|
|
|
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2005-2007 жылдарға (ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 780 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 18 қазандағы № 965 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жалпыұлттық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 528 өкімін iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлік қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған қызметi туралы меморандум бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 514 қаулысымен бекітілген
«Шағын-кәсіпкерлiктi дамыту қоры» акционерлік қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған қызметi туралы меморандум
1. Жалпы ережелер
1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамының қызметi туралы меморандум (бұдан әрi - Меморандум) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысына, "Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жалпыұлттық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 528 өкіміне, "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегі Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желілiк кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысына, "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 397 қаулысына сәйкес әзiрлендi. 2. Меморандум "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) қызметiнiң шағын кәсіпкерлік субъектiлерiн (бұдан әрі - ШКС) қаржы-несиелiк қолдау, оқыту және консалтинг жөнiндегі iс-шараларды қамтитын ШКC-нi дамыту мен қолдау жөнiндегі негiзгi бағыттары мен қағидаттарын айқындайды. 3. Меморандум Қордың барлық бөлiмшелерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
4. Қор ШКС жобаларына Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiкті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес кредит берудi жүзеге асырады. 5. ШКС жобаларына кредит беруге iрiктеудiң негiзгi өлшемi жобаның кiрiстілігі болып табылады. 6. Жобаларға кредит беру үшін мынадай көздер пайдаланылуы мүмкiн: Қордың меншiктi қаражаты; шетелдiк, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының қарыз қаражаты; бюджет қаражаты. 7. ШКC-нi қолдау мен дамыту үшін шетелдiк, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қарыз қаражатынан агенттiк негiзде кредит беру: Қор тiкелей өз бетiмен; Қор қаражатын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне конкурстық негiзде негізделген орналастыру жолымен; банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын субъектiлер және шағын кредит берумен айналысатын ұйымдар арқылы жүргiзiледi. франчайзингтiк операцияларға берілетiн қарыздарды, халықаралық сапа стандарттарының жүйесiн енгізуге байланысты ШКС жобаларын қоса алғанда, тiкелей кредит беру; қаржы лизингi; банктермен, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен және басқа инвесторлармен бірге бiрлесе қаржыландыру түрiнде жүзеге асырылады. 9. Кредит беру теңгемен және шетелдiк валютамен жүргiзiледi. Кредит бойынша сыйақы ставкасын Қор шығыстарын өтеудi ескере отырып, басқарма айқындайды. ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 780 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді 10. Шағын кәсiпкерлiктiң бір субъектiсiне кредиттiң және қаржылық қолдаудың басқа түрлерiнiң ең көп мөлшерi 60000 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. Операциялар бойынша шешiмдердi Қор басқармасы немесе Қор басқармасымен келісiм бойынша кредит саясатын жүзеге асыруға уәкілеттiк берiлген Қордың өзге де органдары қабылдайды. 11. Қор кредиттерді беру кезiнде өзiнiң iшкi құжаттарына сәйкес тәуекелдердi жабу қағидатын негiзге алады. Кредиттер құнды қағаздармен, банк кепiлдiктерiмен, инвестициялау объектілерiмен, жылжымалы және жылжымайтын мүлiкпен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа қаражатпен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. 12. Қордың екiншi деңгейдегi банктерде конкурстық негiзде Қор қаражатын негiзделген орналастыруға құқығы бар.
3. Қаржылық қолдаудың басқа түрлерi
13. Қазақстан Республикасында шағын кредит беру жүйесiн дамыту мақсатында Қор: шағын кредит берудi жүзеге асыратын ұйымдарды ресурстық қолдауды; жарғылық капиталына үлестік қатысу шарттарында жаңа шағын кредит беру ұйымдарын құруды; осы секторға институционалдық және жеке инвесторларды тартуға ықпал етудi жүзеге асырады. 14. Қор жеткiзушілер мен екiншi деңгейдегi банктердің алдындағы ШКС мiндеттемелерiнiң орындалуын ақылы негiзде кредит сомасының 80 пайызға дейiнгi мөлшерiнде қамтамасыз етуге кепілдiк бередi. 15. Қор сақтандыру ұйымдарымен екiншi деңгейдегi банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың алдындағы ШКC мiндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуде оларға берiлетiн кепілдіктердi сақтандыруға арналған шарттар жасасады. 16. Қор ШКС-нің қаржы-шаруашылық қызметiн жақсарту мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен факторингтік операцияларды жүзеге асырады.
4. ШКС-нi оқу-әдiстемелік, ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау
17. Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарының бiрi ақпараттық қолдаудың кешендi жүйесiн қалыптастыру, сапалы оқыту және консалтинг арқылы ШКС-нiң білім деңгейiн арттыру болып табылады. 18. Кәсiпкерлiктi оқу-әдiстемелiк, ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау мәселелерiнде Қор саясатын iске асырудағы басымдықтар: жаңадан бастаған және жұмыс iстеп жүрген кәсіпкерлерді оқыту және консалтинг; шағын кредит беру жүйесiне қатысушыларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету; кәсiпкерлiкті насихаттау және халықты бизнеске тарту; ШКС-нi қолдау инфрақұрылымын, оның iшiнде инфрақұрылым институттарын құру және кеңейту жөнiндегі жобаларға кредит беру арқылы дамыту; кәсiпкерлiктi қолдаудың бiрыңғай ақпараттық базасын дамыту; шағын кәсiпкерлiк субъектілерiн қолдаудың жаңа нысандары мен әдiстерiн iздестiру және қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 26 мамырдағы № 514 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысының 2-1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 17, 152-құжат). 2. "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 571 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 27, 253-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 мамырдағы № 570 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 22, 284-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы. 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 571 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 49, 637-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |