"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2004.27.12. № 1398; 2005.01.03. № 179 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 372 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. 2005 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мыналар бойынша атқарылуға қабылдансын: кiрiстер бойынша - 1 128 444 762 мың теңге, оның iшiнде; салықтық түсiмдер - 984 195 003 мың теңге; салықтық емес түсiмдер - 36 992 617 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 12 248 627 мың теңге; ресми трансферттердiң түсiмдерi - 95 008 515 мың теңге; шығындар бойынша - 1 089 469 412 мың теңге; операциялық сальдо бойынша - 38 975 350 мың теңге; таза бюджеттік кредиттеу бойынша - 54 090 076 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттік кредиттер - 64 512 908 мың теңге; бюджеттік кредиттердi өтеу - 10 422 832 мың теңге; қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо бойынша - 86 296 814 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу - 88 296 814 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 000 000 мың теңге; республикалық бюджет тапшылығы бойынша - 101 411 540 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiне 1,7 пайыз; бюджет тапшылығын қаржыландыру бойынша - 101 411 540 мың теңге, оның iшiнде: қарыздар түсiмдерi - 220 007 494 мың теңге; қарыздарды өтеу - 118 595 954 мың теңге. 2. 2-қосымшаға сәйкес қоса берiлiп отырған инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысының 4 және 5-бөлiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі: 1) мыналарға: су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы объектілерін пайдалануға; шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың апатты учаскелерiн күрделi жөндеуге және қалпына келтiруге бағытталған қаражатты бөлу туралы шешiмдi әзiрлесiн және бекiтсiн; ҚР Үкіметінің 2005.01.03. № 179 қаулысымен 2) -тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде: тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу; өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға қаражат төлеу; ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге қаражат төлеу; ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға ақшалай қаражат беру; екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау; өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң өндiрiсiн қолдау және рыногын дамыту шеңберiнде көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға ақшалай қаражат беру ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлiктерi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген ауыз сумен жабдықтау, гидротехникалық құрылыстар, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды бекітіп беру туралы шешiмдердi бекiтсiн. 6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына біржолғы материалдық көмек көрсету үшiн; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының темір жол көлiгiмен жылына бір рет ТМД елдерi бойынша жол жүруiн қамтамасыз етуге көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртібі туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі: 1) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесiп, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұрғын үй салу үшiн облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнiң тұрғын үй құрылысына бюджеттік кредиттердi сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша бөлуi және оларды пайдалану тәртібі туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн; 2) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 008 "Мемлекеттік органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңарту" бюджеттік бағдарламасын iске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың тiзбесi мен сатып алынатын техника саны жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгiзсiн; 3) 2005 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес ұйымдардың тiзбесiн және берешектер көлемiн айқындау туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн; 4) ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы ақпарат ұсынсын. 8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте: 1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге; 2) жаңадан iске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға; 3) арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етуге; 4) жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердi Интернетке қосуға және олардың трафигiн төлеуге; 5) жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердiң кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуға және жеткiзуге; 6) жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға; 7) кәсiптiк бастауыш білім беретiн мемлекеттік мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға; 8) облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігiн арттыру институттарында педагогикалық қызметкерлердi қайта даярлауға және олардың біліктілігiн арттыруға; 9) облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртібі туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте: 1) жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға; 2) дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа иммунды биологиялық препараттарды сатып алуға; 3) жергiлiктi деңгейдегi қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға; 4) мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде кәсiптiк орта білім беру бойынша оқыту құнын ұлғайту жөніндегі шығыстарды өтеуге; 5) медициналық кадрлардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң біліктілігiн арттыруға және оларды қайта даярлауға; 6) 5-жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге; 7) жүктi әйелдердi құрамында темір және йоды бар препараттармен қамтамасыз етуге; 8) азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала медициналық тексерулерiн жүзеге асыруға; 9) жергiлiктi деңгейдегi медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртібі туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 10. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде электр энергиясы тапшылығын жабу және Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия беретiн ұйымдар өндiрген электр энергиясы үшiн тарифтердiң көтерiлуiн өтеу тәртібін бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 11. Жергiлiктi атқарушы органдар 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшада көзделген білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен жабдықтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған конкурстық рәсiмдердi заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн. 12. Қоса берiлiп отырған: 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың бірiншi және екiншi разрядтағы жұмысшыларының айлықақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн коэффициенттердiң мөлшерлерiн ұлғайтуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер; 4-қосымшаға сәйкес ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда әлеуметтiк маңызы бар темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер; 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалалардың тiршiлiк ету объектілерін күрделi жөндеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер; 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалаларды дамытуға берiлетiн нысаналы даму трансферттер; 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына арнап облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн нысаналы даму трансферттерi; 7-қосымшаға сәйкес қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшiн абоненттiк төлем тарифiнiң көтерiлуiн өтеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларының бөлiнуi бекітілсiн. 13. Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрлiктерiмен келісім бойынша 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде республикалық бюджеттен Алматы қаласының денсаулық сақтау және білім беру объектілерінiң сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн көзделген қаражаттың бөлiнуi туралы шешiмдердi бекiтсiн. 14. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн. 15. Құпия. 16. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына 1-ҚОСЫМША 2005 жылға арналған республикалық бюджет
1 Салықтық түсiмдер 984195003 01 Табыс салығы 428244145 1 Корпорациялық табыс салығы 428244145 01 Резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығы 276180815 02 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын 16546147 корпоративтiк табыс салығы 03 Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем 5025086 көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы 04 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, 27740097 төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы 05 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген 70829690 тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдары - заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығы 06 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген 82310 тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының төлем көзiнен ұсталатын, резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығы 07 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген 31840000 тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығы 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер 495333410 көрсетуге салынатын iшкi салықтар 1 Қосылған құн салығы 320564488 01 Қазақстан Республикасының аумағында 79359288 өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы 02 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 133944290 және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы 04 Резидент емес үшiн қосылған құн салығы 20441960 05 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 85574250 және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы 06 Ресей Федерациясы аумағынан шығарылатын және 1206129 импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесін- де жете есептелген қосылған құн салығы 07 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 38571 және импортталатын тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы 2 Акциздер 9260692 14 Қазақстан Республикасының аймағына импортта- 51 латын этил спиртінің көлемдік үлесі 12 процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді ішімдіктер 15 Қазақстан Республикасының аймағына импортта- 6 латын шарап ішімдіктер 29 Қазақстан Республикасының аумағына өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты 401065 41 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 60199 латын спирттiң барлық түрi 42 Қазақстан Республикасының аумағына 183725 импортталатын арақ 43 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 63878 латын күшті ликер-арақ өнімдері және басқа да күштi алкогольді сусындар 44 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 86816 латын шараптар 45 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 35487 латын коньяк 46 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 3990 латын шампан шараптары 47 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 2013064 латын сыра 48 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 5067 латын, градусы аз ликер-арақ бұйымдары және этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30 процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді ішімдіктер 50 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 177562 латын темекi бұйымдары 55 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 1565444 латын жеңiл автомобильдер (мүгедектерге арнайы арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа) 60 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 4647030 латын бензин (авиациялықты қоспағанда) 69 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 119 латын шикі мұнай, газ конденсаты 70 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 17189 латын тауарлардың кедендік құнына тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижесінде жете есептелген акциздер 3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны 164971233 үшін түсетiн түсiмдер 01 Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон 3683913 байланысын көрсеткені үшін төлем 02 Үстеме пайда салығы 10948174 |