«Азаматтарды аңшылық минимумы бойынша оқыту үшін ұйымдар
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қоса беріліп отырған: 1) Азаматтарды аңшылық минимумы бойынша оқыту үшін ұйымдарды іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесі; 2) Аңшылық минимумы бағдарламасы бекітілсін.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2005 жылғы «2» сәуірдегі № 89 бұйрығымен бекітілген
Азаматтарды аңшылық минимумы бойынша оқыту үшін ұйымдар іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесі
1. Осы Ереже азаматтарды аңшылық минимумына (бұдан әрі - аңшылық минимумы) оқытуды жүргізуге жіберілетін ұйымда жөнінде конкурс өткізу тәртібін айқындайды. Азаматтарды аңшылық минимумына оқытуды жүргізуге жіберілетін ұйым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) өткізетін ашық конкурстың нәтижелері бойынша анықталады. 2. Конкурс өткізу үшін Комитет Төрағасының бұйрығымен мынадай құрамда комиссия құрылады: 1) Төраға - Комитет Төрағасы; 2) комиссия мүшелері - ішкі істер, қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша). 3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|