Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң аумағына террористiк
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 462 Қаулысымен бекітілді 2008 жылғы 6 қарашада күшіне енді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері, Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы тиiмдi күресті қамтамасыз ету мақсатында, Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына террористiк, сепаратистік және экстремистік iс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіруi Тараптар мемлекеттерiнiң қауiпсiздігіне елеулi қатер төндiретiнiн түсiне отырып, 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясын, 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясын және 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Аймақтық терроризмге қарсы құрылым туралы келісімдi басшылыққа ала отырып, терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күреске бағытталған тиiмдi шараларды қабылдауда өзара мүдделілiктi негiзге ала отырып, ұлттық заңнаманы және халықаралық құқықтың жалпы көпшiлiк таныған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келісімнiң мақсаты үшiн онда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi: бұзушылар - 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясында айқындалғанындай, терроризм, сепаратизм, экстремизм актілерін жасағаны үшін немесе жасағанына сезiк тудыруы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің арнайы қызметтерi мен құқық қорғау органдары халықаралық iздеу жариялаған адамдар; кіру арналары - бұзушылардың Тараптар мемлекеттерінiң аумағына заңды және заңсыз кіру жолдары.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|