Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер Осы редакция 2005 ж. 22 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеті жарғы" республикалық заң әдебиеті баспасы туралы" 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1403 қаулысының күші жойылған деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы № 1348 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республикалық заң әдебиеті баспасы мен апталық заң газетін құру туралы" 1994 жылғы 27 қаңтардағы № 107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 5, 51-құжат): 2-9-тармақтардың күші жойылған деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республикалық "Жеті жарғы" заң әдебиеті баспасының заң газетінің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы және республикалық ғылыми-көпшілік журнал шығару туралы" 1995 жылғы 21 қыркүйектегі № 1276 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 31, 383-құжат): 1-тармақтағы "республикалық заң әдебиеті баспасы" деген сөздер "жабық акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, № 29, 256-құжат): "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Жеті жарғы" республикалық заң әдебиеті баспасы" деген сөздер алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 1999.09.21. № 1433 қаулысымен 4-тармағының күші жойылды 4. ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж. № 499 қаулысымен 5-тармағының күші жойылды 5. |