|
|
|
33-ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS) Мақсаты 1. Осы Стандарттың мақсаты акцияға шаққандағы пайданы анықтау және ұсыну принциптерін белгілеу, оның өзі түрлі ұйымдардың сол бір есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ сол бір ұйымның түрлі есепті кезеңдердегі қызметінің нәтижел ерін салыстыру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Акцияға шаққандағы пайда туралы ақпараттың "пайданы" анықтау кезінде пайдаланылатын есепке алу саясатындағы айырмашылықтарға байланысты кейбір кемшіліктерге қарамастан, бірыңғай әдістеме негізінде есептелген бөлгіш қаржы есептілігінің сапасынан асып кетеді. Стандартты қараудың негізгі мәні - акцияға шаққандағы пайданы есептеу формуласындағы бөлгіш. Қолдану аясы 2. Осы Стандартты, сондай-ақ қарапайым акцияларын немесе әлеуетті қарапайым акцияларын бағалы қағаздардың ашық нарықтарында орналастыру барысында болып отырған ұйымдар қолдануы тиіс: (a) төмендегідей ұйымның бөлек немесе жеке қаржылық есептіліктеріне: (i) қарапайым акциялары немесе әлеуетті қарапайым акциялары нарықта айналымда болатын ұйымдар (ішкі және шетелдік қор биржаларда немесе жергілікті және аудандық нарықтармен қоса, бағалы қағаздардың қордан тыс нарығында); немесе (ii) құралдардың кез келген түрлерін ашық нарықта шығару мақсатымен бағалы қағаздар комиссиясымен және басқа қызметті реттеуді ұйымдастыру шараларымен бірге шоғырландырылған қаржылық есептілік ұсынатын немесе ұсынып жатқан. (b) бас ұйымы бар топтың шоғырланған қаржылық есептіліктеріне: (i) қарапайым акциялары немесе әлеуетті қарапайым акциялары нарықта айналымда болатын ұйымдар (ішкі және шетелдік қор биржаларда немесе жергілікті және аудандық нарықтармен қоса, бағалы қағаздардың қордан тыс нарығында); немесе (ii) құралдардың кез келген түрлерін ашық нарықта шығару мақсатымен бағалы қағаздар комиссиясымен және басқа қызметті реттеуді ұйымдастыру шараларымен бірге шоғырландырылған қаржылық есептілік ұсынатын немесе ұсынып жатқан; және. 3. Акцияға шаққандағы пайданы ашып көрсететін ұйым акцияға шаққандағы пайданың көлемін осы Стандартқа сәйкес есептеуі және ашып көрсетуі тиіс. 4. Ұйым 10 Шогырландырылган қаржы есептілігі ХҚЕС-ына (IAS) және 27 жеке қаржы есептілігі ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес әзірленген шоғырландырылған қаржы есептілігін де, жеке қаржы есептілігін де ұсынатын кезде осы Стандартта ашып көрсетілуі талап етілетін ақпарат тек шоғырландырылған деректер негізінде ұсынылуы тиіс. Акцияға шаққандағы пайданы өзінің жеке қаржы есептілігі негізінде ашып көрсететін ұйым ондай ақпаратты тек пайда мен шығын туралы есепте ұсынуға міндетті. Ұйым акцияға шаққандағы пайда туралы ондай ақпаратты шоғырландырылған қаржы есептілігінде ұсынуға құқылы емес. 4А Егер ұйым пайда немесе шығынның құрамдас бөлігін 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС-ының (IAS) (2011 жылғы редакция) 10А- тармағында сипатталғандай бөлек табыс туралы есепте ұсынса, онда ол бір акция табысын тек сол бөлек есепте ұсынады. Анықтамалар__________________________________________________ 5. Мына терминдер осы Стандартта төменде көрсетілген мәндерде пайдаланылады: Таратылуға қарсы - акцияға шаққандағы пайданы ұлғайту немесе кеміту, оның өзі айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар мен варранттарды орындаудың немесе белгілі бір шарттар орындалғаннан кейін қарапайым акциялар шығарудың нәтижесі болып табылады. Белгілі бір шарттарды орындаған кездегі акцияларды сатып алу келісімшарты— акциялар шығару туралы белгілі бір шарттардың орындалуы туралы мәміле. Шартты түрде шығарылатын қарапайым акциялар - шартты түрде шығарылатын қарапайым акциялар шығару туралы шартта белгіленген талаптар орындалғаннан кейін шағын ақшалай өтем төлеуге айырбас ретінде немесе қандай да болсын, соның ішінде шағын ақшалай өтем төлеусіз шығарылатын қарапайым акциялар. Тарату - акцияға шаққандағы пайданы кеміту немесе акцияға шаққандағы шығынды ұлғайту, бұл айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар немесе варранттар орындау немесе белгілі бір жағдайлар орындалғаннан кейін қарапайым акциялар шығару нәтижесі болып табылады. Опциондар, варранттар және олардың баламалары - өздерін ұстаушыға қарапайым акциялар сатып алу құқығын беретін қаржы құралдары. Қарапайым акция — үлескерлік құралдардың барлық басқа сыныптарына неғұрлым төмен статусы бар үлескерлік құрал. Әлеуетті қарапайым акция - өз иесіне қарапайым акцияларды иелену құқығын бере алатын қаржы құралы немесе өзге шарт. Қарапайым акцияларды сату опциондары — мұндай опционды ұстаушыға қарапайым акцияларды белгілі бір баға бойынша белгілі бір кезең ішінде сату құқығын беретін келісімшарттар. 6. Қарапайым акцияларды ұстаушылар кезеңдегі пайданы бөлуге тек артықшылықты акциялар сияқты басқа акция түрлері иелерінен кейін ғана қатысады. Ұйымда қарапайым акциялардың бірнеше сыныбы болуы мүмкін. Бір сыныптағы қарапайым акцияларды ұстаушылар дивидендтер алуға тең құқылы. 7. Әлеуетті қарапайым акциялардың мысалдары: (a) қаржы міндеттемелері немесе үлескерлік құралдар, соның ішінде қарапайым акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар; (b) опциондар мен варранттар; (c) шарт келісімдерінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін, мысалы, ұйым немесе басқа активтер сатып алу кезінде шығарылатын акциялар. 8. 32 Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну ХҚЕС-ында (IAS) анықтамасы берілген терминдер осы Стандартта, егер басқадай көрсетілмеген болса, онда 32 ХҚЕС-ының (IAS) 11-тармағында келтірілген мәндерде пайдаланылады. 32 ХҚЕС-ында (IAS) қаржы құралының, қаржы міндеттемесінің, үлескерлік құралдың және әділ құнның анықтамалары, сондай-ақ сол анықтамаларды қолдану жөніндегі ұсыныстар берілген. Бағалау Акцияға шаққандағы негізгі пайда 9. Ұйым басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға шаққандағы пайда немесе шығын жөнінде және ұсынылған жағдайда, одан әрі жалғастырылатын қызметтен сол акцияларды ұстаушыларға шаққандағы пайда немесе шығын жөнінде акцияға шаққандағы негізгі пайда есебін шығаруға міндетті. 10. Акцияға шаққандағы негізгі пайда басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға шаққандағы пайданы немесе шығынды (алымы) айналымдағы қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа өлшенген санына (бөлгіші) бөлу жолымен есептелуі тиіс. 11. Акцияға шаққандағы негізгі пайда туралы ақпарат басты ұйымның әрбір қарапайым акциясының ұйымның есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелеріне қатысуының үлесін анықтау мақсатында ұсынылады. Пайдалар 12. Акцияға шаққандағы негізгі пайданы есептеу мақсатында басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға шаққандағы сомалар: (a) одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымға келетін пайда немесе залал сомасы; және (b) басты ұйымға келетін пайда немесе залал сомасы (а) және (b) тармақтарда көрсетілген, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің салықтан кейінгі сомалары, артықшылықты акциялар өтелгеннен кейін пайда болатын айырмашылықтар және капитал ретінде сараланған артықшылықты акциялардың басқа да осы сияқты нәтижелері бойынша түзетілген тең сомалармен қабылдануы тиіс. 13. Кірістер мен шығыстардың кезең ішінде мойындалған, басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға жатқызылатын барлық баптары, соның ішінде салық бойынша шығыстар және міндеттемелер ретінде сараланған артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе шығынды анықтау кезінде есепке алынады (1 Қаржы Есептілігін Ұсыну ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз). 14. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің пайдадан немесе шығыннан шегерілетін салықтан кейінгі сомасы: (a) сол кезеңде жарияланған шоғырландырылмайтын артықшылықты акциялар бойынша кез келген дивидендтердің салықтан кейінгі сомасынан; және (b) шоғырландырылмайтын артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің, ол дивидендтердің жарияланғанына немесе жарияланбағанына қарамастан, кезеңде төленуі қажет етілетін салықтан кейінгі сомасынан құралады. Акциялар бойынша кезең ішіндегі дивидендтер сомасына кезең ішіндегі шоғырландырылған артықшылықты акциялар бойынша төленген немесе ағымдағы кезең ішінде бұрынғы кезеңдерге қатысты жарияланған қандай да болсын дивидендтер сомасы қосылмайды. 15. Ұйым артықшылықты акцияларды сататын жеңілдікті өтеу есебіне бастапқы төмен дивидендтерді немесе дивидендтерді неғұрлым кейінгі кезеңдерде инвесторлар артықшылықты акцияларды сатып алатын үстемені өтеу есебінен «нарықтан жоғары» төлеуді көздейтін артықшылықты акциялар кейде міндеттемесі ұлғайтылған артықшылықты акциялар деп аталады. Артықшылықты акциялар шығару кезіндегі кез келген жеңілдік немесе үстеме міндеттеменің ұлғаюына қарай пайыздың тиімді міндеттемесі әдісін пайдалана бөлінбеген пайдаға амортизацияланады және есепке алуда акцияға шаққандағы пайданы есептеу мақсатында артықшылықты акцияға дивиденд түрінде көрсетіледі. 16. Артықшылықты акцияларды ұйымның соларды ұстаушыларға тендерлік ұсынысы шеңберінде сатып алуға болады. Артықшылықты акциялар ұстаушыларға төленген өтемді төлеудің әділ құнының сол артықшылықты акциялардың қаржылық жағдай туралы есептік құнынан асып кетуі артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс және ұйымның бөлінбеген пайдасынан шегерім болып табылады. Бұл сома басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға шаққандағы пайданы немесе шығынды есептеу кезінде шегеріледі. 17. Айырбасталатын артықшылықты акцияларды мерзімінен бұрын айырбастауды ұйымның айырбастаудың бастапқы жағдайларын қолайлы түрде өзгерту немесе қосымша ыңғайласпа қосымша ұсынысты төлеу арқылы ынталандыра алады. Қарапайым акциялардың әділ құнының немесе төленген басқа өтемді төлеудің айырбастаудың бастапқы шарттарына сәйкес орналастырылатын акциялардың әділ құнынан асуы артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс болып табылады және басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға шаққандағы пайданы немесе шығынды есептеу кезінде шегеріледі. 18. Артықшылықты акциялардың қаржылық жағдай туралы есептік құнының оларды өтеу кезіндегі өтемді төлеудің әділ құнынан кез келген асуы басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе шығынды есептеу кезінде шегерілуге жатады. Акциялар 19. Акцияға шаққандағы негізгі пайданы есептеу үшін қарапайым акциялардың саны кезең ішіндегі айналыстағы қарапайым акциялардың орташа алынған санына тең болуы тиіс. 20. Кезең ішінде айналыста болатын қарапайым акциялардың орташа алынған санын пайдалану акционерлік капитал мөлшерінің түрлі кезеңде акциялардың көп немесе аз санының айналыста болатындығына байланысты өзгеруінің ықтималдығын көрсетеді. Кезең ішінде айналыста болатын қарапайым акциялардың орташа алынған саны кезеңнің бас кезінде айналыста болатын қарапайым акциялардың кезең ішінде сатып алынған немесе орналастырылған қарапайым акциялар саны бойынша түзетілген, орташа алынған уақыт коэффициентіне көбейтілген санына тең болады. Орташа алынған уақыт коэффициенті акциялар айналыста болатын күндер санын есепті кезеңдегі күндердің жалпы санына бөлудің бөліндісі ретінде айқындалады; көптеген жағдайларда, жеткілікті негіздер бар болған жағдайда, орташа алынған көрсеткішті шамамен есептеуге жол беріледі. 21. Акциялар айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне, әдетте, оларды өтеу жөніндегі дебиторлық берешек пайда болған сәттен (әдетте олар орналастырылған күннен) бастап қосылады, мысалы: (а) ақша қаражатын төлеу арқылы орналастырылған қарапайым акциялар есепке оларды төлеу бойынша дебиторлық берешек пайда болған сәттен бастап қосылады; (b) қарапайым немесе артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді ерікті қайта инвестициялау барысында орналастырылған қарапайым акциялар есепке дивидендтер төленген күннен бастап қосылады; (c) қарыз құралын қарапайым акцияларға айырбастау нәтижесінде орналастырылған қарапайым акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады; (d) басқа қаржы құралдарының пайыздарын немесе негізгі сомасын төлеу есебінен орналастырылған қарапайым акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады; (e) ұйымның міндеттемелерін орындау есебінен орналастырылған қарапайым акциялар есепке міндеттемелер орындалған күннен бастап қосылады; (f) ақша қаражаты болып табылмайтын активті сатып алған кезде өтемді төлеу ретінде орналастырылған қарапайым акциялар есепке сатып алынған актив ұйым қаржылық жағдай туралы есебінде мойындалған күннен бастап қосылады; және (g) ұйымға көрсетілген қызметке ақы төлеу есебінен орналастырылған қарапайым акциялар есепке ондай қызметтердің көрсетілуіне қарай қосылады. Қарапайым акцияларды айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне қосу сәті оларды шығаруға және орналастыруға байланысты жағдайлармен айқындалады. Акцияларды орналастыруға қатысты кез келген шарттың мазмұнын тиісті түрде ескеру қажет. 22. Ұйымдар бірігуі құнының құрамдас бөліктерінің бірі түрінде шығарылған қарапайым акциялар орташа алынған акциялар санының есебіне сатып алынған күннен бастап қосылады. Мұның өзі сатып алушы ұйымның сатып алынатын ұйым пайдалары мен шығындарын сол күннен бастап пайдалар мен шығындар туралы өз есебіне қосуының нәтижесі болып табылады. 23. Міндетті түрде конвертациялауға жататын құрал конвертацияланғаннан кейін шығарылатын қарапайым акциялар акцияға шаққандағы негізгі пайда есебіне шарт жасасқан күннен бастап қосылады. 24. Орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар акцияға шаққандағы негізгі пайда есебіне тек барлық қажетті шарттар орындалған (яғни, жоғарыдағы оқиғалар орын алғанда) күннен бастап қосылады. Уақыт өтісімен жеке шығарыла алатын акциялар орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар болып саналмайды, себебі уақыттың өтісі анық нәрсе. Шартты түрде қайтарымды айналымға шығарылған қарапайым акциялар (яғни, қайтарып алуға болатын) айналымға салуға болатын ретінде қарастырылмайды және акциялар қайтарылып алуға жатпаған күнге шейін акцияға шаққанда негізгі пайда есебіне кірмейді. 26. Кезең ішіндегі және барлық ұсынылған кезеңдер үшін айналыстағы қарапайым акциялардың орташа алынған саны әлеуетті қарапайым акциялардың қарапайым акцияларға айырбасталуынан басқа, болып жатқан жағдайларды ескере отырып, түзетілуі тиіс, нәтижесінде айналыстағы қарапайым акциялар санының өзгеруі ресурстағы тиісті өзгерістерсіз өтеді. 27. Қарапайым акцияларды активтердегі тиісті өзгеріссіз шығаруға немесе айналыстағы қарапайым акциялар санын қысқартуға болады. Мұның мысалдары: (a) акцияларды жеңілдік шарттармен капиталдандыру немесе орналастыру (кейде акциялар түріндегі дивиденд деп аталады); (b) кез келген басқа шығарылымдағы жеңілдік элементі, мысалы, нақты акционерлер үшін құқықтар шығарудағы жеңілдік элементі; (c) акцияларды бөлшектеу; және (d) акцияларды кері бөлшектеу (акцияларды шоғырландыру). 28. Акцияларды жеңілдік шарттармен капиталдандыру, орналастыру кезінде немесе акцияларды бөлшектеу кезінде қарапайым акциялар нақты акционерлер арасында қосымша өтем төлеусіз шығарылады. Сонымен, айналыстағы қарапайым акциялар саны активтердің көбейтілуінсіз ұлғайтылады. Осы оқиғаға дейін айналыста болған қарапайым акциялар саны айналыстағы қарапайым акциялар санындағы теңбе-тең өзгерістерді ескере, бұл оқиға ұсынылған кезеңдердің ең ертерегінің бас кезінде болғандай етіп түзетіледі. Мысалы, акциялар біреу үшін екеуі жеңілдік жағдайымен орналастырылған кезде аталған орналастыруға дейін айналыста болған қарапайым акциялар саны қарапайым акциялардың жаңа жалпы санын алу үшін үшке тең коэффициентке немесе қосымша акциялар санын алу үшін екіге тең коэффициентке көбейтіледі. 29. Қарапайым акцияларды шоғырландыру кезінде, әдетте, айналыстағы қарапайым акциялар саны қысқарып, ол активтердің тиісінше қысқаруымен ұласпайды. Алайда, жалпы нәтиже акцияларды әділ құн бойынша сатып алу болып табылатын кезде, айналыстағы қарапайым акциялар санының қысқартылуы активтердің тиісінше қысқаруының нәтижесі болып табылады. Мұның мысалы акцияларды арнаулы дивидендпен ұштастыра шоғырландыру болып табылады. Айналыстағы қарапайым акциялардың құрамдастырылған операция жүзеге асырылатын кезең ішіндегі орташа алынған саны арнаулы дивиденд мойындалған күннен бастап қарапайым акциялар санының қысқаруын ескере түзетіледі. Акцияға шаққандағы таратылған пайда 30. Ұйым басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе залал жөнінде акцияға шаққандағы таратылған пайданы және, ұсынылған жағдайда, одан әрі жалғастырылатын қызметтен сол акцияларды ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды есептеуге міндетті. 31. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін ұйым басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайдаға немесе залалға және айналыстағы акциялардың орташа алынған санына таратылған әлеуетті қарапайым акциялар ықпалын ескере түзетуге міндетті. 32. Акцияға шаққандағы таратылған пайда акцияға шаққандағы негізгі пайда сияқты анықталады, нақты айтқанда, әрбір қарапайым акцияның ұйым қызметінің нәтижелеріне қатысуының үлесін кезең ішінде айналыста болған таратылған әлеуетті қарапайым акциялар ықпалын ескере анықтау керек. Нәтижесінде: (a) басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайдаға немесе шығын таратылатын әлеуетті қарапайым акциялар бойынша кезең ішінде есептелген дивидендтер мен пайыздардың салықтан кейінгі сомасына ұлғайтылады және пайдада немесе шығыста таратылатын әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастау нәтижесінде пайда болатын кез келген өзгерістерді ескере түзетіледі; және (b) айналыстағы қарапайым акциялардың орташа алынған саны, егер әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастауға рұқсат етілетін болса, онда айналысқа түсетін қосымша қарапайым акциялардың орташа алынған санына көбейеді. Пайдалар 33. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін ұйым басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін, 12-тармаққа сәйкес есептелген пайдаға немесе шығынға: (a) басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайданың немесе шығынның мөлшерін алу, 12-тармаққа сәйкес есептеу кезінде шегерілген, таратылатын әлеуетті қарапайым акцияларға қатысты кез келген дивидендтерге немесе басқа баптарға; (b) таратылатын әлеуетті қарапайым акциялар бойынша кезең ішінде есептелген кез келген пайыздарға; және (c) таратылатын әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастау нәтижесінде кірістерде немесе шығыста болатын кез келген басқа да өзгерістерге салықтан кейінгі ықпалды ескере түзету енгізуге міндетті. 34. Әлеуетті қарапайым акцияларды 33-(а)-(с) тармақта көрсетілген қарапайым акцияларға айырбастағаннан кейін баптар пайда болмайды. Мұның орнына жаңа қарапайым акциялар ұстаушылар басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін және 12-тармаққа сәйкес есептелген пайдаға немесе шығынға қатысуға құқылы болады. Сонымен, басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін және 12-тармаққа сәйкес есептелген пайдаға немесе шығынға 33-(а)-(с) тармақта аталған баптарға және оларға байланысты кез келген салықтарға түзетіледі. Әлеуетті қарапайым акцияларға жатқызылатын шығыстар мәмілелер бойынша шығындарды және пайыздың тиімді міндеттемесі әдісін пайдалана ескерілетін жеңілдіктерді қамтиды (39 Қаржы құралдары: тану және багалау ХҚЕС-ының (IAS) 9-тармағын қараңыз, 2003 жылғы редакция). 35. Әлеуетті қарапайым акцияларды айырбастау кірістер мен шығыстарда кейіннен өзгерістер болуына әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, әлеуетті қарапайым акцияларға қатысты пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығыстардың азаюы және пайданың тиісінше ұлғаюы немесе шығынның кемуі қызметкерлердің ұйым пайдасына қатысуының міндетті жоспарларына байланысты шығыстарды ұлғайтуы мүмкін. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу мақсатында басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе зиян кірістердегі немесе шығыстардағы кез келген кейінгі өзгерістерді ескере түзетіледі. Акциялар 36. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін қарапайым акциялар саны олардың 19 және 26-тармақтарға сәйкес есептелген орташа алынған санына және барлық таратылатын әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастаған кезде шығарылатын қарапайым акциялардың орташа алынған санына тең болуы тиіс. Таратылатын әлеуетті қарапайым акциялар кезең басындағы күй бойынша немесе, егер олар кейінірек шығарылатын күнгі күй бойынша қарапайым акцияларға айырбасталды деп есептелуі тиіс. 37. Таратылатын әлеуетті қарапайым акциялар көрсетілген әрбір кезең үшін жеке анықталуы тиіс. Таратылатын әлеуетті қарапайым акциялардың өткен кезеңдегі саны әрбір аралық есепке қосылатын таратылатын әлеуетті қарапайым акциялардың орташа алынған саны болып табылмайды. 38. Әлеуетті қарапайым акциялардың орташа алынған саны олар айналыста болған кезеңдегі күй бойынша есептеледі. Қайтарып алынған немесе қолданылу мерзімі есепті кезең ішінде біткен әлеуетті қарапайым акциялар акцияға таратылған пайда есебіне кезеңнің олар айналысты болған бөлігі шегінде ғана қосылады. Есепті кезең ішінде қарапайым акцияларға айырбасталған әлеуетті қарапайым акциялар кезең басынан бастап, айырбасталатын сәтке дейін акцияға таратылған пайда есебіне қосылады; алынған қарапайым акциялар айырбасталған сәттен бастап акцияға шаққандағы негізгі, сондай-ақ таратылған пайдаға қосылады. 39. Таратылатын әлеуетті қарапайым акцияларды айырбастау кезінде шығарылатын қарапайым акциялар саны сол әлеуетті қарапайым акцияларды шығару немесе олар жөніндегі шарт талаптарымен анықталады. Айырбастаудың бірнеше негіздері бар болған кезде есеп ұстаушының көзқарасы тұрғысынан ең тиімді әлеуетті қарапайым акцияларды, айырбастау коэффициентін немесе орындау бағасын қолдана жасалады. 40. Еншілес ұйым, бірлескен қызмет немесе қауымдасқан ұйым басқа тараптарға, басты ұйымнан, кәсіпкерден немесе инвестордан гөрі, не еншілес ұйымның, бірлескен қызметтің немесе қауымдасқан ұйымның қарапайым акцияларына, не басты ұйымның, кәсіпкердің немесе инвестордың (есеп беретін ұйымның) қарапайым акцияларына айырбасталатын әлеуетті қарапайым акциялар шығаруы мүмкін. Егер еншілес ұйымның, бірлескен қызметтің немесе қауымдасқан ұйымның қарапайым акцияларына айырбасталатын осы әлеуетті қарапайым акцияларға, есеп беруші ұйымның акциясына таратушы әсері болса, онда олар акцияларға шаққандағы таратылған пайданың есебіне қосылады. Таратушы ықпалы бар әлеуетті жай акциялар 41. Әлеуетті қарапайым акциялар оларды қарапайым акцияларға айырбастау одан әрі жалғасатын қызметтен акцияларға шаққандағы таза пайданың кемуіне немесе шығынның артуына әкеліп соғатын кезде, нақ сол кезде ғана, ескерілуі тиіс. 42. Ұйым одан әрі жалғасатын әдеттегі қызметтен келетін пайданы немесе шығынды әлеуетті қарапайым акциялардың таратылатын немесе таратылуға қарсы ықпалының бар-жоғын анықтау үшін «бақылау көрсеткіші» ретінде пайдаланады. Одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымға келетін пайда немесе шығын 12-тармаққа сәйкес түзетіледі және тоқтатылатын қызметке қатысты баптарды қамтымайды. 43. Әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастау акцияға одан әрі жалғасатын қызметтен келетін пайданы ұлғайтатын және акцияға шаққандағы шығынды кемітетін жағдайда, оларда таратуға қарсы ықпал бар болады. Акцияларға шаққандағы таратылатын пайда ықпалы акцияға шаққандағы пайдаға таратуға қарсы ықпалы болатын әлеуетті қарапайым акцияларды айырбастауды, орындауды немесе шығаруды көздемейді. 44. Әлеуетті қарапайым акциялардың тарату немесе таратуға қарсы ықпалының бар-жоғына қатысты мәселені қарау кезінде әлеуетті қарапайым акциялардың әрбір шығарылымы немесе сериясы басқаларымен жиынтықтап емес, ол бөлек қаралуы тиіс. Әлеуетті қарапайым акциялар қаралатын реттілік олардың тарату әсерінің бар болуына немесе болмауына ықпал ете алады. Сонымен, акцияға шаққандағы негізгі пайданың таратылуын оңтайландыру үшін әлеуетті қарапайым акциялардың әрбір шығарылымы немесе сериясы ең жоғарғы таратушы ықпалдан ең төменгі таратушы ықпалға дейінгі кері реттілікпен қаралады, яғни «қосымша акцияға шаққандағы пайданы» ең аз қамтамасыз ететін таратушы ықпалы бар әлеуетті қарапайым акциялар акцияға шаққандағы таратылатын пайда есебіне қосымша акцияға шаққандағы пайдасы неғұрлым жоғары акциядан гөрі ертерек қосылады. Опциондар мен варранттар, әдетте, бірінші кезекте қосылады, өйткені олар есеп формуласының алымына ықпал етпейді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |