Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 495 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына және "Есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын бақылау жүйесiн енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы № 874 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесi бекітілсiн. 2. 2004 жылғы 10 желтоқсаннан бастап осы қаулыға қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн (бұдан әрi - алкоголь өнiмi) есепке алу-бақылау таңбаларымен мiндетті түрде таңбалау енгiзiлсiн. 3. Отандық және импорттық өндiрiстiң алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен сатуды: 1) алкоголь өнiмiн өндiрушiлер мен импорттаушылар - 2004 жылғы 10 желтоқсаннан бастап; 2) алкоголь өнiмiн сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар - 2005 жылғы 10 наурыздан бастап жүзеге асырады деп белгіленсiн. 4. Алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды алкоголь өнiмiн отандық өндiрушiлер мен импорттаушылар жүзеге асырады деп белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi: 1) импортталатын алкоголь өнiмi бойынша келісім-шарттардың есебiн міндеттi түрде жүргiзе отырып, алкоголь өнiмiн өндiрушілер мен импорттаушылардан есепке алу-бақылау таңбаларын сатып алуға өтiнiмдер жинауды қамтамасыз етсiн; 2) алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымына бақылау жүйесiн енгізу бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық конкурсты жеңiп алған ұйыммен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт (келісім) жасассын; 3) есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібін әзiрлесiн және бекiтсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысымен бекітілген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексі) сәйкес әзiрлендi және шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн (бұдан әрі - алкоголь өнiмi) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау тәртібін айқындайды. 2. Алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау тәртібі 2. Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнiмi жатады. 3. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер есепке алу-бақылау таңбаларын Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған дайын өнiмге желiмдеудi өндiрiс процесiнде не өзiнiң аумағындағы басқа оқшауланған орында таңбалау үшiн белгiленген технология бойынша жүргiзедi. 4. Тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде не Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлеген орында жүзеге асырылады. 5. Есепке алу-бақылау таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалауға жататын алкоголь өнiмi есепке алу-бақылау таңбаларымен этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеудi қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен нысан бойынша таңбаланады. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге экспортталған; Қазақстан Республикасының кедендік аумағына "бажсыз сауда дүкенi", "кеден қоймасы" кедендік режимдерiнде әкелiнген; Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" және "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету" кедендiк режимiнде, көрмелер өткізу үшін әкелiнген; "тауарлар транзитi" кедендiк режимiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы өткiзiлген; Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген акцизсiз әкелу нормалары шегiнде жеке тұлғалар әкелген (жiберген) алкоголь өнiмi есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жатпайды. 7. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген және есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды көздемейтiн кедендiк режимдерде ресiмделген алкоголь өнiмi олар Қазақстан Республикасының кеден аумағында сатылған жағдайда есепке алу-бақылау таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалануға жатады. 8. Есепке алу-бақылау таңбасы ыдыстың бүйiр бетiне, ол шөлмекке қиғаштыққа, бүгілуге жол берiлмейтiндей етiп жақсы жабысатындай түрде желiмделедi, жеңiл сәйкестендiрудi және штрих-кодтық ақпаратты оқитын құрылғымен тұрақты түрде оқуды қамтамасыз етуi тиiс. Үкіметінiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысына қосымша Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнiмiнiң тiзбесi
Ескерту. Алкоголь өнiмiнiң номенклатурасы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодымен де, алкоголь өнiмiнiң атауымен де айқындалады. |