«Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне
Осы редакция 2005 ж. 24 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1348 қаулысымен бекітілген Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары Осы Біліктілік талаптары өрт қауiпсiздiгi саласындағы лицензиялық қызметпен айналысу құқығына үмiткер субъектiлерге қолданылады және оған мыналарды қамтиды: 1) өрт дабылы мен өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау: заңды тұлғаның штатында жұмыс iстейтін және лицензиялық жұмыс түрлерін орындауға келген маманның, сондай-ақ жеке тұлғалардың жоғары немесе орта техникалық білімi және өрт дабылы, өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау мәселелерi бойынша бақылауды немесе басшылықты (немесе тiкелей жұмысты) жүзеге асырып келген маман ретiнде кемiнде үш жыл жұмыс стажы болуы тиiс; субъектiнің жобалау жұмыстарын орындау үшiн нормативтік-техникалық базасы (әдебиетi) болуы тиiс; 2) өрт дабылы және өртке қарсы автоматика құралдарын монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету, өртке қарсы техника, өрттен қорғану жабдықтары мен құралдарын шығару: заңды тұлғаның штатында жұмыс iстейтін және лицензиялық жұмыс түрлерін орындауға келген маманның, сондай-ақ жеке тұлғалардың жоғары немесе орта техникалық білімi және өрт дабылы, өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау немесе монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету, өртке қарсы техника немесе өрттен қорғану құралдарын аудару мәселелерi бойынша бақылауды немесе басшылықты (немесе тiкелей жұмысты) жүзеге асырып келген маман ретiнде кемiнде үш жыл жұмыс стажы, белгiленген тәртiппен тiркелген ұйымдар берген электр кернеуi бар жабдықпен жұмыс iстеуде білімінің тексерiлгенi туралы белгiленген үлгiдегі құжаты болуы тиiс; субъектiнің санитарлық және өртке қарсы талаптарға жауап беретiн үй-жайлары, өнiмдi шығаруға арналған жабдығы (немесе оларды жалдауға арналған шарты), белгiленген тәртiппен бекітілген шығарылатын немесе шығару жоспарланып отырған өнiмге арналған техникалық құжаттамасы (техникалық шарттары, конструкторлық құжаттамасы, паспорты немесе нұсқаулығы), сондай-ақ құрастырылатын (шығарылатын) өнiмнiң сапасын тексеруге арналған қондырғысы болуы тиiс; 3) өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғану құралдарын сату: сатумен айналысатын қызметкерлердiң орта немесе жоғары техникалық білімi болуы, сатылатын өнiмнiң техникалық сипаттамасын, оны пайдалану мен сақтау ережелерiн бiлуi тиiс; субъектiнiң белгiленген талаптарға сәйкес сатылатын өнiмге техникалық құжаттамасы, өнiмдi сақтау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн сақтау жағдайы, сондай-ақ оның техникалық жай-күйiн тексеруге арналған жабдығы болуы тиiс. |