"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 376 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Зейнетақы жарналарына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету, тиiстi орталықтандырылған деректер базасы мен зейнетақы төлеудiң тиiмдi жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қалыптастыру және оған қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Жедел басқару құқығындағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі мемлекеттік басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң жұмыстарын жүзеге асыратын орган болып айқындалсын. 3. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: зейнетақы жарналарына есеп жүргiзу; зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар төлеу мәселелерi бойынша орталықтандырылған деректер базасын қалыптастыру; зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар төлеудiң тиiмдi жүйесiн қамтамасыз ету болып айқындалсын. ЕСКЕРТУ. 3-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.24. № 1059 қаулысымен. 4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі: бiр апта мерзiм iшiнде онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашуды көздеп Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен кәсiпорынды қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне Кәсiпорынның жарғылық қызметi үшiн 5 (бес) миллион теңге бөлсiн; 1997 жылдың iшiнде Кәсiпорынға қажеттi ресми трансферттердi уақытында және толық аударуды қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн. ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.27. № 1030 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |