Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге Осы редакция 2005 ж. 19 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 59-тарауына сәйкес, кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру ережесі бекітілсін. 2. Кедендік кірістер департаменті (И.В. Тен) осы бұйрықтың іске асырылуын қамтамасыз етсін. 3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж. Мулкинге жүктелсін. 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы № 213 бұйрығымен бекітілген Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру ЕРЕЖЕСІ 1. Негізгі ережелер 1. Осы, Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексерудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 59-тарауына сәйкес әзірленді және олардың сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың (бұдан әрі - тексерілетін субъект) сақтауын бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізудің негізгі ережелерін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|