Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын тапсыру
ҚР Әділет министрлінің 2010.12.03. № 82 Бұйрығымен күші жойылды
"Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 1021 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын тапсыру ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аттестациялық комиссиясының сот сарапшыларын аттестациялау ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
Әділет министрінің 2005 жылғы 5 тамыздағы № 214 бұйрығына 1-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын тапсыру ережесі
1. Осы Ереже "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 1021 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесінің 12-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Біліктілік емтиханын тапсыру мақсаты сот сараптамасын жүргізуді іс жүргізу заңнамасының талаптарына және сот сараптамасы саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес жоғары кәсіптік деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Сот сарапшысы біліктілігінің болуы аттестациядан өту және сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін міндетті негіздеме болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|