“Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2006.20.07. № 305 Бұйрығымен күші жойылды
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін. 3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 118 бұйрығымен бекітілген
Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды дайындау және аттестаттау ережесі
Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бап екінші абзацының 11) тармақшасына, 16-бап 4-тармағына сәйкес әзірленді және стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережеде мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады: 1) Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор (бұдан әрі - сарапшы-аудитор) - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген тәртіпте аттестатталған тұлға. 2) Сарапшы-аудиторды аттестаттау - сарапшы-аудиторлардың уәкілетті орган белгілеген талаптарға құзыреттілігін бағалау және бекіту жөніндегі үшінші тараптың әрекеті. 3) Сарапшы-аудитор құзыреті - маманның стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті білім, машық пен жеке қасиеттерінің жиынтығы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|