Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО
Осы редакция 2005 ж. 6 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару жөнінде амал әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 11.04.02 ж. № 416; 09.11.02 ж. № 1187;22.09.03 ж. № 964 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мына құрамда құрылсын: Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы Ерболат Асқарбекұлы министрі, төраға Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы Ғани Нұрмаханбетұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары Жәкенов - Қазақстан Республикасының Әділет Асқар Серікжанұлы министрлігі мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап қою-қуыну жұмыстары басқармасының бастығы Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының Қаржы Зейнолла Халидоллаұлы министрi, төраға Иванов - Қазақстан Республикасының Қаржы Леонид Александрович вице-министрi, төрағаның орынбасары Болатбекова - Қазақстан Республикасы Қаржы Гүлбағила Қоңырбайқызы министрлігінің Халықаралық қаржы қатынастары департаменті директорының орынбасары, хатшы Өтеғұлов - Қазақстан Республикасының Мәулен Амангелдiұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік қарыз алуды және кредит берудi жоспарлау департаментiнiң директоры Тәтішев - "ТұранӘлемБанк" ашық акционерлік Ержан Нұрелдәйімұлы қоғамы басқармасы төрағасы (келісім бойынша) Әблязова - "ТұранӘлемБанк" ашық акционерлік Ақмарал Насырқызы қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Байбағысова - Қазақстан Республикасы Ұлттық Айсұлу Сәпиқызы Банкінің Халықаралық қатынастар басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша) Әкежанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Қуат Балқашұлы министрлігі Мемлекеттің мүлiктiк құқықтары, шарттар және талап қою-қуыну жұмыстары басқармасының бастығы Әбжанов - "ТұранӘлем Банкi" ашық акционерлік Дәулет Көбенұлы қоғамы Директорлар кеңесiнiң мүшесi (келісім бойынша) 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексті, "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін және осы Ережені басшылыққа алады. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары 3. Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару амалы жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. 1) Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардан КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттары қалдықтарының сомасын түпкілікті салыстыру мен анықтау туралы есепті қарау және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылдауы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) мыналар жөнінде ұсыныстар әзірлеу: - Ресей Сыртқыэкономбанкінің Қазсыртқыэкономбанкі алдындағы міндеттемелерінің сомасын және Қазсыртқыэкономбанкінің Ресей Сыртқыэкономбанкі алдындағы міндеттемелерінің сомасын айқындау кезінде туындаған бағамдық айырмашылық мәселесін шешу; - Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару амалы; - Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтаруды қаржыландыру көздерін айқындау. 5. Комиссияның органдары: 1) жұмыс органы; 2) Комиссияның төрағасы; 3) төрағаның орынбасары; 4) хатшы. 6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. 7. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. 8. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді. 9. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға Комиссияның қатысқан мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. 10. Комиссияның мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Комиссия мәжілісінің хаттамасына және есеп-хатына қоса берілуі тиіс. 11. Комиссия жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі. 12. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды. 13. Комиссияның мәжілістері нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі. 14. Комиссия мәжілістерін өткізу нәтижелері бойынша мәжіліске қатысқан оның мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. 15. Комиссияның әрбір мәжілісінен кейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне қаралған мәселелер бойынша ұсыныстармен бірге жұмыс қорытындысы туралы есеп жіберіледі. 4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы 16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссия қызметінің тоқтатылуы үшін негіз болып табылады. |