|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақы мен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 16 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, еріктi кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеудi жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 шiлдедегі № 661 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 272-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекiтілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесінде: 8-тармақтың 2) тармақшасындағы «қоспағанда,» деген сөзден кейiн «нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшадағы «куәландырылған» деген сөзден кейiн»(егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе)»деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшадағы «куәландырылған» деген сөзден кейiн»(егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзілсе)»деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақтың бiрiншi абзацы «куәландырылады» деген сөзден кейiн»(егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзілсе)»деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын: «18. Жинақтаушы зейнетақы қорлары жыл сайын алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде қосымша келісім мен зейнетақы төлемдерінің кестесiне өзгерістер енгiзе отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерінiң жылдық мөлшерiне қайта есептеу жүргізеді.»; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiнде: 2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы мынадай шамадан:»; көрсетiлген Әдiстемеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi және ресми түрде жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1059 қаулысына қосымша
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне қосымша
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |