|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі) (2005.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 339, 340, 341, 342, 343, 344, 345, 346, 347-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 339-қосымша
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 1606279 мың теңге (бір миллиард алты жүз алты миллион екi жүз жетпiс тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 40, 41 және 49-баптары; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексi; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 15-бабы; "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7 , 10 және 11-баптары; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Ақпаратқа кipу, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 2 және 3-тараулары; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік әкiмшілiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы"Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi № 1449 қаулысымен бекітілген Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінiң бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру және жүргiзу ережесi; "Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 тамыздағы № 843 қаулысымен бекітілген 2003-2005 жылдардағы кезеңде Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (1 саты); Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1126 қаулысы; "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Министрлiктiң орталық аппаратының, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн оларға жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн қамтамасыз ету; табиғат қорғау заңнамасының сақталуына бақылау функцияларын жүзеге асыру; қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер бойынша СжСОТ ақпараттық жүйелерi шеңберiнде деректердi ақпараттық алмасуды ұйымдастыру және табиғат пайдаланушылар туралы мәлiметтер; өз лауазымдық мiндеттiлiктерiн тиiмдi орындау үшiн қойылған біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы теориялық және практикалық білімдердi, ептiлiк пен дағдыларды жаңарту және кәсiби шеберлiктi жетілдiру; министрлiктiң ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелердi техникалық қолдау және сүйемелдеу, сондай-ақ, компьютерлiк жабдықты қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен қамтамасыз ету, серверлiк жабдықты бағдарламалық қамтамасыз ету; сандық және сапалық көрсеткiштердi (экологиялық талаптар мен нормативтердi) әзiрлеу; Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық конвенцияларды iске асыру жөніндегі Ұлттық есеп берулердi дайындау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: министрлiктiң орталық аппаратын, ведомстволарын және олардың аумақтық бөлiмшелерiн ұстап тұру; министрлiк қызметкерлерiнiң кәсiби біліктiлігі деңгейiн арттыру және кадрларды қайта даярлау; табиғат қорғау заңнамасының сақталуына бақылау жөніндегі жүктелген функцияларды тиiмдi орындау үшiн жағдай жасау; министрлiк бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық базасын күшейту және дамыту; телекоммуникациялық қызмет көрсетулердi сапалы және уақтылы алу, жұмыс iстеп тұрған және қолданысқа енгiзiлетiн ақпараттық жүйелер мен бағдарламаларды сүйемелдеу, әкiмшiлiктендiру және қолдау; министрлiктiң есептеу құралдары мен ұйымдастырушылық техникасын, дербес есептеу желiлерiн жүйелiк-техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру; есептеу желісінiң және ақпаратты қорғаудың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Web-сервердi сүйемелдеу; есептеу құралдары мен жабдықты қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдармен қамтамасыз ету; қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының ғимаратын күрделi жөндеу; сандық және сапалық көрсеткiштердi (экологиялық талаптар мен нормативтердi) әзiрлеу; Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық конвенцияларды iске асыру жөніндегі ұлттық есеп берулердi дайындау. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ 2 001 Орталық 142 бірлiк санында- жыл Қазақстан 3 002 Аумақтық 827 бірлiк санында- жыл Қазақстан 4 007 Мемлекеттік 272 адам санындағы жыл Қазақстан 5 008 Мемлекеттік Астана қаласы бойын- жыл Қазақстан 6 009 Мемлекеттік 68 бірлiк санында- жыл Қазақстан автомашиналарды, 9 жылжымалы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |