“Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік Осы редакция 2005 ж. 1 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 24-бабын және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн Ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесi бекiтілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. ҚР Премьер-Министрі Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысымен бекітілген Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн Ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесi Осы Ереже Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң (бұдан әрi - ҚО мен ТРБММЖ) ұғымын, мақсаттарын, мiндеттерiн, функцияларын, оның құрылымын, мазмұнын және мониторингтi жүзеге асырудың тәртібін, қаржыландыру көздерiн анықтайды. 1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесi ұғымы 1. ҚО мен ТРБММЖ - Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау, ұдайы өсiмін және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiн, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстардың нақты жай-күйiнiң деректерiн қадағалауды енгiзетiн көпмақсатты ақпараттық жүйе. 2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң мақсаттары, мiндеттерi, функциялары 2. ҚО мен ТРБММЖ-нiң мақсаты табиғи ресурстарды пайдалануды басқару мен шаруашылық шешiмдер қабылдауды ақпараттық қамтамасыз ету және олардың пайдаланылуын бақылау, қоршаған ортаның жай-күйi мен қоршаған орта факторларының халық денсаулығына әсерi туралы халықты хабардар ету болып табылады. 3. ҚО мен ТРБММЖ-нiң негiзгi мiндеттерi: 1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiн, сондай-ақ, оларға антропогендiк әсерлердiң көздерiн тұрақты қадағалау; 2) республиканың бүкіл аумағында және жекелеген аймақтардың аумақтарында қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың нақты жай-күйiн талдау, бағалау, сондай-ақ олардың өзгерiстерi мен халық денсаулығына әсерiн болжау; 3) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйi туралы ақпаратты сақтау және жинақтау болып табылады. 4. ҚО мен ТРБММЖ-нiң негiзгi функциялары: 1) олардың өзгерiстерiн бағалау үшiн жеткiлiктi кезеңдiлiкпен қоршаған ортаның барлық өлшемi бойынша аспаптық, талдау және басқа да әдiстермен байқау жүргiзу; 2) барлық экологиялық ақпаратты жинау мен тiркеу, қоршаған орта мен табиғи ресурстар бойынша ақпараттық деректер банкi мен кадастрлар жүргiзу; 3) табиғи ортаға әсерлердiң сипаттамалары, ластану деңгейiнiң өзгеруi мен оның салдарлары арасындағы байланысты анықтау; 4) аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейде қоршаған орта, табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыру; 5) орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың меншiк нысанына қарамастан, жүзеге асыратын қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай әдiстемелiк және метрологиялық базасын қамтамасыз ету; 6) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi негiздеу; 7) ҚО мен ТРБММЖ шеңберiнде алынған ақпаратпен мемлекеттік атқарушы органдарды, заңды, жеке тұлғалар мен халықты қамтамасыз ету. 3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымы 5. ҚО мен ТРБММЖ-нiң құрылымы мониторинг объектiлерiмен және оның аумақ аясымен анықталады. 6. Мониторинг объектiлерiне қарай оның мынадай жүйелерi бөлiнедi: атмосфералық ауаның мониторингi; жер бетіндегі су ресурстарының мониторингi; жер ресурстарының мониторингi; жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң мониторингi (ұдайы өсiмi мен пайдалану); жер қойнауының мониторингi (ластануы бөлiгiнде). 7. Жүйе аясында мынадай кiшi жүйелер бөлiнедi: 1) қоршаған табиғи орта сапасының мониторингi: атмосфералық ауа сапасының мониторингi; жер бетіндегі су ресурстары сапасының мониторингi; жер сапасының мониторингi; жер қойнауы сапасының мониторингi (ластануы бөлiгiнде); 2) әсер ету мониторингi: атмосфералық ауаның ластану көздерiнiң мониторингi (ауа бассейнiне ластаушы заттардың шығарымдары); су ресурстары ластау көздерiнiң мониторингi (жер бетіндегі су айдындарына сарқынды сулардың төгiндiлерi); топырақтың ластануы көздерiнiң мониторингi (өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтармен); радиоактивтi ластану мониторингi (радиоактивтiк шығарымдар мен төгiнділер): 1) салдарлардың мониторингi: санитарлық-гигиеналық мониторинг (халық денсаулығына мекендiк орта факторларының әсерi); 2) мониторингтiң арнайы түрлерi: аялық мониторинг (биосфералық қорықтар); ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингi; озондық мониторинг. 8. Аумақ аясына қарай ҚО мен ТРБММЖ республикалық, аймақтық және жергiлiктi деңгейлерге бөлiнедi. Республикалық деңгей, өзiнiң құрамында жалпы мемлекеттік маңызы бар iрi аймақтар мен жекелеген объектiлердi баса көрсете отырып, республиканың бүкiл аумағын қамтиды. ҚО мен ТРБММЖ-нiң республикалық деңгейде жұмыс iстеуi қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауiпсiздiк саласындағы басқаруды ақпараттық қамтамасыз етудiң мiндеттерiн шешедi. Аймақтық деңгей, әкiмшiлiк, экономикалық, өзге де шекаралар, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйi мен табиғи ресурстардың пайдаланылуына әсер ететiн табиғи және техногендiк факторлардың кешенi ескерiле отырып, физикалық-географиялық ерекшелiктерi ескерiлiп, ұйымдастырылады және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiне жатқызылған басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету мiндеттерiн шешедi. Жергiлiктi деңгей әлеуметтiк-экономикалық маңызы бар учаскелерiне қатысты қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерiн тәптiштей зерделеу мақсатында ұйымдастырылады. 9. Барлық кiшi жүйелер бойынша деректердi қамтитын ҚО мен ТРБММЖ бiрыңғай деректер банкiн жүргiзу, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстардың нақты жай-күйi туралы ақпаратты қорыту, бағалау және талдауды уәкiлеттi мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. 10. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар беретiн қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйi туралы жиынтық деректердi қамтитын банкiн жүргiзудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган жүзеге асырады. 4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң мазмұны 11. ҚО мен ТРБММЖ-нiң мазмұны: 1) мониторингтiң мемлекеттік және өндiрiстiк бағдарламаларында көзделген бөлшектер кешенi бойынша қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдаланудың жай-күйі туралы бастапқы деректердi жинау, сақтау, өңдеу, қоршаған орта мен табиғат пайдалану құрамдас бөлiктерінің мониторингiнiң кадастрлары мен ақпараттық деректер банктерiн жүргiзу; 2) қоршаған ортаның экологиялық жай-күйi, табиғи және техногендiк процестер мен құбылыстарды пайдалану жөніндегі деректердi кешендi қорыту; 3) мемлекеттік өкiмет және басқару органдарына, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң республикалық және облыстық мемлекеттік органдарына болжамдар, анықтамалар, баяндамалар мен ақпарат берудiң өзге де нысандарын қоса алғанда, регламенттелген бастапқы деректер мен оларды өңдеудiң нәтижелерiн дайындау және беру; 4) қоршаған ортаға, табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалануға терiс әсерлердiң салдарларын жою немесе азайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; 5) қоршаған орта және табиғи ресурстарды пайдалануды бақылау саласындағы мемлекеттік статистика, экологиялық сараптама, экологиялық аудиттi жүргiзудi ақпараттық қамтамасыз ету. 5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiне басшылық жасау мен басқару 12. ҚО мен ТРБММЖ-iң әдiстемелiк басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы және қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингiн жүзеге асыру жөніндегі басқа да мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестiретiн оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. 13. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң кiшi жүйелерiн басқаруды уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 6. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн ұйымдастыру, жұмыс істеуi мен қаржыландырудың тәртібі 14. ҚО мен ТРБММЖ жұмыс iстеуiн ұйымдастыру мен қамтамасыз етудi, қызметiн үйлестiрудi: 1) республикалық деңгейде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы және уәкiлеттi органдар өз құзыретi шегiнде; 2) аймақтық деңгейде - аумақтық және жергілiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. 15. ҚО мен ТРБММЖ-сiн кiшi жүйелерiнiң жұмыс істеуi мен ақпараттық қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру мен қамтамасыз етудi арнайы уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. 16. ҚО мен ТРБММЖ-сiн ақпараттық қамтамасыз ету қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекiткен, келiсілген тiзбелер, нысандар мен мерзiмдерге сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік органдар орындайтын қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингiнiң жиынтық деректер банкiне берiлетiн нәтижелерiне негiзделедi. 17. Бағдарламалық құралдар жүйесi ҚО мен ТРБММЖ-нiң әртүрлi деңгейi, сондай-ақ жүйелерi мен кiшi жүйелерiнiң деректер банкiлерi арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етiп, бiрыңғай әдiстемелiк негiзде ақпарат жинауды, өңдеудi және сақтауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беруi тиiс. 18. ҚО мен ТРБММЖ-ін жүргiзудi қаржыландыру уәкiлеттi органдардың бюджеттік бағдарламалары бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
|