|
|
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың (2006.28.04. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) іске асыру мақсатында: 1. Мыналар құрылсын: 1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті шаралар кешенін пысықтау, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын және басқа да материалдарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы); 2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда жұмысты үйлестіру, бақылау және Тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті шаралар кешенін пысықтау, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын және басқа да материалдарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының проблемалық мәселелерін жедел шешу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Тұжырымдаманы іске асыру мәселесі жөніндегі одан арғы іс-қимылын пысықтау үшін тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - ведомствоаралық жұмыс тобы). 2. Жұмыс тобы мен ведомствоаралық жұмыс тобы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Тұжырымдамаға көшуді қамтамасыз етуге арналған шараларды қабылдасын. 3. Жұмыс тобы Тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын және басқа да материалдарды әзірлеу аяқталғанға дейін айына екі рет ведомствоаралық жұмыс тобының алдында істелген жұмыс туралы есеп берсін. 4. Ведомствоаралық жұмыс тобы айына екі рет жұмыс тобының есебін тыңдасын және қажет болған кезде мүдделі мемлекеттік органдарды шақыра отырып, ай сайын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында істелген жұмыс туралы есеп берсін. 5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
ҚР Премьер-Министрінің 2006.28.04. № 111-ө Өкімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 336-ө өкіміне 1-қосымша
Тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті шаралар кешенін пысықтау, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын және басқа да материалдарды әзірлеу жөніндегi жұмыс тобының құрамы
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика және Марат Әпсеметұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі, жетекшi
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- Асқар Раушанұлы министрі, жетекшінің орынбасары
Сағындықов - Қазақстан Республикасы Экономика және Самат Алпысұлы бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары, хатшы
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Берік Шолпанқұлұлы Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары
Балапанов - Қазақстан Республикасы Экономика және Зейнелқабден бюджеттік жоспарлау министрлігі Өңірлік Тәукенұлы саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры
Боранғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және Мәрзия бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік Мұхамбетрақымқызы процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаментінің директоры
Ермекова - Қазақстан Республикасы Экономика және Несіпбала Әбсағитқызы бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры
Жайлаубаева - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және Әсия Сейітжапарқызы байланыс агенттігі Ақпараттандыру департаментінің директоры
Иванова - Қазақстан Республикасы Экономика және Наталья Николаевна бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік аппарат, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры
Қайырова - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Дәметкен Кәрімқызы Ұлттық есеп жүргізу департаментінің директоры
Кармазина - Қазақстан Республикасы Экономика және Лена Магауяновна бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры
Қасымова - Қазақстан Республикасы Энергетика және Татьяна Сұлтанқызы минералдық ресурстар министрлігі Бюджет, қаржылық рәсімдер және кадр қызметi департаментінің директоры
Колышпаева - Қазақстан Республикасы Экономика және Нина Георгиевна бюджеттік жоспарлау министрлігi Стратегиялық талдау және жоспарлау департаментінің директоры
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және Аида Дәденқызы бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры
Біртанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Есжан Амантайұлы Монетарлық операциялар департаментi директорының орынбасары (келісім бойынша)
Доможирская - Қазақстан Республикасы Экономика және Ирина Николаевна бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және болжамдар департаментi директорының орынбасары
Баймағамбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақылжан Мәлікұлы Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Жолдыбай - Қазақстан Республикасы Әділет Мақсат Орынбекұлы министрлігінің Заңға тәуелді кесімдер департаменті Заңға тәуелді кесімдердi талдау және әзірлеу басқармасының бастығы
Торғауытова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Үміт Шолтыққызы Салық комитеті Кірістерді талдау және ағымдағы болжамдау басқармасының бастығы
Өмірзақова - Қазақстан Республикасы Экономика және Сәуле Қабыкенқызы бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономикалық саясат және жоспарлау департаменті Макроэкономикалық болжамдау басқармасының бастығы
Асхатов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Рафкат Ангасынович Кедендік бақылау комитеті Энергия ресурстарын кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы энергия ресурстарын кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы
Турлина - Қазақстан Республикасы Экономика және Биян Қадырқызы бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және болжамдар департаментінің Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу басқармасы шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді болжамдау бөлімінің бастығы
Тутушкин - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Виталий Алексеевич Зерттеулер және статистика департаментінің Стратегия және талдау басқармасы монетарлық зерттеулер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Қабыкенов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Арыстан Кенжетайұлы Жиынтық-талдама департаменті Қаржылық институттарды зерттеу басқармасының талдау және зерттеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы
Шәмшінұрова - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi Салтанат Мұратқызы Заңнама департаментінің Азаматтық, әлеуметтік-экономикалық және қаржы заңнамасы басқармасы әлеуметтік- экономикалық және қаржы заңнамасы бөлімінің бас маманы
ҚР Премьер-Министрінің 2006.28.04. № 111-ө Өкімімен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 336-ө өкіміне 2-қосымша
Жұмысты үйлестіру, бақылау және Тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті шаралар кешенін пысықтау, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын және басқа да материалдарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының проблемалық мәселелерін жедел шешуге арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкіметінің Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі одан арғы іс-қимылын пысықтауға арналған ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер- Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика және Марат Әпсеметұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Сағындықов - Қазақстан Республикасы Экономика және Самат Алпысұлы бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары, хатшы
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- Асқар Раушанұлы министрi
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет вице- Дулат Рашитұлы министрi
Рахметов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Нұрлан Құсайынұлы Салық комитетінің төрағасы
Тортаев - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бауыржан Қадырұлы төрағасының орынбасары
Герасименко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Юрий Викторович Монетарлық операциялар департаментінің директоры, басқарма мүшесі (келісім бойынша)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |