пайдалану. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Ауылдық елдi мекендердегі экологиялық-демографиялық зерттеулер нәтижелерiне сәйкес, ауылдық территорияларды жоспарлау мен ұйымдастырудың аудандық кестелерiн жасау, жер кадастрын жүргiзу, жер мониторингін жүргiзу, жер нарығын дамыту үшiн жағдайлар жасау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы алқаптардың кадастрлық бағасын анықтаудың әдiстемесiн дайындау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ 2 100 Жерге Ауылдық елдi мекен- жыл Қазақстан 3 101 Жер-Кадастр- Жер-кадастрлық жыл Қазақстан
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |