|
|
|
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық
Ұлттық және халықаралық маңызы бар Батыс Тянь-Шаньнiң бiрегей табиғи объектiлерi ретiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерiн сақтау мақсатында және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ 1. Қосымшаға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас және Төле би аудандарының жер қоры санатынан жалпы алаңы 46882,3 гектар жер учаскесi алып қойылсын және олар тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесiне (бұдан әрi - мекеме) берiлсiн. 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген жер учаскелерi жер қорынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi санатына ауыстырылсын. 3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi жерде мекеме жерiнiң шекарасын белгiлесiн. 4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкімі күзет аймағының шегiнде бұл аумақтардың экологиялық жүйесінің жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала отырып, мекеме жерiнiң төңiрегiнде күзет аймағын белгілесін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 1133 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесiне тұрақты жер пайдалануға берiлетiн жерлердің экспликациясы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |