Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көшi-қон және демография Осы редакция 2005 ж. 28 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 82 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметi жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссияның құрамы Есiмов - Қазақстан Республикасы Премьер- Ахметжан Смағұлұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi, Комиссияның төрағасы Жағанова - Қазақстан Республикасы Көшi-қон және Алтыншаш Қайыржанқызы демография жөніндегі агенттiгiнiң төрайымы, Комиссия төрағасының орынбасары Қаржаубаев - Қазақстан Республикасының Көшi-қон Аслан Жұмағалиұлы және демография жөніндегі агенттiгi көшi-қон басқармасының бастығы, Комиссияның хатшысы Қалетаев - Қазақстан Республикасы Президентінің Дархан Аманұлы Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім бойынша) Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасы Президентінің Азамат Құрманбекұлы Әкiмшiлiгi жүйелi зерттеулер орталығының басшысы (келісім бойынша) Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер- Бақытжан Тұрсынұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек және Батыржан Зайырқанұлы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Диқанбаева - Қазақстан Республикасының Денсаулық Сәуле Әлкейқызы сақтау вице-министрi Жанпейiсов - Қазақстан Республикасының Жер Амангелдi Сүйiмбайұлы ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары Зверьков - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Вадим Павлович вице-министрi Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика және Батырхан Арысбекұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрi Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрi Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Мақсұт Әнуарбекұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- Азамат Рысқұлұлы министрi Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Иван Иванович бірiншi вице-министрi Рябченко - Қазақстан Республикасының Ақпарат бірiншi Олег Григорьевич вице-министрi Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Білім және Күләш Ноғатайқызы ғылым вице-министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 82 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Көшi-қон және демография мәселелері бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының ?кіметі жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Комиссияның негізгi мiндеттерi мен функциялары 3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: 1) көшi-қон және демография саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiру; 2) көшi-қон және демография саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады. 4. Комиссияның функциялары оған жүктелген мiндеттерге сәйкес: 1) көшi-қон және демография саласындағы iстiң жай-күйiне талдау жасау; 2) көшi-қон және демография саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 3) көшi-қон және демография мәселелерi бойынша қоғамдық бірлестiктермен және халықаралық ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимыл және ынтымақтастық саласында жәрдемдесу; 4) көшi-қон және демография саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiн хабардар ету болып табылады. 1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға; 2) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныстар енгізуге; 3) тиiсті мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестiктер мен халықаралық ұйымдар өкілдерiнің қатысуымен отырыстар өткiзуге құқығы бар. 3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру 6. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасар орындайды. 7. Комиссияның құрамы мемлекеттік органдар өкiлдерiнен қалыптастырылады және оны Қазақстан Республикасының ?кіметі бекiтедi. 8. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 1) Комиссия отырысының күн тәртібiн жасайды; 2) Комиссия шешiмдерiнің орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды; 3) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметіне тартқан мамандардың жұмысын үйлестіреді. 10. Комиссия отырысында қаралатын мәселелер тiзбесi қажеттілiгіне қарай жасалады және оны төраға бекiтедi. 11. Бекiтілген тізбе Комиссия мүшелерiне тізiм бойынша жiберiледi. 12. Комиссия отырысы қажеттілiгіне қарай, бірақ жарты жылда кемiнде бір рет өткiзiледi. Отырысқа Комиссия мүшелерi жалпы санының кемінде үштен екiсі қатысқан жағдайда ол заңды деп есептеледi. 13. Комиссияның шешiмдерi Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшілiк даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады. 14. Комиссияның шешімдері хаттамалармен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. |