Терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай
Келісім ҚР 2002 ж. 18 сәуірдегі № 316-ІІ Заңына сәйкес бекітілді 2014 жылғы 12 сәуірде күшіне енді
Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы (бұдан әрi - Тараптар), ең алдымен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) жарғысындағы халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды және ынтымақтастықты дамыту мақсаттары мен принциптерiн басшылыққа ала отырып; терроршылдықтың, сепаратизмнiң және экстремизмнiң халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға, сонымен қатар адамның негiзгi құқықтары мен бостандығын жүзеге асыруына қауiп-қатерiн сезiне отырып; аталған құбылыстар Тараптардың аумақтық тұтастығы мен қауiпсiздiгiне, сондай-ақ олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтарына айтарлықтай қаупiн мойындай отырып; 1998 жылғы 3 шiлдедегi Алматыдағы бiрiккен мәлiмдеменiң, 1999 жылғы 25 тамыздағы Бiшкек декларациясының, 2000 жылғы 5 шiлдедегi Душанбе декларациясының және 2001 жылғы 15 маусымдағы «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құру жөніндегі декларацияның принциптерiн басшылыққа ала отырып; терроршылдықтың, сепаратизмнiң және экстремизмнiң, осы Конвенцияда анықталғандай, олардың себептерiне қарамастан, ешқандай жағдайда ақталмайтындығына, ал осындай әрекеттердiң жасалғанына айыпты адамның мiндеттi түрде заңға сәйкес жауапқа тартылатынына берiк сенiм бiлдiре отырып; осы Конвенция шеңберiнде Тараптардың бiрiгiп күш жұмсауы терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күресудiң тиiмдi нысаны екенiне сенiм бiлдiре отырып, төмендегiлермен келiседi: 1. Осы Конвенция мақсаттары үшiн қолданылатын терминдер: 1) «терроршылдықты»: а) осы Конвенция қосымшасында тiркелген (бұдан әрi - Қосымша) шарттарда және де осы шартта анықталғандай қылмыс ретiнде саналатын қандай да болсын әрекеттi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|