|
|
|
“Мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын жекелеген ұйымдарға
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 119-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) мұнай-химия өнеркәсiбiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу кезiнде Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының ережелерiн бес жылдан астам мерзiмге қолдану ережесi; 2) тiркелген активтерге инвестициялардың көлеміне байланысты Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының қолданылу мерзiмі бекітілсiн. 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 590 қаулысымен бекітілген
Мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу кезiнде Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының ережелерiн бес жылдан астам мерзiмге қолдану ережесi
1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексі) сәйкес әзiрленген және Салық кодексiнiң 119-1-бабының 4-тармағына сәйкес мұнай-химия өнеркәсiбіндегi қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың корпорациялық табыс салығының сомасын жүз пайызға азайту туралы ережелердi бес жылдан астам мерзiмге қолданудың тәртібін белгілейдi. 2. Салық Кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының ережелерiн қолдануға өтiнiмдi мұнай-химия өнеркәсiбiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрi - өтінiм беруші) мұнай-химия өнеркәсiбi саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органға (бұдан әрi - уәкілеттi мемлекеттік орган) жiбередi. 1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтiнiштi; 2) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариус куәландырған көшiрмесiн; 3) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариус куәландырған көшiрмесiн; 4) заңды тұлғаның жарғысының нотариус куәландырған көшiрмесiн; 5) мемлекеттік қабылдау комиссиясының өндiрiстiк мақсаттағы объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiсiн; 6) заңды тұлға өндiрiстік мақсаттағы объектiлерге жасаған инвестицияларды растайтын құжаттарды қамтиды. 4. Уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Ереженiң 3-тармағының талаптарына сәйкес жасалған өтінiмнiң Салық кодексiнiң 119-1-бабының талаптарына сәйкестігiн қарайды және өтiнiм берушіге өтінiм алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмде жазбаша нысанда жауап жiбередi. 5. Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының қолданылу мерзiмi осы қаулымен белгiленедi. 6. Оң шешiм қабылданған жағдайда уәкiлетті мемлекеттік орган өтiнiм берушіге аумақтық салық органына беру үшiн бес жылдан астам мерзiмге корпорациялық табыс салығының сомасын жүз пайызға азайту туралы қорытынды бередi. 7. Терiс шешiм қабылданған жағдайда уәкiлетті мемлекеттік орган өтiнiм берушіге шешiмдi негiздей отырып, жазбаша нысанда жауап жiбередi.
қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу кезiнде Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының ережелерiн бес жылдан астам мерзiмге қолдану ережесiне қосымша
ӨТІНІШ
Жобаның Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 119-1-бабының 4-талаптарына сәйкестiгiн анықтау бойынша және оң шешiм қабылданған жағдайда, аталған баптың 4-тармағы ережелерiнiң қолданылу мерзiмiн Белгiлеу үшiн "заңды тұлғаның атауы" ______________________________ ___________________________________________________________________ (жобаның атауы) инвестициялық жобасы бойынша құжаттарды қарауға қабылдауды сұрайды. Инвестициялық жоба туралы ақпаратты хабарлаймыз: 1. Жобаға қатысушылар 2. Құрылатын өндірістің негізгі элементтерін сипаттаумен жобаның мақсаты мен мәні: күрделі жұмсалымның міндеттері және бағыттары; жоба бағдарланатын мұнай-химия өнімі және шикізат. 3. Жобаның орналасқан жері 4. Ұлттық және шетелдік валютада жобаны іске асырудың құны: құрылыс-монтаж жұмыстарының құны; негізгі жабдықтың құны (жеткізілім құнын көрсете отырып); көмекші жабдықтың құны (жеткізілім құнын көрсете отырып); жабдықты монтаждау мен іске қосудың құны; қарыз және өз қаражатының көлемі. 5. Жобаны іске асырудың мерзімі мен кестесі. 6. Өтінім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Осы өтінiшке мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу кезiнде Салық кодексiнің 119-1-бабы 4-тармағының ережелерiн бес жылдан астам мерзiмге қолдану ережесiнiң 3-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берiледi.
Басшы (қолы) (аты-жөнi) Бас бухгалтер (қолы) (аты-жөнi)
Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 590 қаулысымен Бекiтiлген
Тiркелген активтерге инвестициялардың көлеміне байланысты Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының қолданылу мерзімі
Ескертпе: 1. Тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн айлық есептiк көрсеткiш; 2. Мемлекеттік қабылдау комиссияларының толық технологиялық циклiмен өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға берген күннен бастап.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |