|
|
|
«Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 278-3-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгiлеу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы заңды тұлғалар үшiн 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап және жеке тұлғалар үшiн алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкiметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 864 қаулысымен Бекiтілген
Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгiлеу ережесi
1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнің (Салық кодексi) 278-3-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт жасаған жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда салық төлеушілердің экспортқа сататын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгілеу тәртібін көздейдi. 2. Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасы Mcgraw-Hill Companies Ink компаниясының Platts Сrudе Oil Marketwire көзiнде жарияланатын ақпаратқа сәйкес салық кезеңiнде Юралс Жерорта теңiзi (Urals Меd) және Күнi көрсетiлген Брент (Brent Dtd) күн сайынғы баға белгілеудiң орташа арифметикалық мәнi ретінде белгіленедi. 3. Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы мынадай формула бойынша анықталады: P= (C1+C2)/2; Р - сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы; C1 - биржаның ашылу сәтiне сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы; С2 - биржаның жабылу сәтіне сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы. С1 және С2 мынадай формулалар бойынша анықталады: С1= (Cю.ж.1+Ск.б.1)/2 С2= (Cю.ж.2+Ск.б.2)/2; Cю.ж.1 - биржаның ашылу сәтiне Юралс Жерорта теңiзi баға белгiлеуi; Сю.ж.2 - биржаның жабылу сәтiне Юралс Жерорта теңiзi баға белгiлеуi; Сю.ж.1 - биржаның ашылу сәтiне Күнi көрсетiлген Брент баға белгiлеуi; Сю.ж.2 - биржаның жабылу сәтiне Күнi көрсетiлген Брент баға белгiлеуi. 4. Салық кезеңiнде сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасы мынадай формула бойынша анықталады: S= (Р+Р1+..... +Рn)/n; S - салық кезеңiнде сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасы; Рn - салық кезеңінiң iшiнде осындай баға белгiлеудiң жарияланым күндерiнде сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы; n - салық кезеңiнің iшiнде осындай баға белгілеудiң жарияланым күндерiнiң саны.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |