«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер (2005.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың көрсеткен қызметтерi үшiн төлемдер алуды ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1745 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 53, 514-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешiмдерiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын. 3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 8 сәуірдегі № 505 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінiң 26.04.99 ж. № 476 қаулысымен 1-тармақ күшiн жойды 2. "Жол қозғалысы хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 23 қарашадағы № 967 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 45, 654-құжат) бекітілген "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Мемлекеттік автомобиль инспекциясы туралы Ережедегi: 14-тармақта: жиырма жетiншi абзацтағы "сондай-ақ жол қозғалысы саласында кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және азаматтарға әртүрлi ақылы қызмет көрсетуге" деген сөздер алынып тасталсын; отыз бiрiншi абзац алынып тасталсын. ҚР Үкіметінiң 17.04.03 ж. № 367 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды 3. "Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 мамырдағы № 410 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 18, 215-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау туралы Ережеге: 9-тармақта: "б" тармақшасының бiрiншi абзацындағы, "в", "г", "д" тармақшаларындағы "өндiрiп алу" деген сөздердiң алдынан "тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне" деген сөздермен толықтырылсын; он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Белгiленген өндiрiп алынатын сома бюджеттік жiктеуге сәйкес тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне аударылады". 4. "Республикадағы машина-трактор паркiнiң техникалық жайына мемлекеттік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 тамыздағы № 735 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 33, 383-құжат) 5-тармағының екiншi абзацы алынып тасталсын. 5. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Мемлекеттік өрт қадағалау мен өрттен қорғауды ұйымдастыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 20, 192-құжат) бекітілген "Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт қадағалау туралы Ереженiң 13-тармағынан "Осы объектiлердi паспорттандыруға байланысты жүргiзiлетiн қызмет көрсетулер ақылы негiзде жүзеге асырылады" деген сөздер алынып тасталсын. 6. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметi туралы Ереженi бекіту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 547 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 14, 166-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметi туралы Ереженiң V бөлiмiнiң бесiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы абзацтары алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 07.06.99 ж. № 708 қаулысымен 7-тармақтың күші жойылды 8. ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 9. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат) 4-тармағы мынадай редакцияда берiлсiн: "4. Лицензиялық алым мынадай сайма-сайлықта енгiзiледi: 98 процентi жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне және 2 процентi лицензиардың есебiне". 10. "Стандарттау және сертификаттау мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қыркүйектегi № 1259 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 30, 377-құжат) 1-тармағының төртiншi, жетiншi-оныншы абзацтары алынып тасталсын. 11. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): 2-тармақ: екiншi абзацтағы "және бірге келісіп шешетiн ұйымдардың тiзбесiн" деген сөздер алынып тасталсын; үшiншi абзац алынып тасталсын. 12. "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 21 ақпандағы № 225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 9, 64-құжат) 6-тармағының екiншi абзацы алынып тасталсын. 13. "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 21 ақпандағы № 225 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 9, 64-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi туралы Ереженiң 5-тармағының жиырма алтыншы абзацы алынып тасталсын. 14. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 наурыздағы № 370 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 13, 106-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы Ереженiң 6-тармағының жиырмасыншы және жиырма екiншi абзацтары алынып тасталсын. 15. ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 16. "Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 9 тамыздағы № 985 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 33, 312-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы туралы Ереженiң 11-тармағындағы "сондай-ақ осы ережеге сәйкес басқа да қызмет түрлерiнен алынған табыстар есебiнен жүзеге асырылады" деген сөздер алынып тасталсын. 17. ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінiң 29.03.02 ж. № 373 қаулысымен 18-тармақтың күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 8 сәуірдегі № 505 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетi бөлiмшелерiнiң бiрлестiктерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға және басқа да шаруашылық субъектiлерiне ақылы қызмет көрсетуi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 қазандағы № 924 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 43, 639-құжат). 2. "Табиғат қорғау Заңдарын сақтау жөніндегі бақылау - инспекциялық қызметтен алынатын қаржыны қалыптастыру тәртібі мен жұмсау бағыттары жөніндегі Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 қазандағы № 112 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 41, 447-құжат). 3. "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 8 желтоқсандағы № 1395 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 46, 517-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрылыс, кеңейту, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және объектiлер мен кешендердi күрделi жөндеуге арналған сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне енгiзiлiп отырған өзгерістердiң 3-тармағы. |