Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық
Осы редакция 2005 ж. 30 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуға лицензиялар беру ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы: реттік нөмірі 13-жолдағы: 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі"; 3-бағандағы "топографиялық-геодезиялық" деген сөздердің алдында "Жерге орналастыру," деген сөздер жазылсын; 2) "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат): көрсетілген қаулыға қосымшадағы: 3-тармақтың 41) тармақшасындағы "топографиялық-геодезиялық" деген сөздердің алдында "Жерге орналастыру," деген сөздер жазылсын; 3) ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 1481 қаулысымен бекітілген Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуға лицензиялар беру ережесі 1. Осы Ереже жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуға байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензиялар берудің, сондай-ақ, есепке алудың тәртібі мен шарттарын айқындайды. 1. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі 2. Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуға лицензия беруге уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы орган (лицензиар) болып табылады. Заңнамаға және осы Ережеге сәйкес лицензиар өзінің аумақтық органдарына жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуды лицензиялау жөніндегі уәкілеттігін беру тәртібін айқындайды. 3. Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуға лицензия алуға үміткер жеке және заңды тұлғалар (лицензиаттар) осы Ережеде айқындалатын біліктілік талаптарына сай болуы тиіс. 4. Лицензия алуға үміткер тұлғалар лицензияға мынадай құжаттарды тапсырады: заңды тұлғалар: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі; 3) лицензиялық алымды төлегені туралы түбіршек; 4) лицензиаттың 2-тараудағы талаптарға сай келетінін растайтын құжаттар; жеке тұлғалар: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) лицензиялық алымды төлегені туралы түбіршек; 3) лицензиатттың 2-тараудағы талаптарға сай келетінін растайтын құжаттар. 5. Лицензия өтініш және құжаттар толық көлемде берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он күн мерзімнен кешіктірілмей беріледі. 6. Лицензиялық алым мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 7. Лицензия беруден бас тарту. Лицензия заңды және жеке тұлғаларға мынадай жағдайларда берілмейді, егер: 1) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуды жүзеге асыруға осы санаттағы субъектілерге заң кесімдерінде тыйым салынса; 2) өтініш беруші осы Ережеде белгіленген біліктілік талаптарына сай келмесе; 3) осы Ереженің 4 тармағына сәйкес талап етілген құжаттар түгел табыс етілмегенде; 4) осы қызмет түрлерімен өтініш берушіге айналысуға тыйым салған соттың шешімі болса; 5) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуға байланысты қызметпен айналысу құқығы үшін алым енгізілмесе. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензия беруге белгіленген мерзімде дәлелді жауап жіберіледі. Өтініш беруші лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді жойған жағдайда, өтініш жалпы негіздерде қаралады. 8. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе өтініш берушіге бас тарту негізсіз болып көрінсе, ол бір ай мерзімде сот тәртібімен лицензиардың іс-әрекетіне шағым беруге құқылы. 9. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады: 1) берілген лицензиядағы жүзеге асырылатын іс-әрекет толық көлемде жасалғанда; 2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік әрекетті тоқтатылғанда, заңды тұлға қайта құрылғанда немесе жойылғанда; 3) лицензия қайтарылып алғанда. 10. Лицензия заңды тұлға қайта тіркелгенде сақталады. 11. Лицензиар тоқтату себептерін көрсетіп, алты айға дейін мерзімге лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін лицензиардың қорытындысы негізінде лицензия қайтадан жаңартылады. 12. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға байланысты дауларды сот шешеді. 13. Лицензия мынадай жағдайларда сот тәртібі арқылы қайтарылып алынуы мүмкін: 1) лицензиат лицензияда көрсетілген шарттарды орындамағанда; 2) лицензиаттың лицензияда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруына сот тыйым салғанда; 3) лицензияның тоқтатыла тұруының себептері жойылмаса. 14. Лицензия бір ғана данада беріледі. Лицензияны жоғалтқан жағдайда, лицензиар, лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша он күн мерзім ішінде лицензияның төлнұсқасын береді. Бұл ретте лицензиат қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығы үшін алым төлейді. 15. Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге мынадай біліктілік талаптары: заңды тұлғалар үшін: 1) лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға үміткер ұйым басшысының жоғары немесе орта білімі болуы тиіс; 2) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы; 3) тиісті білімі, жұмыс стажы және біліктілігі бар мамандардың болуы; 4) әскери және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыс жүргізуде пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді. Жеке тұлғалар үшін: 1) жұмыс бейініне сәйкес жоғары немесе кәсібі орта білімі болуы; 2) мамандығы бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы болуы; 3) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы; 4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыс жүргізуде пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді. 16. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуға мынадай біліктілік талаптары енеді: заңды тұлғалар үшін: 1) лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға үміткер ұйым басшысының жоғары немесе орта білімі болуы тиіс; 2) тиісті білімі, жұмыс стажы және біліктілігі бар мамандардың болуы; жеке тұлғалар үшін: 1) жұмыс бейініне сәйкес жоғары немесе кәсібі орта білімі болуы; 2) мамандығы бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы болуы. 17. Лицензиар лицензияны есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 18. Белгіленген ережелердің және орындалатын жұмыстардың технологияларының сақталуын тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 19. Лицензия берген лицензиар өз құзыретінің шеңберінде лицензиаттардан бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін тиісті құжаттарды (материалдарды) көрсетуін, сондай-ақ қажетті жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуға құқылы. 20. Төленген алым сомасының дұрыстығы, толықтығы және бюджетке уақытында аударылуына жауапкершілік лицензиатқа жүктеледі. 21. Тиісті лицензиясыз не лицензия нормалары мен ережелерін бұзып қызметпен айналысу заңнамада белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
|