|
|
|
“Қазақстан Республикасы делегациясының Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы)
Қазақстан Республикасы делегациясының Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтетiн 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге қатысуы мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен: 1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы делегациясының (бұдан әрi - делегация) мүшелерiне 2005 жылғы 6-11 мамыр кезеңінде қонақ үйде тұруға, тәулiктiк және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көлiктiк шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдiк iссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен валюта айырбастаудың берiлетiн күнгi нарықтық бағамы бойынша; 2) Мәскеу қаласында болатын кезеңде көлiктiк қамтамасыз етуге, мәдени iс-шараларға, сондай-ақ өзге де қолма-қол ақшалай шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 357500 (үш жүз елу жетi мың бес жүз) теңге сомасына шетелдiк валютада қаражат бөлсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: 1) делегация мүшелерi үшiн, оның ішінде Астана қаласының әкімі мен делегациямен бірге жүретiн адамдар үшiн киiмнiң бiрыңғай нысанын тіктіруді және онымен қамтамасыз етуді; 2) 2005 жылы 5 мамырға тиiстi аумақта тұратын делегация мүшелерiнiң Астана қаласына дейiн жол жүруiн және олармен бірге жүрудi қамтамасыз етсiн. 3. Астана қаласының әкімі делегация мүшелерiн Астана қаласында болуы кезеңiнде орналастыруды, олармен бірге жүрудi, оларға көліктік қызмет көрсетудi, сондай-ақ тамақтандыруды қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша және Мәскеу қаласында болуы кезеңiнде делегация мүшелерiмен бірге жүрудi және оларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі: 1) 2005 жылғы 30 сәуiрге дейiн делегация мүшелерiн медициналық куәландыруды; 2) ақша қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін. 6. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі белгiленген тәртiппен 2005 жылғы 6 - 11 мамыр кезеңiнде делегация мүшелері үшін Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша авиабилеттердi брондауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министрінің 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 101-ө өкіміне қосымша
Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтетiн 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге қатысатын Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Ұлы Отан соғысының ардагерлерi:
Әлейбекұлы - аға лейтенант
Жарболов - полковник
Муренцев - сержант
Сергазин - гвардия полковнигі
Зиманов - полковник
Жиенбаев - аға сержант
Батырбеков - аға сержант
Гуляев - полковник
Қабимолдин - подполковник
Блудский - аға сержант
Дәулетов - аға сержант
Аманғосов - аға сержант
Қуанышев - капитан
Асылбаев - подполковник
Дүйсекенов - аға лейтенант
Брайко - капитан
Құдабаев - капитан
Воронцев - полковник
Әдiлов - подполковник
Құспаев - полковник
Кенжебаев - сержант
Сүлейменов - гвардия аға сержанты
Мәкенбаев - аға лейтенант
Лактюшин - гвардия аға сержанты
Қалиев - полковник
Андреев - аға сержант
Әлжапаров - полковник
Досанов - аға сержант
Жұмабеков - подполковник
Щербинко - полковник
Смағұлов - сержант
Пенчук - сержант
Есетов - сержант
Шаля - гвардия сержанты
Бабаев - капитан
Бірге жүретiн адамдар:
Қабыкенова - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Тоқтамысова - "Отан соғысының мүгедектерiне арналған
Есқараев - "Ұлттық ғылыми медициналық орталық"
Ахмедина - "Отан соғысының мүгедектерiне арналған
Қаһарманов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |